Постановления | |
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 1 қарашадағы № 1250 Қаулысы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Астықты экспортқа сату жөнiндегi қызметтi лицензиялау ережесiн және оған қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы" 2007 жылғы 5 қыркүйектегi № 768 және "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 5 қыркүйектегi № 768 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" 2009 жылғы 9 қарашадағы № 1791 қаулыларының күшi жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын: 1) "Астықты экспортқа сату жөнiндегi қызметтi лицензиялау ережесiн және оған қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 5 қыркүйектегi № 768 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 33, 364-құжат); 2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 5 қыркүйектегi № 768 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 9 қарашадағы № 1791 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 55, 457-құжат). 2. Осы қаулы 2012 жылғы 31 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиiс. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi К.Мәсiмов |