Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 8 желтоқсандағы № 1498 Қаулысы
"Оңалтушы және (немесе) конкурстық басқарушылардың және (немесе) сырттай байқау әкiмшiсiнiң қызметiн жүзеге асыруға құқығы бар тұлғаларды тiркеу және оларды тiркеуден алу" мемлекеттiк қызмет стандартын бекiту және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi № 745 қаулысына толықтыру енгiзу туралы Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 34-бабының 2-тармағына, «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса берiлiп отырған «Оңалтушы және (немесе) конкурстық басқарушылардың және (немесе) сырттай байқау әкiмшiсiнiң қызметiн жүзеге асыруға құқығы бар тұлғаларды тiркеу және оларды тiркеуден алу» мемлекеттiк қызмет стандарты бекiтiлсiн. 2. «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi № 745 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 44, 401-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекiтiлген жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiнде: «Кәсiпкерлердiң заңды және жеке тұлғаларын тiркеу» деген 2-бөлiмде: мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 39-1-жолмен толықтырылсын: « 39-1. | Оңалтушы және (немесе) конкурстық басқарушылардың және (немесе) сырттай байқау әкiмшiсiнiң қызметiн жүзеге асыруға құқығы бар тұлғаларды тiркеу және оларды тiркеуден алу | Жеке тұлғалар | Қаржыминi | Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс комитетi | Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс комитетi | Алушының қызметтi ұсынушы тұлғамен тiкелей өзара iс-қимылы кезiнде | ». 3. Осы қаулы 2012 жылғы 30 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиiс. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi К. Мәсiмов
|