ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Постановления  »  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Постановления

  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 30 қарашадағы № 1404 Қаулысы
Қазақстан Республикасының энергия тиiмдiлiгiн арттырудың 2012-2015 жылдарға арналған кешендi жоспарын бекiту туралы

«Мемлекет басшысының 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың iргесiн бiрге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2011 жылғы 18 ақпандағы № 1158 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының энергия тиiмдiлiгiн арттырудың 2012-2015 жылдарға арналған кешендi жоспары (бұдан әрi - Жоспар) бекiтiлсiн.
2. Жоспардың орындалуына жауапты орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, сондай-ақ мүдделi ұйымдар:
1) Жоспарды iске асыру жөнiндегi шараларды қабылдасын;
2) жылына екi рет, 1 қаңтарға және 1 шiлдеге жартыжылдық қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiне Жоспардың iске асырылу барысы туралы ақпарат берсiн.
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi жылына екi рет, 20 қаңтарға және 20 шiлдеге жартыжылдық қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметiне Жоспардың iске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсiн.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiне жүктелсiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 2011 жылғы 30 қарашадағы
№ 1404 қаулысымен
бекiтiлген

Қазақстан Республикасының энергия тиiмдiлiгiн арттырудың 2012 - 2015 жылдарға арналған кешендi жоспары

Р/с

Iс-шаралар атауы

Аяқталу нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзiмi

Болжамды шығыстар, млн. теңге

Қаржыландыру көздерi

1

2

3

4

5

6

7

Өнеркәсiп секторы

1.

МЭТ субъектiлерiнде энергетикалық аудиттi жүргiзуге кеткен шығындарды iшiнара өтеу мүмкiндiгi туралы ұсыныс енгiзу

Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат

ИЖТМ

2012 жылғы желтоқсан

Талап етiлмейдi

-

2.

МЭТ субъектiлерiнiң отын-энергетикалық ресурстардың барлық түрлерiн iшкi техникалық есепке алуын ұйымдастыру

ИЖТМ бұйрығы

ИЖТМ

2013 жылғы желтоқсан

Талап етiлмейдi

-

3.

МЭТ-ке кiретiн өнеркәсiп секторындағы МЭТ субъектiлерi үшiн электр энергиясын тұтынуға салық енгiзудi кездейтiн ҚР Заңы жобасының тұжырымдамасын әзiрлеу

ВАК қорытындысы

ИЖТМ, ЭДСМ, Қаржыминi

2012 жылғы желтоқсан

Талап етiлмейдi

-

Электр және жылу энергиясын өндiру секторы

4.

Когенерация технологиясын қолдану мүмкiндiгiн алдын ала бағалаусыз, жобаланатын энергия көздерiнiң жылу және электр энергиясын жеке-жеке өндiруге тыйым салуды көздейтiн ҚР Заңы жобасының тұжырымдамасын әзiрлеу

ВАК
қорытындысы

ИЖТМ

2012 жылғы желтоқсан

Талап етiлмейдi

-

5.

Газды электр станциясындағы бу қазандықтарында газды тiкелей жағуға тыйым салуды енгiзудi (бу қазандықтарын газды турбиналардың кәдеге жаратушы қазандықтарымен ауыстыру) көздейтiн ҚР Заңы жобасының тұжырымдамасын әзiрлеу

ВАК қорытындысы

ИЖТМ

2012 жылғы желтоқсан

Талап етiлмейдi

-

6.

Жылу және электр энергиясын аралас өндiру бойынша қуаттарды енгiзген сәттен бастап бiрiншi бес жыл iшiнде корпоративтiк табыс салығын төлеуден босату мүмкiндiгi туралы ұсыныс енгiзу

Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат

ИЖТМ

2013 жылғы 20 қаңтар

Талап етiлмейдi

-

7.

«Шектi тарифтердi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 25 наурыздағы № 392 қаулысына электр станцияларының энергия аудитiн жүргiзгеннен кейiн шектi тарифтiң инвестициялық құрамында энергетикалық тиiмдiлiктi арттыру жөнiндегi iс-шаралар құнын есепке ала отырып, электр энергиясының шектi тарифтерiн қайта қарау бөлiгiнде түзетулер енгiзу

ҚР Үкiметiнiң қаулысы

ИЖТМ

2014 жылғы желтоқсан

Талап етiлмейдi

-

8.

Энергетикалық жабдықтың техникалық жай-күйiн бақылаудың автоматтандырылған жүйесiн құру мәселесiн пысықтау

Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат

ИЖТМ, ЭДСМ

2014
жылғы 20 шiлде

Талап етiлмейдi

-

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және бюджет секторы

9.

Облыстардың және Астана мен Алматы қалалары әкiмдiктерiнiң штаттық санына энергетикалық менеджерлердi енгiзу туралы ұсыныстар енгiзу

Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат

ИЖТМ, ЭДСМ,ЖАО

2013 жылғы 20 қаңтар

Талап етiлмейдi

-

10.

1960 жылдан 1990 жыл аралығы кезеңiнде салынған үлгiлiк бюджеттiк объектiлердiң энергетикалық аудитiн жүргiзу мәселесiн пысықтау

Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат

ҚТҮКШIА (жинақтау), ИЖТМ, «ТҮКШЖДҚО» АҚ (келiсiм бойынша)

2013 жылғы 20 қаңтар

Талап етiлмейдi

-

11.

Энергетикалық тиiмдiлiк өлшемдерiн және бюджеттiк ұйымдарды күрделi жөндеу кезiнде терможаңғыртуды енгiзу жөнiнде ұсыныстар енгiзу

Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат

ҚТҮКШIА (жинақтау), ИЖТМ, «ТҮКШЖДҚО» АҚ (келiсiм бойынша)

2013 жылғы 20 шiлде

Талап етiлмейдi

-

12.

Жыл сайын әр облыстың және Алматы мен Астана қалаларының 10 КТҮ-де жылуды тұтыну реттеудiң автоматтандырылған жүйесiн орнату және терможаңғырту элементтерiмен күрделi жөндеу үшiн инвесторлар тарту

ИЖТМ-ге ақпарат

ЖАО

2012-2015 жылғы 1 шiлде

Талап етiлмейдi

-

Салааралық шаралар

13.

МЭТ-дi енгiзу

Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат

ИЖТМ

2013 жылғы 20 қаңтар

57,334

Республикалық бюджет

14.

Энергияны үнемдеу саласындағы жобаларды қаржыландыру тетiгiн әзiрлеу

Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат

ИЖТМ

2013 жылғы 20 қаңтар

Талап етiлмейдi

-

15.

Шағын және орта кәсiпорындардың энергетикалық аудитiн жүргiзуге арналған шығындарын субсидиялау мәселесiн пысықтау

Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат

ИЖТМ, ЭДСМ, Қаржыминi

2013 жылғы 20 қаңтар

Талап етiлмейдi

-

16.

Салалар бөлiнiсiндегi МЭТ субъектiлерi (химиялық, металлургиялық, машина жасау, тау-кен металлургиялық және т.б.) бойынша энергетикалық аудит жүргiзу қағидаларын әзiрлеу мәселесiн пысықтау

Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат

ИЖТМ

2013 жылғы 20 қаңтар

Талап етiлмейдi

-

17.

Өнеркәсiп саласында қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлғалар үшiн үлгiлiк энергетикалық паспорттар әзiрлеу мәселесiн пысықтау

Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат

ИЖТМ

2013 жылғы 20 қаңтар

Талап етiлмейдi

-

18.

Жаңа энергетикалық тиiмдi жабдықты орнату арқылы өзiнiң энергетикалық тиiмдiлiгiн кемiнде 30%-ға арттырған барлық МЭТ субъектiлерiн 5 жыл iшiнде корпоративтi табыс салығын төлеуден босату мүмкiндiгi туралы ұсыныс енгiзу

Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат

ИЖТМ

2013 жылғы 20 қаңтар

Талап етiлмейдi

-

19.

Энергияны үнемдеу саласындағы iс-шараларды, оның iшiнде ИСО 50001-2011 ХС талаптарына сәйкес энергетикалық менеджмент бойынша 10 отандық маманды даярлау (оқыту) бойынша қаржыландыру үшiн халықаралық қаржы институттарын тарту

Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат

ИЖТМ

2013 жылғы 20 қаңтар

Талап етiлмейдi

-

20.

«Энергетикалық менеджмент жүйелерi. Қолдану бойынша талаптар және нұсқаулық». ҚР СТ ИСО 50001 мемлекеттiк стандартын әзiрлеу және бекiту

Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат

ИЖТМ

2013 жылғы 20 қаңтар

Талап етiлмейдi

-

21.

ИСО 50001 стандартының энергетикалық менеджмент жүйесiн енгiзуге кеткен шығындардың бiр бөлiгiн өтеу мәселесiн пысықтау

Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат

ИЖТМ, ҚТҮКШIА

2013 жылғы 20 қаңтар

Талап етiлмейдi

-

22.

ҚР экономикасының барлық салаларында қолданылатын энергия тиiмдiлiгiнiң қолданылатын (сондай-ақ қолдануға жоспарланғандар) көрсеткiштерiнiң номенклатурасын (тiзбесiн) жасау мәселесiн қарастыру

Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат

ИЖТМ,ҚТҮКШIА, Қоршағанортаминi, ТМРА

2013 жылғы 20 қаңтар

Талап етiлмейдi

-

23.

Энергия үнемдеу саласындағы көрсеткiштердi есептеудiң бiрыңғай әдiстемесiн әзiрлеу және бекiту мәселесiн пысықтау

Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат

ИЖТМ, ҚҮКШIА,Қоршағанортаминi, ТМРА

2014 жылғы 20 қаңтар

Талап етiлмейдi

-

24.

«Энергия тұтыну нормативтерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 50 қаулысына жүргiзiлген энергетикалық аудиттердiң нәтижелерi бойынша өнiм бiрлiгiне кеткен энергия тұтыну нормативтерiн қайта қарау бөлiгiнде түзетудi енгiзу

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы

ИЖТМ, ҚТҮКШIА

2014 жылғы желтоқсан

Талап етiлмейдi

-

25.

Облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының энергия үнемдеудiң кешендi жоспарларын әзiрлеу

Мәслихаттардың шешiмдерi

ЖАО

2012 жылғы қараша

Талап етiлмейдi

-

26.

ИЖТМ, ККМ және ҚТҮКШIА энергия үнемдеудiң iшкi жоспарын әзiрлеу

ИЖТМ ҚТҮКШIА, ККМ бұйрығы

ИЖТМ, ҚТҮКIША, ККМ

2012 жылғы қараша

Талап етiлмейдi

-

27.

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ энергиялық тиiмдiлiгiн арттыру және энергия үнемдеу бағдарламасын әзiрлеу

«Самұрық- Қазына» ҰӘҚ» АҚ шешiмi

«Самұрық- Қазына» ҰӘҚ» АҚ, ИЖТМ

2012 жылғы қараша

Талап етiлмейдi

-

28.

Энергия аудиторларының және энергия менеджерлерiнiң бiлiмiн тексерудiң автоматтандырылған жүйесiн енгiзу жөнiндегi мәселенi пысықтау

Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат

ИЖТМ, ЭДСМ

2014 жылғы 20 шiлде

Талап етiлмейдi

-

29.

Энергияны үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы уәкiлеттi органның энергия аудитi бойынша 20 маманын даярлау (оқыту) мәселесiн пысықтау

Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат

ИЖТМ

2013 жылғы 20 қаңтар

Талап етiлмейдi

-

30.

Ғимараттардағы энергия аудитi бойынша отандық 25 маманды даярлау (оқыту)

Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат

ИЖТМ, ҚТҮКШIА

2013 жылғы 20 қаңтар

-

Грант қаражаты есебiнен

31.

Масдар ғылым және технологиялар институтында энергияны үнемдеу бойынша отандық 100 маманды даярлау (оқыту) мәселесiн пысықтау

Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат

ИЖТМ

2013 жылғы 20 қаңтар

-

-

32.

Энергия тиiмдiлiгiн арттырудың кешендi жоспарына сәйкес әзiрленетiн Заң жобасы тұжырымдамасының шеңберiнде мемлекеттiк сатып алуда ISO 50001 және жабдықтардың энергия тиiмдiлiгi класы бар болғаны үшiн жеткiзушiлердiң бағасын шартты азайту өлшемдерiн белгiлеу мәселесiн пысықтау

Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат

ИЖТМ

2013 жылғы 20 қаңтар

Талап етiлмейдi

-

33.

Жоғарғы оқу орындарында «Жылу энергетикасы» және «Электр энергетикасы» мамандықтары бойынша iрiктеу компонентiнiң шеңберiнде «Энергия менеджментi» және «Энергия аудитi» пәндерiн енгiзу мәселесiн пысықтау

ИЖТМ-ге ақпарат

БҒМ

2013 жылғы 1 шiлде

Талап етiлмейдi

-

34.

Энергия үнемдеу саласындағы ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру мәселесiн пысықтау

Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат

ИЖТМ, БҒМ

2013-2015 жылғы 20 қаңтар

Талап етiлмейдi

БҒМ, ИЖТМ бюджеттiк бағдарламалары шеңберiнде

35.

ЭСКО заң шығарушылық негiзiн қамтамасыз етудi көздейтiн Заң жобасының тұжырымдамасын әзiрлеу

ВАК қорытындысы

ИЖТМ

2012 жылғы желтоқсан

Талап етiлмейдi

-

36.

Энергия тиiмдiлiк және энергия үнемдеу бойынша өлшеу құралдарына әдiстерiне және нәтижелерiне әдiстемелiк талаптарды бекiту мәселесiн пысықтау

Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат

ИЖТМ

2013 жылғы 20 қаңтар

Талап етiлмейдi

-

37.

Энергия үнемдеу саласында стандарттарды әзiрлеу мәселесiн пысықтау

Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат

ИЖТМ

2014 жылғы 20 қаңтар

Талап етiлмейдi

-

38.

Энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы заңнаманы бұзғаны үшiн жауаптылық туралы мәселенi пысықтау

Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат

ИЖТМ

2013 жылғы 20 қаңтар

Талап етiлмейдi

-

Пилоттық жобалар

39.

Мектепте «Энергияны үнемдеу негiздерi» атты сынып сағатын енгiзу

ИЖТМ-ге ақпарат

БҒМ

2013 жылғы 1 шiлде

Талап етiлмейдi

-

40.

Астана қаласының оң жағалауының аэрожылуфототүсiрiлiмiн жүргiзу мәселесiн пысықтау

ИЖТМ-ге ақпарат

Астана қаласының әкiмдiгi, ИЖТМ

2012 жылғы желтоқсан

Талап етiлмейдi

-

41.

Энергия тиiмдiлiгi орталықтарын салу

Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат

ҚТҮКШIА, ИЖТМ

2013 жылғы 20 қаңтар

3 257,4

Республикалық бюджет

42.

Ақсу қаласының көшелерiн жарықтандыруды жанғырту мәселесiн пысықтау

ИЖТМ-ге ақпарат

Павлодар облысының әкiмдiгi, КТҮКШIА

2012 жылғы желтоқсан

Талап етiлмейдi

-

43.

Сәтбаев қаласының барлық мектептерiнде автоматтандырылған жылу пункттерiн орнату мәселесiн пысықтау

ИЖТМ-ге ақпарат

Қарағанды облысының әкiмдiгi, ҚТҮКШIА

2013 жыл

Талап етiлмейдi

-

Халықтың хабардарлығын арттыру

44.

Энергияны үнемдеудi насихаттау мәселесiн пысықтау

Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат

ИЖТМ

2013-2015 жылғы 20 қаңтар

Талап етiлмейдi

-

45.

Жылына 1 рет «Энергия үнемдеу күнiн» өткiзу мәселесiн пысықтау

Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат

ИЖТМ

2013-2015 жылғы 20 қаңтар

Талап етiлмейдi

-

Ескертпе:
аббревиатуралардың толық жазылуы:

ИЖТМ Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа
технологиялар министрлiгi
ККМ Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация
министрлiгi
ЭДСМ Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және
сауда министрлiгi
Қаржыминi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi
Қоршағанортаминi Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау
министрлiгi
БҒМ Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым
министрлiгi
ТМРА Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды
реттеу агенттiгi
ЖАО жергiлiктi атқарушы органдар
ЭСКО энергиялық сервистiк компания
ҚТҮКШIА Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық iстерi агенттiгi
«ТҮКШЖДҚО» АҚ «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен
дамытудың қазақстандық орталығы» акционерлiк
қоғамы
КТҮ көп пәтерлi тұрғын үй
ВАК ведомствоаралық комиссия
МЭТ мемлекеттiк энергетикалық тiзiлiм

Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina