ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Постановления  »  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Постановления

  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 1450 Қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Грузия Үкiметi арасында Терроризмге, есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына, ұйымдасқан және өзге де қылмыс түрлерiне қарсы күрестегi ынтымақтастық туралы келiсiмдi бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. 2005 жылғы 31 наурызда Астанада жасалған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Грузия Үкiметi арасында Терроризмге, есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына, ұйымдасқан және өзге де қылмыс түрлерiне қарсы күрестегi ынтымақтастық туралы келiсiм бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi К. Мәсiмов
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2011 жылғы 5 желтоқсандағы
№ 1450 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Грузия Үкiметi арасында Терроризмге, есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына, ұйымдасқан және өзге де қылмыс түрлерiне қарсы күрестегi ынтымақтастық туралы
КЕЛIСIМ
Бұдан әрi «Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Грузия Үкiметi,
терроризмге, есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресу мақсатында ынтымақтастықтың маңызды мәнi бар екенiне көз жеткiзе отырып,
терроризмге қарсы бiрлесiп күрес жүргiзудегi өздерiнiң ниеттерiн растай отырып,
есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымының және оларды терiс пайдалану үрдiсiнiң өсуiне алаңдаушылық бiлдiре отырып,
заңсыз көшi-қонға және экономика саласындағы қылмыстарға қарсы күрес жөнiнде тиiмдi шаралар қабылдауға ниет бiлдiре отырып,
төмендегiлер туралы келiстi:
1-бап
Егер Тараптар мемлекеттерiнiң аумақтарында қылмыс жасалатын немесе оларға дайындық жүргiзiлетiн болса Тараптар өз мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамаларына сәйкес ұйымдасқан қылмысқа, есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына, терроризмге қарсы күрес саласында ынтымақтастықты жүзеге асырады.
2-бап
Терроризмнiң қандай да бiр көрiнiстерiне қарсы күресу үшiн Тараптар өз мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамаларына сәйкес, сондай-ақ осы Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес:
1) терроризмнiң жоспарланған және жасалған актiлерi туралы, террористiк ұйымдар мен топтар, сондай-ақ мұндай қылмыстарға қатысатын адамдар туралы, мұндай қылмыстарды жасаудың нысандары мен әдiстерi және пайдаланатын құралдар туралы ақпаратпен, сондай-ақ терроризмге қарсы күресу және Тараптардың қоғамдық және мемлекеттiк қауiпсiздiгiне қауiп төндiретiн қылмыстардың жолын кесу үшiн қажеттi мәлiметтермен алмасады;
2) террористiк ұйымдар мен террористiк iс-әрекетке қатысы бар адамдарға көрсетiлетiн қолдау, оның iшiнде қаржыландыру көздерi туралы ақпаратпен алмасады;
3) қару-жарақты, оқ-дәрiлердi, әскери техниканы, жарылғыш және улы заттарды, ядролық және радиоактивтi материалдарды заңсыз сатумен айналысатын адамдар мен ұйымдар туралы, сондай-ақ олардың Тараптар мемлекеттерiнiң аумағы бойынша жүрiп-тұру арналары туралы ақпаратпен алмасады;
4) террористiк сипаттағы қылмыстардың алдын алуға, анықтауға, жолын кесуге бағытталған Тараптардың бiреуiнiң сұрау салуы бойынша жедел-iздестiру iс-шараларын өткiзедi;
5) терроризмге қарсы күрес, террористiк көрiнiстерге қарсы iс-қимылдың нысандары мен әдiстерiне қатысты тәжiрибе алмасу мәселелерi бойынша бiрлескен жұмыс кездесулерi мен консультациялар өткiзедi.
