Постановления | |
![]() |
Реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн және тарифтiк сметаларды бекiту кезiнде шығындары ескерiлетiн тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi табиғи монополиялар субъектiлерiнiң сатып алу қағидаларын бекiту туралы «Табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шiлдедегi Заңының 18-4-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса берiлiп отырған Реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн және тарифтiк сметаларды бекiту кезiнде шығындары ескерiлетiн тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi табиғи монополиялар субъектiлерiнiң сатып алу қағидалары бекiтiлсiн. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi К. Мәсiмов |