ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Постановления  »  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Постановления

  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 8 ақпандағы № 97 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Бәсекелестiктi қорғау агенттiгiнiң (Монополияға қарсы агенттiк) 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң 62-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Бәсекелестiктi қорғау агенттiгiнiң (Монополияға қарсы агенттiк) 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi К. Мәсiмов
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2011 жылғы 8 ақпандағы
№ 97 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Бәсекелестiктi қорғау агенттiгiнiң

(Монополияға қарсы агенттiк) 2011 – 2015 жылдарға арналған

стратегиялық жоспары

1. Миссиясы мен пайымдауы

Миссиясы: Бәсекелестiктi қорғау, монополистiк қызметтi шектеу, жосықсыз бәсекеге жол бермеу және мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдарды бәсекелестiктi қорғау және монополистiк қызметтi шектеу саласында салааралық үйлестiру.
Пайымдауы: Адал бәсекелестiктi дамыту үшiн қолайлы жағдайлар қалыптастыруға бағытталған бәсекелестiктi қорғаудың тиiмдi жүйесi.
2. Ағымдағы жағдайды және бәсекелестiктi қорғау және

монополистiк қызметтi шектеу саласында даму үрдiстерiн

талдау

Стратегиялық бағыт: Бәсекелестiктi дамыту үшiн қолайлы жағдайлар жасау.
Монополияға қарсы қызметтi дамытудың негiзгi параметрлерi.
Макроэкономикалық саясаттың негiзгi мiндетi бизнестi жүргiзу, қоғамның қажеттiлiгiн неғұрлым толық қанағаттандыру үшiн компаниялар мен нарықтарды дамыту үшiн қолайлы нарықтық ортаны қалыптастыру болып табылады. Сондықтан мемлекет iске асыратын экономикалық саясат бәсекелестiк қағидаттарға негiзделуi тиiс. Бәсекелестiктi дамыту – кешендi мiндет, оны шешу үшiн барлық мемлекеттiк органдар жауапты болады.
Бәсекелестiк саясат мемлекеттiң нарық субъектiлерiнiң жарыспалылығы, экономиканың тиiмдiлiгi мен бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру, кәсiпорындарды жаңғырту және азаматтардың тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтерге қажеттiлiгiн экономикалық тиiмдi тәсiлмен қамтамасыз ету үшiн жағдай жасау мақсатында жүзеге асыратын дәйектi шаралар кешенiн құрайды.
Бәсекелестiк саласындағы Қазақстан Республикасының саясаты мемлекеттiк реттеу жүйесiн реформалауда басты рөл атқарады, себебi мемлекеттiк басқару жүйесi экономикалық және әлеуметтiк нормалардың сапасын талап етедi және заңдарды, оның iшiнде бәсекелестiктi қорғайтын заңдарды қолдануды негiздейдi.
Қазақстан Республикасы Конституциясында әркiмнiң кәсiпкерлiк қызмет еркiндiгiне, өз мүлкiн кез келген заңды кәсiпкерлiк қызмет үшiн еркiн пайдалануға құқығы көзделген. Монополистiк қызмет заңмен реттеледi, әрi шектеледi. Жосықсыз бәсекеге тыйым салынады.
Дамудың, бәсекеге қабiлеттi экономиканы күшейтудiң ұзақ мерзiмдi даму бағдарлары Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясында негiзi қаланды. Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясында экономиканың бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттырудың нарықтық тетiктерi ретiнде бәсекелестiк нарықтарды және монополияға қарсы реттеудiң сенiмдi құралдарын құру айқындалған.
Негiзгi проблемаларды талдау.
Қазақстан Республикасы Бәсекелестiктi қорғау агенттiгi (Монополияға қарсы агенттiк) (бұдан әрi – Агенттiк) бәсекелес ортаның жай-күйiн бағалау, тауар нарықтарын дамыту, әлеуеттi бәсекелестер үшiн нарыққа «кiру» және «шығу» кедергiлерiнiң болуы немесе болмауы, бәсекелестiкке терiс әсер ететiн нормативтiк құқықтық актiлердi анықтау мақсатында талдаулар жүргiзедi.
2009 жылы Агенттiк тауар нарықтарының барлығы 60 тобын талдады, 2010 жылдың 1-шi жарты жылдығында 12 талдау жүргiзiлдi, оның нәтижелерi ұзақ уақыт бойы темiр жол саласы, отын-энергетикалық кешен және телекоммуникациялық сектор монополияландырылған және жоғары шоғырландырылған нарық болып қалып отырғандығын көрсетедi. Аталған салалар экономика құраушы болып табылғандықтан, сабақтас салаларда бәсекенiң дамуына айтарлықтай әсер етедi. Экономиканың көрсетiлген салаларын монополиясыздандыру жөнiнде қабылданған шешiмдер аяқталмаған болып қала бередi.
Экономикаға мемлекеттiң қатысу үлесi төмендемей отыр, оның iшiнде жыл сайын мемлекет қатысатын кәсiпорындар санының артуы байқалады, бұл бәсекелес ортаға керi әсер етедi. Бұл ретте бәсекенiң болмауы жағдайларында мемлекеттiк кәсiпорындар көрсететiн негiзгi қызметтерiнiң сапасы өте төмен, ал олардың қызметi тиiмсiз және экономикалық жағынан орынсыз. Мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындардың 85 %-ға жуығы (3291) және шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындардың 60 %-ы (461) залалды болып табылады немесе нөлдiк нәтижеге ие.
2010 жылғы 1 шiлдедегi жағдай бойынша Агенттiкке мемлекеттiк кәсiпорындардан және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардан құруға және одан әрi жүргiзетiн қызметтерiн жүзеге асыруға 4213 (оның iшiнде 2009 жылы - 1868) қолдаухат келiп түстi.
Тауар нарықтарының сол және өзге сегменттерiн кешендi зерттеу жүйелi негiзде неғұрлым терең ғылыми бiлiмдi талап етедi. Бұдан басқа, жекелеген жағдайларда тауар нарығын толық және егжей-тегжейлi талдау талап етiледi. Аталған жұмыс консалтингтiк қызметтердi көрсету үшiн түрлi салаларда сарапшыларды (мамандарды) тартуды талап етедi.
Жыл сайын тауар нарықтарындағы бәсекелестiктi шектеуге алып келетiн монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтар саны артуда. Бұдан басқа, мемлекеттiк органдар тарапынан монополияға қарсы заңнаманы бұзудың деңгейi өсуде.
2010 жылдың бiрiншi жарты жылдығында тағайындалған 71 тергеуден, сондай-ақ iшiнара бiрiктiрiлген және тергеу объектiлерi бас кәсiпорынның орналасқан жерi бойынша 20 тергеуден (2009 жылдан өткен 17 тергеудi есепке алғанда) 65-i, оның 56-сы бұзушылықтар анықтала отырып аяқталды.
Агенттiк пен оның аумақтық бөлiмшелерi әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 125 iс қозғады (2009 жылдың 1-шi жарты жылдығының қорытындысы бойынша 136 iс қозғалды), оның iшiнде Агенттiк – 78 iс, сот – 18 iс қарады.
Монополияға қарсы заңнаманың түрлi бұзушылықтарына жүргiзiлген тергеу нәтижелерi бойынша монополияға қарсы орган оларды жою туралы 6 нұсқама шығарды. 2009 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда көрсеткiш 4 еседен аса азайды (2009 жылғы ұқсас кезеңде - 26 нұсқама).
2010 жылдың 1-шi жарты жылдығында монополияға қарсы заңнаманы бұзғаны үшiн бюджетке 23,8 млн. теңге түстi, өткен жылғы ұқсас кезеңдегi бюджетке түскен түсiм 1,8 млрд. теңгенi құрады.
2009 жылғы 1 қаңтардан бастап кәсiпкерлiк белсендiлiктiң өсуiн ынталандыруға, мемлекеттiң кәсiпкерлiк қызметке терiс араласуын шектеуге, монополистiк қызметтi шектеу нысандары мен әдiстерiн жетiлдiруге және жосықсыз бәсекеге жол бермеуге бағытталған «Бәсекелестiк туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгiзiлдi.
Халықаралық бәсеке желiсiнiң және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының сарапшылары дамушы елдерге бәсекелестiктi адвокаттандыруды басымдық ретiнде айқындауды ұсынады.
Негiзгi сыртқы және iшкi факторларды бағалау
Ел iшiндегi ахуалды бағалау экономиканың көптеген салаларында бәсекенiң жеткiлiктi дамымағандығын көрсетедi. Бәсекелестiктiң дамуын тежейтiн негiзгi iшкi факторлар тозығы жеткен активтер, ескiрген технологиялар, бәсекелестiктi шектеу, қандай да бiр саладағы қатынастарды реттейтiн жетiлген нормативтiк құқықтық базаның болмауы, оның iшiнде табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметтерге тең қолжетiмдiлiгiнiң болмауы, көптеген тауарлар бойынша елдiң импортқа тәуелдiлiгi және т.б. болып табылады.
Бұдан басқа, нарық субъектiлерiнiң мысалы, темiр жол, телекоммуникациялар саласында аффилиирлену әсерi үлкен, өнiмсiз делдал құрылымдарының болуы.
Әсер етудiң негiзгi сыртқы факторлар тобына трансұлттық бiрiгулер санының артуымен және трансшекаралық монополистiк қызметтi кеңейтумен қоса жүретiн әлемдiк экономиканы жаһандандыру жатады.
Қазiргi уақытта халықаралық ынтымақтастықты күшейту қажет, бұл қажеттiлiк Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiнiң Кеден одағы және Бiрыңғай экономикалық кеңiстiк туралы шарттарға қол қойғаннан кейiн келiсiлген, әрi бiрыңғай монополияға қарсы саясатты жүргiзу үшiн алғышарттардың құрылуына негiзделедi. Бұл алдағы уақытта бүкiл ТМД шеңберiнде осыған ұқсас үрдiстердiң таралуына сенуге мүмкiндiк бередi.
Бұл ретте, көптеген монополияға қарсы органдар өздерiнiң басымдықты мiндеттерiне монополияға қарсы саясат жүргiзудi ғана емес, сонымен қатар бәсекелестiктi қорғаудың бiртектi ережелерiн қалыптастыруды қояды, бұл бiрыңғай экономикалық кеңiстiктi құруда айрықша өзектi болады.
Осыған байланысты бәсекелестiк саясат саласында Қазақстан Республикасының халықаралық ынтымақтастығын дамыту Қазақстанның iшкi нарығында бәсекелестiктi қорғауды қамтамасыз ететiн және қазақстандық экспорттаушылар мен инвесторлардың сыртқы нарықтарға кiруiне жәрдемдесетiн маңызды фактор болып табылады.
Бәсекелестiк саласында халықаралық ынтымақтастықты дамытуды ынталандыруға бағытталған шаралар ретiнде:
монополияға қарсы органның әлемнiң бәсекелестiк ведомстволарын бiрiктiретiн Халықаралық бәсеке желiсiнiң қызметiне қатысуын жандандыру, бұл бәсекелестiктi реттеудiң көпжақты ережелерiн және бәсекелестiк саясатты дамытудың өзектi проблемаларын шешу жолдарын талқылауға қатысуға мүмкiндiк бередi;
Монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекетаралық кеңес шеңберiнде, оның iшiнде трансшекаралық нарықтарда монополияға қарсы заңнаманың бұзылуына бiрлесiп тергеу жүргiзу арқылы ТМД-ға қатысушы елдердiң монополияға қарсы органдарымен ынтымақтастықты дамыту;
Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының Кеден одағы шеңберiнде бәсекелестiк қатынастарды реттеу жүйесiн құру;
халықаралық ұйымдар - донорлармен (Дүниежүзiлiк Банк, Еуропалық Одақ, Америка Құрама Штаттардың халықаралық даму жөнiндегi агенттiгi, Еуропа Қайта құру және Даму Банкi және басқ.) өзара iс-қимылды күшейту қажет.
3. Стратегиялық бағыттары, мақсаттары, мiндеттерi, мақсатты индикаторлары, iс-шаралар және нәтиже көрсеткiштер