3-бап
Құрамында есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар өсiмдiктердi заңсыз өсiрудiң, есiрткi құралдары мен психотроптық заттарды, прекурсорларды өндiрудiң, оларды дайындауға пайдаланылатын құрал-саймандардың немесе жабдықтардың заңсыз айналымының жолын кесу үшiн Тараптар өз мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамаларының негiзiнде:
1) есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына тартылған адамдар туралы; осы адамдардың жасырын баспаналары, көлiк құралдары және жұмыс әдiстерi туралы; есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың шығу жерi мен мақсаты туралы ақпаратпен, сондай-ақ есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлармен байланысты қылмыстардың алдын алуға және жолын кесуге қажеттi өзге де ақпаратпен алмасады;
2) есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымының әдiстерi туралы ақпаратпен алмасады;
3) есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымымен және оларды терiс пайдаланумен байланысты қылмыстар бойынша криминалистикалық және криминологиялық зерттеулердiң нәтижелерiмен алмасады;
4) терiс мақсатта пайдаланылатын есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың үлгiлерiн бiр-бiрiне ұсынады;
5) есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңды айналымын осы салада болуы мүмкiн терiс пайдалануларға баса назар аудара отырып, бақылау жөнiнде тәжiрибе алмасады;
6) есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымын болдырмау жөнiнде келiсiлген шаралар қабылдайды.
4-бап
Қылмысты, әсiресе ұйымдасқан қылмысты анықтауда, алдын алуда, жолын кесуде және оның деңгейiн төмендетуде ынтымақтастықты жүзеге асыра отырып, Тараптар:
1) ұйымдасқан қылмыстық әрекетке тартылған адамдар, қылмыскерлердiң байланыстары, ұйымдасқан қылмыстық топтардың құрылымы, жекелеген қылмыскерлер мен ұйымдасқан қылмыстық топтардың қарым-қатынастары, iстер бойынша фактiлер туралы (әсiресе, қылмыстың жасалған уақыты, орны және әдiсi туралы), қылмыстардың дәрежесi мен түрлерi, қабылданған шаралар, мұндай қылмыстарды ескертуге және жолын кесуге қажет деңгейде iске қатысты басқа да кез-келген детальдар туралы ақпаратпен алмасады;
2) Тараптардың бiреуiнiң сұрау салуы бойынша сұрау салып отырған Тарап мемлекетiнiң ұлттық заңнамасында көзделген жедел және тергеу iс-шараларын жүзеге асырады;
3) халықаралық қылмыс жасаудың әдiстерi мен оның жаңа нысандары саласындағы ақпаратпен және тәжiрибемен алмасады;
4) өздерiнiң криминалистикалық, криминологиялық және басқа да iске қатысты криминалдық зерттеулердiң нәтижелерiмен алмасады. Тергеу және өздерiнiң жұмыс әдiстерiн пайдалану жөнiндегi өздерiнiң тәжiрибесi және жабдықтары туралы оларды жетiлдiру мақсатында өзара бiр-бiрiне хабарлайды;
5) ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөнiнде өзара iс-қимыл жасасуды нығайту мақсатында мамандардың бiлiктiлiгiн арттыру үшiн оларды өзара тағылымдамадан өткiзедi, криминалистикалық, криминологиялық және сот-медициналық сараптама саласындағы тәжiрибемен және ғылыми жетiстiктермен алмасады;
6) қажет болған жағдайда ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөнiнде бiрлескен iс-шараларды жүзеге асырады, оларды дайындау және оны iске асыру үшiн жұмыс кездесулерiн өткiзедi.
5-бап
Сонымен қатар Тараптар ынтымақтастығы мыналарды:
1) заңсыз өндiрiлген табыстарды заңдастыруға, сондай-ақ заңсыз қаржы операцияларына қарсы күрестегi ынтымақтастықты;
2) қылмыстық iс-әрекет нәтижесiнде туындаған заңсыз табыстар туралы ақпаратпен алмасуды;
3) заңсыз көшi-қонға қарсы күрес саласындағы тәжiрибемен және нормативтiк актiлермен, сондай-ақ Тараптар мемлекеттерiнiң аумағына шетелдiктердiң келу тәртiбiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлермен алмасуды;
4) адамдарды сатуға қарсы күресте екiншi Тарап үшiн қажеттi, сондай-ақ заңсыз көшi-қонды ұйымдастыруға қатысы бар заңды және жеке тұлғаларға және көшiп-қонушыларды ауыстырудың анықталған арналарына қатысты ақпаратпен алмасуды қамтиды;
5) осы Келiсiмде көрсетiлген қылмыстық iс-әрекеттерге қарсы күрес саласындағы нормативтiк актiлермен алмасуды қосады.
6-бап
1. Осы Келiсiмнiң ережелерiн орындау мақсатында барлық байланыстар тiкелей Тараптар мемлекеттерiнiң орталық құзыреттi органдары арасында жүзеге асырылатын болады.
2. Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн Тараптар мемлекеттерiнiң орталық құзыреттi органдары мыналар болып табылады:
1) Қазақстан тарапынан:
Бас Прокуратура,
Ұлттық қауiпсiздiк комитетi,
Iшкi iстер министрлiгi,
Қаржы министрлiгi,
Әдiлет министрлiгi,
Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi агенттiгi (қаржы полициясы).
2) Грузия тарапынан:
Iшкi iстер министрлiгi,
Сыртқы арнайы барлау қызметi,
Қаржы министрлiгiнiң кеден департаментi,
Грузияның қаржы мониторингi қызметi.
3. Тараптар мемлекеттерiнiң орталық құзыреттi органдары өз мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамасы шеңберiнде бiр-бiрiмен тiкелей ынтымақтасады және жеке Хаттамада өз ынтымақтастығының белгiлi бiр салалары мен нысандарын белгiлеуi мүмкiн.
4. Әрбiр Тарап орталық құзыреттi органдардың тiзбесiндегi өзгерiстер туралы екiншi Тарапқа уақытылы дипломатиялық арналар бойынша хабарлап отырады.
7-бап
1. Ақпаратпен алмасу және осы Келiсiмде көзделген iс-әрекеттердi жүзеге асыру туралы сұрау салулар Тараптар мемлекеттерiнiң орталық құзыреттi органдарына жазбаша түрде жiберiледi. Сұрау салуда мыналар көрсетiледi:
1) сұрау салып отырған орган, сондай-ақ сұрау салу жiберiлген орган анықтайтын дәлелденген тұжырымдама;
2) көмек көрсетудi сұратуға байланысты iстiң сипаттамасы;
3) сұрау салудың мазмұны, сондай-ақ оның орындалуы үшiн қажеттi мәлiметтер;
4) қажет болған жағдайда сұраудың орындалу мерзiмдерi.
Шұғыл жағдайларда Тараптар мемлекеттерiнiң орталық құзыреттi органдары осы Келiсiмнiң ережелерiн орындау туралы ауызша түрде алдын ала өтiнiш жасайды, содан кейiн дереу қағаз жөнiнде жазбаша түрде расталуы тиiс.
2. Егер сұрау салып отырған Тарап сұрау салудағы ақпаратты жеткiлiксiз деп тапса, ол қосымша ақпарат сұратуы мүмкiн. Тараптар мемлекеттерiнiң құзыреттi органдары сұрау салуларды дереу арада орындайды.
8-бап
Ынтымақтастық барысында ұсынылған дербес деректердi қорғау мақсатында Тараптар өз мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамаларына сәйкес мынадай шарттарды сақтайды:
1) сұрау салатын Тарап дербес деректердi тек сұрау салынатын Тарап белгiлеген мақсаттарда және жағдайларда ғана пайдаланады;
2) сұрау салынатын Тараптың сұрауы бойынша сұрау салатын Тарап жеткiзiлген дербес деректердi пайдаланғаны және осы ретте алынған нәтижелер туралы ақпарат ұсынады;
3) дербес деректер тек 6-бапта айқындалған және осы Келiсiмде көзделген қылмыстарға қарсы күрестi жүзеге асыратын орталық құзыреттi органдарға ғана жiберiлуi мүмкiн. Дербес деректер басқа билiк органдарына сұрау салынатын органның тек жазбаша келiсiмiмен ғана берiлуi мүмкiн;
4) сұрау салынатын Тарап берiлуi тиiс, сондай-ақ беруге қажеттi дербес деректердiң дұрыстығына көз жеткiзедi. Бұл ретте сұрау салынатын Тарап мемлекетiнiң ұлттық заңнамасында белгiленген дербес деректердiң жеткiзiлуiн шектеу сақталады. Егер дұрыс емес немесе шектелген дербес деректер жiберiлгенi дәлелденсе, онда сұрау салатын Тарап дереу бұл туралы хабарландырылады. Ол қажеттi түзетулер енгiзедi немесе дереу шектеулi дербес деректердi жояды;
5) мүдделi адамға оның өтiнiшi бойынша сұрау салынатын Тарап мемлекетiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес оған қатысты берiлген дербес деректер және оларды пайдалану мақсаттары туралы анықтама берiлуi мүмкiн;
6) дербес деректердi жiберу кезiнде сұрау салынатын Тарап өз мемлекетiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес осы дербес деректердi жою үшiн ең ақырғы мерзiмдi белгiлейдi. Осыған қарамастан жеткiзiлген дербес деректер егер олар қажетсiз болған жағдайда жойылуы тиiс. Әрбiр Тарап алынған дербес деректердiң жойылғаны және мұндай жоюдың негiзi туралы тез арада екiншi Тарапқа хабарлайды. Алынған дербес деректер осы Келiсiмнiң қолданылу мерзiмi тоқтатылған кезде жойылады;
7) әрбiр Тарап дербес деректердi жiберу, алу және жою регистрiн жүргiзедi;
8) Тараптар алынған дербес деректердi санкциясыз алудан, өзгертуден немесе жариялаудан қорғайды.
9-бап
1. Тараптар осы Келiсiмдi орындау мақсатында алмасу нәтижесiнде алынған барлық деректер мен ақпараттарды Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамаларына сәйкес қорғауға кепiлдiк бередi. Беретiн Тарап белгiлеген қорғау дәрежесi өзгертiлмеуi тиiс.
2. Осы Келiсiмге сәйкес жеткiзiлген құжаттар, деректер мен техникалық жабдықтар сұрау салынатын Тараптың тек жазбаша түрдегi келiсiмiмен ғана үшiншi мемлекетке берiлуi мүмкiн.
10-бап
1. Осы Келiсiмдi орындау жөнiндегi шығыстарды Тараптар олардың өздерiнiң мiндеттемелерiн орындау үшiн қажет шегiнде өздерiнiң ұлттық заңнамаларына сәйкес төлейдi.
2. Қажет болған жағдайда Тараптар осы Келiсiмнен туындайтын iс-әрекеттердi жүзеге асыруға арналған шығыстарды бiрге көтередi, ол әрбiр нақты жағдайда өзара келiсiлген уағдаластықпен ресiмделедi. Бiрлескен шығыстар бойынша Тараптардың мiндеттемелерi осы уағдаластықтармен реттеледi.
11-бап
1. Осы Келiсiмнiң ережелерiн iске асыру мақсатында Тараптар бiрлескен комиссия құруы мүмкiн. Комиссияның құрамы туралы Тараптар дипломатиялық арналар бойынша бiр-бiрiн хабарландырады.
2. Бiрлескен комиссияның отырысы қажеттiлiгiне қарай Тараптар мемлекеттерiнiң аумақтарында кезек-кезек өткiзiледi.
12-бап
1. Сұрау салынатын Тарап, егер сұрау салуды орындау сұрау салынатын Тарап мемлекетiнiң егемендiгiне, қауiпсiздiгiне зиян келтiретiн болса немесе ұлттық заңнамасына қарама-қайшы келсе сұрау салуды орындаудан толық немесе iшiнара бас тартуы мүмкiн.
2. Сұрау салуды орындаудан немесе оны жартылай орындаудан бас тартқан жағдайда бұл туралы бас тартудың немесе жартылай орындаудың себептерiн көрсете отырып, сұрау салатын Тарапқа жазбаша түрде хабарлайды.
13-бап
Тараптар ынтымақтастықты жүзеге асыру кезiнде осы Келiсiмнiң шеңберiнде орыс тiлiн пайдаланады.
14-бап
Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн, олар осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiктерi болып табылатын Хаттамалармен ресiмделедi.
15-бап
Осы Келiсiм Тараптар мемлекеттерi қатысушылары болып табылатын басқа да халықаралық шарттардан туындайтын құқықтар мен мiндеттемелердi қозғамайды.
16-бап
1. Осы Келiсiм оның күшiне енуiне қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi Тараптардың орындауы туралы соңғы жазбаша хабарлама алған күнiнен бастап күшiне енедi.
2. Осы Келiсiм белгiленбеген мерзiмге жасалады және Тараптардың бiрi екiншi бiр Тараптың өзiнiң осы Келiсiмнiң қолданысын тоқтату ниетi туралы жазбаша хабарлама алған күнiнен бастап алты ай өткенге дейiн күшiнде болады.
Астана қаласында 2005 жылғы 31 наурызда әрқайсысы қазақ, грузин және орыс тiлдерiнде екi данада жасалды әрi барлық мәтiндердiң күшi бiрдей.
Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тiлiндегi мәтiнге жүгiнедi.
Қазақстан Республикасының Грузия
Үкiметi үшiн Үкiметi үшiн


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina