Постановления | |
![]() |
Мұнай берушiлердiң шикi мұнайды және (немесе) газ конденсатын өңдеуге қол жеткiзу қағидасын бекiту туралы «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шiлдедегi Заңы 6-бабының 11) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса берiлiп отырған Мұнай берушiлердiң шикi мұнайды және (немесе) газ конденсатын өңдеуге қол жеткiзу қағидасы бекiтiлсiн. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi К. Мәсiмов |