ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Постановления  »  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Постановления

  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 30 қарашадағы № 1391 Қаулысы
"Қазақстан Республикасында лотереяларды (мемлекеттiк (ұлттық) лотереядан басқа) ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегi қызметтi лицензиялау ережесi мен оған қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы № 551 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Қазақстан Республикасында лотереяларды (мемлекеттiк (ұлттық) лотереядан басқа) ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегi қызметтi лицензиялау ережесi мен оған қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы № 551 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 22, 282-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Лотереяларды ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы";
2) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса берiлiп отырған лотереяларды ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптары бекiтiлсiн.»;
3) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген бiлiктiлiк талаптары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы 2012 жылғы 30 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиiс.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2011 жылғы 30 қарашадағы
№ 1391 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2007 жылғы 30 маусымдағы
№ 551 қаулысымен
бекiтiлген

Лотереяларды ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптары

1. Осы Бiлiктiлiк талаптарында пайдаланылатын негiзгi ұғымдар:
1) ақшалай лотереялар - тек ақша түрiндегi ұтысы бар лотереялар;
2) ақшалай-заттай лотереялар - лотереялардың нұсқаулық және әдiстемелiк материалдарда ақшалай баламада тiркелген ақша және/немесе мүлiк (ақшадан басқа) түрiндегi ұтысы бар лотереялар;
3) бiр сәттiк лотерея - ұтыс нәтижесi билет сатып алынғаннан кейiн оны дереу тексеру жолымен айқындалатын лотерея;
4) заттай лотерея - лотереялардың нұсқаулық және әдiстеме материалдарында ақшалай баламада тiркелген мүлiк (ақшадан басқа) түрiнде ұтысы бар лотерея;
5) лотерея - оның барысында лотереяны ұйымдастырушы лотерея билеттерiнiң меншiк иелерi арасында лотереяның жүлде қорына ұтыс ойының өткiзетiн ойын, бұл ретте ұтысты лотерея билеттерiн айқындау лотерея қызметiнiң субъектiлерiнiң еркi мен әрекеттерiне тәуелдi болмауға тиiс және сәттiң кездейсоқтығы болып табылады;
6) лотерея билетi - лотереядағы ұтыстың оған түсу немесе түспеу фактiсiнiң дұрыстығын кәмiл айқындау үшiн қажеттi және лотерея ұйымдастырушының нұсқаулық және әдiстеме материалының талаптарына сәйкес келетiн ақпаратты қағаз тасығыш, SМS-лотереялар үшiн керi SMS-хабарлама лотерея билетi болып табылады;
7) лотерея билеттерiн сатуға арналған жабдық - құжаттамасы мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi аудармасымен дайындаушы зауыттың көрсетiлген сипаттамаларын растайтын, лотерея билеттерiн "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексiнiң (Салық кодексi) 90-тарауына сәйкес фискалды режимде тираждық лотереяға қатысушыларға өткiзетiн жабдық
8) лотерея жабдығы - құжаттамасы мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi аудармасымен дайындаушы зауыттың көрсетiлген сипаттамаларын растайтын тираждық лотереяда ұтыс ойынын өткiзуге арналған жабдық
9) ұйымдастырушы - Қазақстан Республикасында лотереяларды ұйымдастыру мен өткiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлға;
10) лотерея қызметiнiң субъектiлерi - лотерея ұйымдастырушы, оған қатысушы, оның агентi;
11) лотереяда ұтыстарды төлеуге арналған жабдық - құжаттамасы мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi аудармасымен дайындаушы зауыттың көрсетiлген сипаттамаларын растайтын, төлем көзiнен жеке табыс салығын ұстап қалуды есепке ала отырып, тираждық лотерея бойынша ұтыстарды төлеудi жүргiзетiн жабдық
12) қатысушы — жүлде қорының ұтыс ойынына қатысуға құқық беретiн лотерея билетiне ие ұйымдастырушының құрылтайшысы немесе қызметкерi болып табылмайтын жеке тұлға немесе SМS-лотереяға қатысу үшiн сандарды және (немесе) әрiптердi, сандардың және (немесе) әрiптердiң комбинацияларын сатып алатын жеке тұлға;
13) агент - лотереяларды ұйымдастырушымен жасасқан шарттың негiзiнде лотерея билеттерiн таратуды (сатуды) жүзеге асыратын жеке және заңды тұлға (SМS-лотереялар үшiн - ұялы байланыс операторлары);
14) жүлде қоры - лотереяны өткiзу бойынша нұсқаулық және әдiстемелiк материалдарға сәйкес ұйымдастырушы қалыптастыратын және қатысушылар арасына тарататын, құны кемiнде лотерея билеттерiнiң шығарылымын, сандарды және (немесе) әрiптердi, сандардың және (немесе) әрiптердiң комбинацияларын өткiзуден алынған қаражаттарының 50 % құрайтын мүлiктер жиынтығы;
15) ұтыс - лотерея билетiне лотереяның барлық (немесе бiр бөлiгiнiң) жүлде қорының түсу фактiсi;
16) ұтыс ойыны - оның барысында ұтыс билеттерi айқындалатын лотереялар рәсiмi;
17) тираждық лотереялар - өткiзу процестерi билеттердi сатуға шығарудан бастап лотерея жабдығын пайдалана отырып, жалпы ұтыс ойынын өткiзгенге дейiн және тираж бойынша ұтыстарды бергенге дейiнгi циклдарға бөлiнетiн теледидардың тiкелей эфирiнде өткiзiлетiн лотереялар;
18) SМS-лотереялар - лотереяға қатысушы ұтыс ойынында тiркелу және қатысу үшiн лотерея ұйымдастырушыға ұялы байланыс операторлары арқылы сандардан және (немесе) әрiптерден, сандар және (немесе) әрiптер комбинацияларынан (SМS) тұратын қысқа хабарлама жiберу жолымен лотереяға қатысу үшiн ставкалардың әралуан түрiн жүзеге асыратын тираждық лотереялар. Қатысу керi SМS-хабарламаны (лотерея билетi) жiберумен расталады.
2. Өтiнiш берушiге қойылатын бүкiл ұтыс ойыны бойы өзгермейтiн бiлiктiлiк талаптары:
1) мынадай:
лотереялардың түрi;
лотереяны ұйымдастыру технологиясы;
лотереяның жүлде қорын қалыптастыру мен бөлу тәртiбi;
ұтыс ойындарының саны;
сериясы мен нөмiрлерi көрсетiле отырып (SМS-лотереяларда ұтыс ойынының саны көрсетiледi), әрбiр ұтыс ойынындағы лотерея билеттерiнiң саны;
бiр лотерея билетiнiң (SМS-лотерея үшiн - SМS-хабарламаның) құны;
жүлде қорының мүлiктерiнiң атаулары, саны мен құны;
ұтыс ойындарына қатысудың, мерзiмдерi мен нәтижелерiн көрсете отырып, ұтыстарды алудың негiзгi қағидалары туралы лотереяға қатысушыларды хабардар ету тәртiбi;
ұтыстарды (оның iшiнде ақшалай баламада алу мүмкiндiгiн көрсете отырып, заттай ұтыстарды) алу тәртiбi мен мерзiмдерi;
ұтыс ойынын өткiзу мүмкiн болмаған жағдайда лотереяға қатысушыларға лотерея билеттерiнiң (бiр сәттiк лотереялардан басқа) толық құнын қайтару тәртiбi;
лотереялардың (бiр сәттiк лотереялардан басқа) ұтыс ойынын өткiзу күнi мен орны;
алынбаған ұтыстарды сақтау мерзiмдерi (ұтыс ойыны өткiзiлген сәттен бастап кемiнде 3 ай);
сатуға шығарылатын, сатылған және сатылмаған билеттердiң есебiн жүргiзу, сондай-ақ ұтыс ойынында ұрланған билеттердiң қатысуын болдырмау тәртiбi;
сатылмаған билеттердi жою тәртiбi;
алынбаған ұтыстарды сақтау тәртiбi және ұтыстарды алу мерзiмi аяқталғаннан кейiн оларды талап ету тәртiбi;
лотерея билеттерiн есепке алу және сақтау тәртiбi туралы мәлiметтердi қамтитын лотереяларды ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегi нұсқаулық және әдiстемелiк материалдардың болуы:
"2) Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 28 тамыздағы Заңының 11-бабының 3-тармағына сәйкес әзiрленген және қабылданған iшкi бақылау қағидаларының болуы;
3) өтiнiш берушiде лотереяларды ұйымдастыруға және өткiзуге;
ұтыс ойынының өзiн (бiр сәттiк лотереяларды қоспағанда) өткiзуге қажеттi материалдық-техникалық базасының
лотерея билеттерiн, лотереяның ақша қаражатын және жүлде қорын сақтау үшiн меншiк құқығында ұйымдастырушыға тиесiлi ғимараттың (ғимарат бөлiгiнiң, үй-жайдың) болуы;
меншiк құқығында болатын, лотерея билеттерiн сатуға арналған жабдықтың (тек лотерея билеттерiн аталған жабдық арқылы өткiзу кезiнде);
меншiк құқығында болатын, лотереядағы ұтыстарды төлеуге арналған жабдықтың (тек ұтыстарды жабдық арқылы беру кезiнде);
ұтыс ойының болжамды өткiзу уақыты мен күнi көрсетiле отырып, теледидарда тiкелей трансляциялау туралы шарттың (бiр сәттiк лотереяларды қоспағанда);
лотерея билеттерiн сату агенттерiмен жасасқан үлгiлiк шарттың (SМS-лотереяларды қоспағанда) болуы;
4) қолдан жасаудан (SМS-лотереяларды қоспағанда) қорғау дәрежесiн аша отырып, лотерея билеттерiнiң үлгiлерi болуы, онда мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде:
лотерея билетiнiң құны туралы;
лотерея өткiзу шарттары туралы;
тiкелей трансляциялау мерзiмi мен орны туралы (бiр сәттiк лотереяларды қоспағанда);
ұтыстарды алу мерзiмдерi мен орындары туралы;
лотерея билетiнiң сериясы мен нөмiрi туралы;
жүлделердiң атаулары және саны туралы;
лотерея ұйымдастырушының мекенжайы, телефоны, сайты туралы ақпарат қамтылады;
5) лотереяға қатысушыларға керi SМS-хабарламаны жiберу жөнiндегi мiндеттеменi көздейтiн SМS-лотереяларды өткiзуге (тек SМS-лотереялар үшiн) ұялы байланыс операторларымен жасасқан шарттың болуы, онда:
хабарламаның тiркеу нөмiрi (лотерея билетiнiң) нөмiрi туралы;
тiкелей трансляциялаудың мерзiмдерi мен орны туралы;
ұтыстарды алу мерзiмдерi мен орны туралы;
лотерея ұйымдастырушының мекенжайы, телефоны, сайты туралы;
тегiн Саll-орталығы телефонының нөмiрi туралы мәлiметтердi қамтиды;
6) лотерея билеттерiн (SМS-хабарламаларын) күзетудi және тасымалдауды жүзеге асыратын кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттың болуы.

Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina