Постановления | |
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 1458 Қаулысы Жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен қызметкерлерге сүт, емдiк-профилактикалық тағам, арнайы киiм, арнайы аяқ киiм және басқа да жеке қорғану құралдарын беру, ұжымдық қорғану құралдарымен, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету қағидаларын; жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен қызметкерлерге сүт беру нормаларын; жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен қызметкерлерге емдiк-профилактикалық тағам беру нормаларын бекiту туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексiнiң 15-бабы 20) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса берiлiп отырған: 1) Жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен қызметкерлерге сүт, емдiк-профилактикалық тағам, арнайы киiм, арнайы аяқ киiм және басқа да жеке қорғану құралдарын беру, ұжымдық қорғану құралдарымен, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету қағидалары; 2) жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен қызметкерлерге сүт беру нормалары; 3) жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен қызметкерлерге емдiк-профилактикалық тағам беру нормалары бекiтiлсiн. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi К. Мәсiмов |