Постановления | |
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 6 желтоқсандағы № 1469 Қаулысы "Astana Knowledge City" акционерлiк қоғамының кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 31 наурыздағы № 307 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. «Astana Knowledge City» акционерлiк қоғамының кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 31 наурыздағы № 307 қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн: 1) 2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiмен бiрлесiп, осы қаулының 1-тармағында және 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген iс-шаралар аяқталғаннан кейiн Қоғам акцияларының мемлекеттiк пакетiн «Назарбаев Университетi» дербес бiлiм беру ұйымына нысаналы салым ретiнде берудi қамтамасыз етсiн.». 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi К. Мәсiмов |