3.1. Стратегиялық бағыттары, мақсаттары, мiндеттерi, мақсатты индикаторлары, iс-шаралары және нәтиже көрсеткiштерi

Ескерту. 3.1-кiшi бөлiмге өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2011.12.05 № 1466 Қаулысымен.
Стратегиялық бағыты: Бәсекелестiктi дамыту үшiн қолайлы жағдай жасау
Мақсаты: Бәсеке дамымаған нарықтар санын азайту
Осы мақсатқа қол жеткiзуге бағытталған бюджеттiк бағдарламаның кодтары 001, 002


Мақсатты индикаторлар (қол жеткiзудiң соңғы мерзiмiн (кезеңдi көрсете отырып)

Ақпарат көзi

Өлшем бiрлiгi

есептi кезеңде

жоспарлы кезеңде

2009 жыл (есеп)

2010 жыл (жоспар)

2011
жыл

2012
жыл

2013
жыл

2014
жыл

2015
жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1. Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелетiн қызметтерiнiң (тауарларының, жұмыстарының) тiзбесiн қысқарту

«Табиғи монополиялардың реттелетiн қызметтерiнiң (тауарларының және жұмыстарының) тiзбесiн бекiту» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы

бiрл.

-

-

1

1

1

1

1

2. Алып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2011.12.05 № 1466 Қаулысымен.

3. Алып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2011.12.05 № 1466 Қаулысымен.

4. ДЭФ Ғаламдық бәсекеге қабiлеттiлiк рейтингiнде «нарық үстемдiгiнiң дәрежесi» қосалқы индексiн арттыру

ДЭФ жариялайтын есеп

орын

87

91

90

80

79

78

77

5. ДЭФ Ғаламдық бәсекеге қабiлеттiлiк рейтингiнде «қаржылық қызметтердiң қолжетiмдiлiгi» қосалқы индексiн арттыру

ДЭФ жариялайтын есеп

орын

-

102

101

99

98

97

96

6. ДЭФ Ғаламдық бәсекеге қабiлеттiлiк рейтингiнде «мемлекеттiк орган қабылдайтын шешiмдердiң ашықтығы» қосалқы индексiн арттыру

ДЭФ жариялайтын есеп

орын

-

75

74

46

45

44

43

Мақсатты индикаторға қол жеткiзу жолдары, құралдары және әдiстерi
1-мiндет. Тауар нарықтарындағы жағдайға жедел ден қою және оны болжау

Тiкелей нәтижелер көрсеткiштерi

Ақпарат көзi

Өлшем бiрлiгi

есептi кезең

жоспарлы кезең

2009 жыл (есеп)

2010 жыл (жоспар)

2011
жыл

2012
жыл

2013
жыл

2014
жыл

2015
жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1. Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiнде тұратын нарық субъектiлерiн мониторингпен қамту пайызы

Нарық субъектiлерiнiң есебi

%

100

100

100

100

100

100

100

2. Тауар нарықтарына жүргiзiлген талдаулардың саны

Агенттiктiң есебi

бiрл.

24

25

28

30

32

34

36

3. Тауар топтарын талдаумен қамту пайызы

Агенттiктiң есебi

%

12

12

13

14

15

20

21

Тiкелей нәтижелер көрсеткiштерiне қол жеткiзуге арналған iс-шаралар

жоспарлы кезеңде iске асыру мерзiмi

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

1. Тауар нарықтарына талдаулар жүргiзу

Х

Х

Х

Х

Х

2. Экономикалық шоғырлануға қолдаухаттарды қарау бойынша мемлекеттiк қызмет көрсету

Х

Х

Х

Х

Х

3. Мемлекеттiк қызметтiң стандарты мен регламентiн әзiрлеу

Х

-

-

-

-

2-мiндет. Бәсекелестiк нарықтарда мемлекеттiң рөлiн азайту (шектеу)

Тiкелей нәтижелер көрсеткiштерi

Ақпарат көзi

Өлшем бiрлiгi

есептi кезең

плановый период

2009 жыл (есеп)

2010 жыл (жоспар)

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

1. Мемлекеттiк кәсiпорындардың, акцияларының (үлестерiнiң) 50 %-дан астамы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалардың жалпы санынан бәсекелес ортаға беретiн үлес салмағы

Агенттiктiң есебi

%

-

-

3

4

5

6

7

Тiкелей нәтижелер көрсеткiштерiне қол жеткiзуге арналған iс-шаралар

жоспарлы кезеңде iске асыру мерзiмi

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

1. Мемлекеттiк көмек беруге қолдаухаттарды қарау

Х

Х

Х

Х

Х

2. Мемлекеттiк кәсiпорындардың, акцияларының (үлестерiнiң) елу проценттен астамы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалардың және олармен аффилиирленген тұлғалардың қолдаухаттарын қарау

Х

Х

Х

Х

Х

3-мiндет. Монополияға қарсы заңнама нормаларын сақтауды қамтамасыз ету

Тiкелей нәтижелер көрсеткiштерi

Ақпарат көзi

Өлшем бiрлiгi

есептi кезең

жоспарлы кезең

2009 жыл (есеп)

2010 жыл (жоспар)

2011
жыл

2012
жыл

2013
жыл

2014
жыл

2015
жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1. Шешiмдер шығарылған iстердiң жалпы санынан сот сатыларында жеңген iстердiң үлес салмағы

Агенттiктiң есебi

%

62,9

65

66

67

68

69

70

2. Бұзушылықтар анықталып отырған тергеулердiң үлес салмағы

Агенттiктiң есебi

%

89,2

81

82

83

84

85

86

3. Мемлекеттiк органдардың бәсекелестiкке қарсы iс-әрекеттерi фактiлерi бойынша шығарылған нұсқамалардың орындалуы

Агенттiктiң есебi

%

100

70

72

75

78

80

81

4. Нарық субъектiлерiнiң монополияға қарсы заңнаманы бұзу фактiлерi бойынша шығарылған нұсқамалардың орындалуы

Агенттiктiң есебi

%

-

70

70

72

75

78

80

Тiкелей нәтижелер көрсеткiштерiн қол жеткiзуге арналған iс-шаралар

жоспарлы кезеңде iске асыру мерзiмi

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

1. Монополияға қарсы заңнаманың бұзылуын анықтау және жолын кесу

Х

Х

Х

Х

Х

4-мiндет. Қоғамда бәсекелестiк сананы қалыптастыру (бәсекелестiктi адвокаттандыру)

Тiкелей нәтижелер көрсеткiштерi

Ақпарат көзi

Өлшем бiрлiгi

есептi кезең

жоспарлы кезең

2009 жыл (есеп)

2010 жыл (жоспар)

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1. Агенттiктiң сайтына кiрушiлердiң саны

Сайт есептегiшi

бiрлiк

235 596

100 000

140 000

160 000

180 000

200 000

250 000

2. Адал бәсекелестiктiң артықшылықтары және негiзгi қызметтер бойынша жұмыс нәтижелерi туралы әзiрленген ақпараттық материалдардың саны (БАҚ-та жариялау, теледидар мен радиодан сөз сөйлеу)

Агенттiктiң есебi

бiрлiк

160

120

160

165

170

175

180

3. Бизнес пен мемлекеттiк органдар өкiлдерiне арналған монополистiк қызметтi шектеу және жосықсыз бәсекенi болдырмау жөнiндегi қоғамдық iс-шаралардың саны (оның iшiнде конференциялар, дөңгелек үстелдер, семинарлар)

Агенттiктiң есебi

бiрлiк

107

40

80

85

90

100

110

Тiкелей нәтижелер көрсеткiштерiне қол жеткiзуге арналған iс-шаралар

жоспарлы кезеңде iске асыру мерзiмi

2011
жыл

2012
жыл

2013
жыл

2014
жыл

2015
жыл

1. Адал бәсекелестiктiң артықшылықтары және негiзгi қызметтер бойынша жұмыс нәтижелерi туралы ақпараттық материалдар әзiрлеу (БАҚ-та жариялау, теледидар мен радиодан сөз сөйлеу)

х

х

х

х

х

iс-шараларды жүргiзу (оның iшiнде конференциялар, дөңгелек үстелдер, семинарлар)

3.2. Мемлекеттiк органның стратегиялық бағыттары мен мақсаттарының мемлекеттiң стратегиялық мақсаттарына сәйкестiгi

Мемлекеттiк органның стратегиялық бағыттары мен мақсаттары

Стратегиялық және (немесе) бағдарламалық құжаттың атауы

1

2

Стратегиялық бағыты:
Бәсекелестiктi дамыту үшiн қолайлы жағдай жасау

«Қазақстан – 2030 Стратегиясы: Барлық қазақстандықтардың өсiп-өркендеуi, қауiпсiздiгi және әл-ауқатының артуы» ел Президентiнiң Қазақстан халқына Жолдауы 1997 жыл

«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығы

«Қазақстанның әлемдегi бәсекеге барынша қабiлеттi 50 елдiң қатарына кiру стратегиясы» Парламент палатасының 2006 жылғы 18 қаңтардағы бiрлескен отырысындағы Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаевтың сөйлеген сөзi

Мақсаты:
Бәсеке дамымаған нарықтар санын азайту

«Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2009 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауы

«Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкiндiктерi» атты Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасын үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарлама

4. Функционалдық мүмкiндiктердi дамыту


Стратегиялық бағыттың атауы, мемлекеттiк органның мақсаттары мен мiндеттерi

Стратегиялық бағытты, мемлекеттiк органның мақсаттары мен мiндеттерiн iске асыру жөнiндегi iс-шаралар

Iске асыру кезеңi

1

2

3

Стратегиялық бағыты:
Бәсекелестiктi дамыту үшiн қолайлы жағдай жасау

Мақсаты: Бәсеке дамымаған нарықтар санын азайту

1-мiндет. Тауар нарықтарындағы жағдайға жедел ден қою және оны болжау

1. Қызметкерлердi бiлiктiлiктi арттыру, оның iшiнде қайта даярлау курстарында оқыту;
2. Тағылымдамалар өткiзу, халықаралық ұйымдардың оқу бағдарламаларын енгiзу;
3. Тиiстi бұзушылықтардың алдын алу мақсатында ақпараттық қауiпсiздiк жөнiндегi iс-шараларды түсiндiру;
4. Қызметкерлердi мемлекеттiк тiлге оқыту жөнiндегi iс-шараларды өткiзу;
5. Басшы лауазымдардағы әйелдердiң өкiлдiгi, 30 %-дан кем емес;
6. Агенттiктiң ұлттық құрамында байырғы емес елдiң өкiлдерiн қамтамасыз ету






2011 - 2015 жылдар

2-мiндет. Бәсекелестiк нарықтарда мемлекеттiң рөлiн азайту (шектеу)

3-мiндет. Монополияға қарсы заңнама нормаларының сақталуын қамтамасыз ету

4-мiндет. Қоғамда бәсекелестiк сананы қалыптастыру (бәсекелестiктi адвокаттандыру)

5. Ведомствоаралық өзара iс-қимыл


Оларға қол жеткiзу үшiн ведомствоаралық өзара iс-қимыл талап етiлетiн мiндеттердiң көрсеткiштерi

Онымен ведомствоаралық өзара iс-қимыл жүзеге асырылатын мемлекеттiк орган

Ведомствоаралық өзара iс-қимыл белгiлеу үшiн мемлекеттiк орган жүзеге асыратын шаралар

1

2

3

Стратегиялық бағыты: Бәсекелестiктi дамыту үшiн қолайлы жағдай жасау

Мақсаты: Бәсеке дамымаған нарықтар санын азайту

1-мiндет. Тауар нарықтарындағы жағдайға жедел ден қою және оны болжау

Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiнде тұратын нарық субъектiлерiн мониторингпен қамту пайызы

ККМ, ИЖТМ, БАМ, АШМ, МГМ, ЭДСМ, ҚҚА

Агенттiк жүргiзген тауар нарықтарына талдаулар нәтижелерi бойынша салаларда (секторларда) бәсекелестiктi дамыту, кедергiлердi жою жөнiнде ұсыныстар әзiрлеп, жiберу

Облыстардың және Алматы, Астана қалаларының әкiмдiктерi

Өңiрлерде бәсекелестiктi дамыту жөнiнде шаралар қабылдау

2-мiндет. Бәсекелестiк нарықтарда мемлекеттiң рөлiн азайту (шектеу)

Мемлекеттiк кәсiпорындардың, акцияларының (үлестерiнiң) 50 %-дан астамы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалардың жалпы санынан бәсекелес ортаға беретiн үлес салмағы

ТМРА, БАМ, ҚҚА

Реттелетiн нарық субъектiлерiн шығару туралы хабарлама хат ұсыну. Реттелетiн нарықтарға талдаулар жүргiзу нәтижесiнде бiрлескен ұсыныстар әзiрлеу

3-мiндет. Монополияға қарсы заңнама нормаларының сақталуын қамтамасыз ету

Шешiмдер шығарылған iстердiң жалпы санынан сот сатыларында жеңген iстердiң үлес салмағы

ККМ, ИЖТМ, БАМ, АШМ, МГМ, ЭДСМ, ҚҚА, ТМРА

Iс жүргiзу және әкiмшiлiк шараларды қабылдау.
Монополияға қарсы құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететiн себептер мен жағдайларды анықтау және жою.
Бизнестi жүргiзу үшiн кедергiлердi жою жөнiндегi бiрлескен iс-шараларды өткiзу. Монополияға қарсы заңнаманы бұзу жағдайын жоюға бағытталған актiлердi орындау.

Бұзушылықтар анықталып отырған тергеулердiң үлес салмағы

Мемлекеттiк органдардың бәсекелестiкке қарсы iс-әрекеттерi фактiлерi бойынша шығарылған нұсқамалардың орындалуы

Нарық субъектiлерiнiң монополияға қарсы заңнаманы бұзу фактiлерi бойынша шығарылған нұсқамалардың орындалуы

4-мiндет. Қоғамда бәсекелестiк сананы қалыптастыру (бәсекелестiктi адвокаттандыру)

Адал бәсекелестiктiң артықшылықтары және негiзгi қызметтер бойынша жұмыс нәтижелерi туралы әзiрленген ақпараттық материалдардың саны (БАҚ-та жариялау, теледидар мен радиодан сөз сөйлеу)

БАМ

Қазақстан Республикасы Президентiнiң жыл сайынғы Жолдауларын iске асыру шеңберiнде БАҚ-та жариялау, теледидар мен радиодан сөз сөйлеу, қоғамдық iс-шараларды өткiзу жөнiнде есептiк ақпарат беру

6. Қатерлердi басқару


Ықтимал қатердiң атауы

Қатерлердi басқару бойынша шаралар қабылдамаған жағдайда ықтимал салдарлар

Қатерлердi басқару жөнiндегi iс-шаралар

Сыртқы қатерлер

Әлемдiк нарықтардағы ахуалдың өзгеруi

Бәсеке дамымаған нарықтар санының артуы

Монополияға қарсы бақылауды күшейту

Iшкi қатерлер

Бәсекелестiктi дамыту бойынша жергiлiктi және орталық мемлекеттiк органдардың жеткiлiксiз жұмысы

Қойылған мақсатқа қол жеткiзiлмеуi

Ведомствоаралық өзара iс-қимылды күшейту

7. Бюджеттiк бағдарламалар

Ескерту. 7-бөлiмге өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2011.12.05 № 1466 Қаулысымен.

Бюджеттiк бағдарлама

001 «Бәсекелестiктi қорғау, монополиялық қызметтi шектеу және жосықсыз бәсекеге жол бермеудi қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтер»

Сипаттама

экономикалық шоғырлануға талдау, мониторинг жүргiзудi және бақылауды қамтамасыз ету, бәсекелестiкке қарсы iс-әрекеттер мен жосықсыз бәсекеге қарсы фактiлерiнiң жолын кесу, стратегиялық жоспарлау, үйлестiру және халықаралық ынтымақтастық, бәсекелестiктi адвокаттандыру

Бюджеттiк бағдарламаның түрi

мазмұнына қарай

мемлекеттiк функцияларды, өкiлеттiктердi жүзеге асыру және олардан туындайтын мемлекеттiк қызметтердi көрсету

iске асыру тәсiлiне қарай

жеке

ағымдағы/даму

ағымдағы

Бюджеттiк бағдарлама көрсеткiштерiнiң атауы

Өлшем бiрлiгi

есептi кезең

жоспарлы кезең

2009 жыл (есеп)

2010 жыл (жоспар)

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Тiкелей нәтиже көрсеткiштерi: Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiнде тұратын нарық субъектiлерiн мониторингпен қамту пайызы

%

100

100

100

100

100

100

100

Тауар нарықтарына жүргiзiлген талдаулардың саны

бiрл.

24

25

28

30

32

34

36

Тауар топтарын талдаумен қамту пайызы

%

12

12

13

14

15

20

21

Мемлекеттiк кәсiпорындардың, акцияларының (үлестерiнiң) 50 %-дан астамы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалардың жалпы санынан бәсекелес ортаға беретiн үлес салмағы

%

-

-

3

4

5

6

7

Шешiмдер шығарылған iстердiң жалпы санынан сот сатыларында жеңген iстердiң үлес салмағы

%

62,9

65

66

67

68

69

70

Бұзушылықтар анықталып отырған тергеулердiң үлес салмағы

%

89,2

81

82

83

84

85

86

Мемлекеттiк органдардың бәсекелестiкке қарсы iс-әрекеттерi фактiлерi бойынша шығарылған нұсқамалардың орындалуы

%

100

70

72

75

78

80

81

Нарық субъектiлерiнiң монополияға қарсы заңнаманы бұзу фактiлерi бойынша шығарылған нұсқамалардың орындалуы

%

-

70

70

72

75

78

80

Агенттiк сайтына кiру саны

бiрл.

235 596

100 000

140 000

160 000

180 000

200 000

250 000

Адал бәсекелестiктiң артықшылықтары және негiзгi қызметтер бойынша жұмыс нәтижелерi туралы әзiрленген ақпараттық материалдардың саны (БАҚ-та жариялау, теледидар мен радиодан сөз сөйлеу)

бiрл.

160

120

160

165

170

175

180

Бизнес пен мемлекеттiк органдар өкiлдерiне арналған монополистiк қызметтi шектеу және жосықсыз бәсекенi болдырмау жөнiндегi өткiзiлген қоғамдық iс-шаралардың саны (оның iшiнде конференциялар, дөңгелек үстелдер, семинарлар)

бiрл.

107

40

80

85

90

100

110

Тиiмдiлiк көрсеткiштерi: Бюджеттiк бағдарламаларды тиiмдi және сапалы орындау

%

100

100

100

100

100

100

100

Бiр қызметкерге шығындар

мың теңге

1 817,3

1 912,3

2 698

2 920,8

2 843

-

-

Бюджеттiк шығыстардың көлемi

мың теңге

465 239,2

489 541

582 784

630 898

614 163

Х

Х

Бюджеттiк бағдарлама

002 «Қазақстан Республикасы Бәсекелестiктi қорғау агенттiгiнiң күрделi шығыстары»

Сипаттамасы

Қазақстан Республикасының тауар нарықтарында адал және еркiн бәсекелестiктi қорғау бойынша Агенттiкке жүктелген мiндеттер мен функцияларды тиiмдi орындау

Бюджеттiк бағдарламаның түрi

мазмұнына қарай

мемлекеттiк функцияларды, өкiлеттiктердi жүзеге асыру және олардан туындайтын мемлекеттiк қызметтердi көрсету

iске асыру тәсiлiне қарай

жеке

ағымдағы/даму

ағымдағы

Бюджеттiк бағдарлама көрсеткiштерiнiң атауы

өлш. бiрл

есептi кезең

жоспарлы кезең

2009 жыл (есеп)

2010 жыл (жоспар)

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Тiкелей нәтиже көрсеткiштерi: Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiнде тұратын нарық субъектiлерiн мониторингпен қамту пайызы

%

100

100

100

100

100

100

100

Тауар нарықтарына жүргiзiлген талдаулардың саны

бiрл.

24

25

28

30

32

34

36

Тауар топтарын талдаумен қамту пайызы

%

12

12

13

14

15

20

21

Мемлекеттiк кәсiпорындардың, акцияларының (үлестерiнiң) 50 %-дан астамы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалардың жалпы санынан бәсекелес ортаға беретiн үлес салмағы

%

-

-

3

4

5

6

7

Шешiмдер шығарылған iстердiң жалпы санынан сот сатыларында жеңген iстердiң үлес салмағы

%

62,9

65

66

67

68

69

70

Бұзушылықтар анықталып отырған тергеулердiң үлес салмағы

%

89,2

81

82

83

84

85

86

Мемлекеттiк органдардың бәсекелестiкке қарсы iс-әрекеттерi фактiлерi бойынша шығарылған нұсқамалардың орындалуы

%

100

70

72

75

78

80

81

Нарық субъектiлерiнiң монополияға қарсы заңнаманы бұзу фактiлерi бойынша шығарылған нұсқамалардың орындалуы

%

-

70

70

72

75

78

80

Агенттiк сайтына кiру саны

бiрл.

235 596

100 000

140 000

160 000

180 000

200 000

250 000

Адал бәсекелестiктiң артықшылықтары және негiзгi қызметтер бойынша жұмыс нәтижелерi туралы ақпараттық әзiрленген материалдардың саны (БАҚ-та жариялау, теледидар мен радиодан сөз сөйлеу)

бiрл.

160

120

160

165

170

175

180

Бизнес пен мемлекеттiк органдар өкiлдерiне арналған монополистiк қызметтi шектеу және жосықсыз бәсекенi болдырмау жөнiндегi қоғамдық iс-шаралардың саны (оның iшiнде конференциялар, дөңгелек үстелдер, семинарлар)

бiрл.

107

40

80

85

90

100

110

Тиiмдiлiк көрсеткiштерi: Агенттiктiң материалдық-техникалық базасының жай-күйiн жақсарту

%

-

90

95

100

100

100

100

Бюджеттiк шығыстар көлемi

мың тг.

3 327

3 875

3 972

4 250

4 548

Х

Х

Бюджеттiк шығыстар жиынтығы
Ескерту. Кiшi бөлiмге өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2011.12.05 № 1466 Қаулысымен.

Өлш. бiрл

есептi кезең

жоспарлы кезең

2009 жыл
(есеп)

2010 жыл
(жоспар)

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

БАРЛЫҒЫ бюджеттiк шығыстар:

мың тг.

468 566,3

493 416

586 756

635 148

618 711

-

-

ағымдағы бюджеттiк бағдарламалар

мың тг.

468 566,3

493 416

586 756

635 148

618 711

-

-

дамудың бюджеттiк бағдарламалары

мың тг.

-

-

-

-

-

-

-

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

ККМ – Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi
ИЖТМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi
БАМ - Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгi
АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi
МГМ - Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлiгi
ЭДМС - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлiгi
ҚҚА - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi
ТМРА - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi
ДЭФ - Дүниежүзiлiк экономикалық форум
ТМД – Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы
БАҚ – бұқаралық ақпарат құралдары

Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina