Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 4 қарашадағы № 1293 Қаулысы
Этил спиртi және алкоголь өнiмiн өндiру мен олардың айналымы жөнiндегi декларацияларды табыс ету қағидаларын бекiту туралы«Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шiлдедегi Заңының 3-1-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса берiлiп отырған Этил спиртi және алкоголь өнiмiн өндiру мен олардың айналымы жөнiндегi декларацияларды табыс ету қағидалары бекiтiлсiн. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi К. Мәсiмов