Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 1534 Қаулысы
"Азаматтық және қызметтiк атыс қаруы мен оның патрондарын, суық қаруды, сондай-ақ газ қаруы мен оның патрондарын әзiрлеу, жасау, жөндеу, сату, сатып алу, коллекциялау, экспонаттау жөнiндегi және азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзiрлеу, жасау, сату, сатып алу жөнiндегi қызметтi лицензиялау ережелерiн және оларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 13 тамыздағы № 692 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралыҚазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. "Азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарын, суық қаруды, сондай-ақ газ қаруы мен оның патрондарын әзiрлеу, жасау, жөндеу, сату, сатып алу, коллекциялау, экспонаттау жөнiндегi және азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзiрлеу, жасау, сату, сатып алу жөнiндегi қызметтi лицензиялау ережелерiн және оларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 13 тамыздағы № 692 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 28, 326-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: "Азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарын әзiрлеу, жасау, жөндеу, сату, коллекциялау, экспонаттау және сатып алу жөнiндегi қызметке және азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзiрлеу, жасау, сату, пайдалану және сатып алу жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы"; 1-тармақта: 1) және 2) тармақшалар алып тасталсын; 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "3) азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарын әзiрлеу, жасау, жөндеу, сату, коллекциялау, экспонаттау жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптары;"; мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын: "3-1) азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарын сатып алу жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптары;"; 4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "4) азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзiрлеу, жасау, сату, пайдалану жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптары;"; мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын: "4-1) азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алу жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптары бекiтiлсiн."; көрсетiлген қаулымен бекiтiлген азаматтық және қызметтiк атыс қаруы мен оның патрондарын, суық қаруды, сондай-ақ газ қаруы мен оның патрондарын әзiрлеу, жасау, жөндеу, сату, сатып алу, коллекциялау, экспонаттау жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптары осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; көрсетiлген қаулымен бекiтiлген азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзiрлеу, жасау, сату, сатып алу жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптары осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; осы қаулыға 3, 4 және 5-қосымшалармен толықтырылсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң, бiрақ 2012 жылғы 30 қаңтардан ерте емес қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi К. Мәсiмов Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 1534 қаулысына 1-қосымша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 13 тамыздағы № 692 қаулысымен бекiтiлген Азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарын әзiрлеу, жасау, жөндеу, сату, коллекциялау, экспонаттау жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптары 1. Азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарын әзiрлеу, жасау, жөндеу, сату, коллекциялау, экспонаттау жөнiндегi қызметтi лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптары: 1) толық сауалнамалық деректердi (кадрларды есепке алу жөнiндегi жеке парағын), қаруды иелену үшiн көру қабiлетiнiң бұзылуына, психикалық ауруларға, алкоголизм немесе нашақорлыққа байланысты қарсы көрсеткiштердiң болмауы туралы медициналық қорытындыларды қоса бере отырып, қаруға рұқсаты бар адамдар туралы мәлiметтердiң 2) соттылығының жоқтығы және қаруды қолдануда қауiпсiздiк ережелерiн бар бiлуiн тексеру туралы анықтаманың бар болуын қамтиды. 2. Қару мен оның патрондарын әзiрлеуге байланысты қызметтi жүзеге асыру үшiн: 1) заңды тұлғаның басшысы мен оның орынбасарының жоғары техникалық бiлiмiнiң, сондай-ақ тиiстi Қауiпсiздiк ережелерiн бiлуi; жеке тұлға үшiн – жоғары техникалық бiлiмiнiң, сондай-ақ тиiстi Қауiпсiздiк ережелерiн бiлуi; 2) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы уәкiлеттi органда Қауiпсiздiк ережелерiн бiлуiн тексеруден өткен бiлiктi мамандардың 3) қаруды әзiрлеу саласындағы нормативтiк-техникалық құжаттар жиынтығы түрiнде ғылыми базаның, қарудың негiзгi (базалық) модельдерiне және (немесе) патрондардың типтерiне конструкторлық құжаттамалардың 4) мыналарды: мамандандырылған өндiрiстiк ғимараттарды (үй-жайларды), жабдықтарды, стендiлердi, сынақ өткiзу зертханасын, бақылау-өлшеу аппаратурасын; қару мен оның патрондарын әзiрлеу жөнiндегi цехтың белгiленген тәртiппен келiсiлген және бекiтiлген жұмыс жобасын; бөлшектердi, құрастыру бөлiктерiн есепке алу және сақтау жөнiндегi талаптарды қамтамасыз ете отырып, оқшауланған үй-жайларда орналастырылатын негiзгi бөлiктердi (ұңғыларды, бекiтпелердi, барабандарды, жақтауларды, ұңғы қораптарын және т.б.) дайындау жөнiндегi механикалық өндiретiн және құрастыру цехын (учаскенi); техникалық нығайту жөнiндегi талаптарға жауап беретiн және өрт-күзет дабылдамасы құралдарымен жабдықталған қару мен патрондардың әзiрленген жиынтықтарын сақтауға арналған мамандандырылған үй-жайларды қамтитын қару немесе патрондардың тәжiрибеден өткен үлгiлерiн дайындау және сынау үшiн меншiк немесе жалға алу құқығындағы өндiрiстiк техникалық базаның 5) қару мен оның патрондарын әзiрлеуге жоспарланған тактикалық-техникалық мiнездемелердiң 6) қару мен оның патрондарының тәжiрибеден өткен модельдерiн әзiрлеу жөнiндегi нұсқаулықтардың, ережелер мен нормативтiк-техникалық құжаттардың 7) қару мен оның патрондарын сақтау, сақталуы және есепке алу тәртiбi жөнiндегi iшкi iстер органдарының талаптарына сәйкес келуiнiң 8) үшiншi тұлғаларға келтiрiлетiн зиянды өтеу жөнiндегi жауапкершiлiктi сақтандыру шартының бар болуы қосымша талап етiледi. 3. Қару мен оның патрондарын жасауға байланысты қызметтi жүзеге асыру үшiн: 1) заңды тұлғаның басшысы мен оның орынбасарының жоғары техникалық бiлiмiнiң, сондай-ақ тиiстi Қауiпсiздiк ережелерiн бiлуi; жеке тұлға үшiн – жоғары техникалық бiлiмiнiң, сондай-ақ тиiстi Қауiпсiздiк ережелерiн бiлуi; 2) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы уәкiлеттi органда Қауiпсiздiк ережелерiн бiлуiн бiлiктiлiк тексеруден өткен бiлiктi мамандардың 3) қару мен оның патрондарын жасау мәселелерi жөнiндегi нормативтiк-техникалық және ғылыми-техникалық құжаттардың жиынтығы түрiндегi ғылыми базаның 4) мыналарды: мамандандырылған өндiрiстiк ғимараттарды, көлiк құралдарын, жабдықты, стендiлердi, сынақ өткiзу зертханасын, бақылау-өлшеу аппаратурасын; қаруды және оның патрондарын жасау жөнiндегi цехтың белгiленген тәртiппен келiсiлген және бекiтiлген жұмыс жобасын; бөлшектердi, құрастырылған бөлiктердi есепке алу және сақтау жөнiндегi талаптарды қамтамасыз ете отырып, оқшауланған үй-жайларда орналастырылатын негiзгi бөлiктердi (ұңғыларды, бекiтпелердi, барабандарды, жақтауларды, ұңғы қораптарын және т.б.) дайындау жөнiндегi механикалық өндiретiн цехты (учаскенi); бөлшектердi, құрастыру бөлiктерiн есепке алу және сақтау жөнiндегi талаптарды қамтамасыз ете отырып, техникалық нығайту жөнiндегi талаптарға жауап беретiн, өрт-күзет дабылдамасы құралдарымен жабдықталған оқшауланған үй-жайларда орналастырылатын құрастыру цехын; техникалық нығайтылу жөнiндегi талаптарға жауап беретiн және өрт-күзет дабылдамасы құралдарымен жабдықталған оқшауланған жеке үй-жайларда орналастырылатын дайын қару мен патрондарды сақтауға арналған мамандандырылған қоймаларды; өндiрiс үдерiсiнде қару мен оның патрондарының негiзгi жарамсыз бөлшектерiн сақтауға арналған ақау изоляторын қамтитын меншiк немесе жалға алу құқығындағы өндiрiстiк техникалық базасының. Өндiрiстiк базаның аумағына мынадай талаптар қойылады: оқшауландыру, қоршаудың, тәулiктiк қарулы күзеттiң, техникалық нығайтылудың, өртке қарсы қауiпсiздiктiң болуы, қолданыстағы нормативтерде көзделген тұрғын және өндiрiстiк объектiлерден қауiпсiз қашықтықта орналастыру; 5) қару мен оның патрондарын жасауға ниеттену туралы хаттаманың немесе қаруды сатып алу және пайдалану құқығы бар субъектiмен шарттың (келiсiм-шарттың); 6) қару мен оның патрондарын жасауға жоспарланған тактикалық-техникалық сипаттамалардың 7) жұмысты қауiпсiз жасау жөнiндегi нұсқаулықтардың, ережелер мен нормативтiк-техникалық құжаттардың, сондай-ақ материалдарды, жартылай дайындалған өнiмдердi (дайындамалар), жинақтаушы бөлшектердi, дайын және ақау бұйымдарды есепке алу, сақтау: бөлшектердi, құрастыру бөлiктерiн және дайын бұйымдарды жасау, тасымалдау және сақтау үдерiсiнде оларды есепке алу; кiрiстi және шығысты есепке алу журналын жүргiзу (дайындамаларды, бөлшектердi, қосалқы бөлшектердi нөмiрлеп есепке алу, сандық есепке алу, сандық немесе өлшеп есепке алу) жөнiндегi құжаттардың 8) Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң немесе оның аумақтық бөлiмшелерiнiң мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi жұмыста пайдалануға рұқсатының, сондай-ақ режимдiк iс-шаралардың қамтамасыз етiлуiнiң және олардың жеткiлiктiлiгiнiң 9) қару мен оның патрондарын сақтау, сақталуы және есепке алу жөнiндегi iшкi iстер органдарының талаптарына сәйкес келуi; 10) үшiншi тұлғаларға келтiрiлетiн зиянды өтеу жөнiндегi жауапкершiлiктi сақтандыру шартының бар болуы қосымша талап етiледi. 4. Қару мен оның патрондарын жөндеуге байланысты қызметтi жүзеге асыру үшiн: 1) қаруды жөндеу жөнiндегi бiлiктi мамандардың 2) техникалық нығайту жөнiндегi талаптарға жауап беретiн және өрт-күзет дабылдамасы құралдарымен жабдықталған меншiк немесе жалға алу құқығындағы мамандандырылған шеберхананың 3) арнайы жабдық пен құрылғылардың 4) жұмысты қауiпсiз жасау жөнiндегi нұсқаулықтардың, ережелер мен нормативтiк-техникалық құжаттардың 5) қаруды қабылдауды және өткiзудi есепке алу журналының 6) қару мен оның патрондарын сақтау, сақталуы және есепке алу тәртiбi жөнiндегi iшкi iстер органдарының талаптарына сәйкес келуiнiң бар болуы қосымша талап етiледi. 5. Қару мен оның патрондарын сатуға байланысты қызметтi жүзеге асыру үшiн: 1) техникалық нығайту жөнiндегi талаптарға жауап беретiн және өрт-күзет дабылдамасы құралдарымен жабдықталған қару мен оның патрондарын, аңшылық оқ-дәрiнi сақтауға, сатуға арналған меншiк немесе жалға алу құқығындағы арнайы жабдықталған үй-жайлардың 2) келiп түскен, сатылған қару мен оның патрондарын есепке алу жөнiндегi құжаттаманың 3) қару мен оның патрондарын сақтау, сақталуы және есепке алу тәртiбi жөнiндегi iшкi iстер органдарының талаптарына сәйкес келуiнiң бар болуы қосымша талап етiледi. 6. Қару мен оның патрондарын коллекциялауға байланысты қызметтi жүзеге асыру үшiн қосымша қару мен оның патрондарының сақталуын, оларды сақтау қауiпсiздiгiн және оларға бөгде адамдардың жетiмдiлiгiнiң болмауын қамтамасыз ететiн жағдайлардың болуы талап етiледi. Қаруды коллекциялау мынадай тәртiппен: 1) мұражай – күзет дабылдамасымен жабдықталған, жекелеген, осы мақсаттарға арнайы арналған үй-жайлардағы кiлтпен жабылатын витриналарда, сейфтерде немесе металл шкафтарда; 2) жеке – қару мен оның патрондары иелерiнiң тұрғылықты жерi бойынша үй-жайлардағы кiлтпен жабылатын сейфтерде немесе металл шкафтарда жүзеге асырылуы мүмкiн. Коллекцияланған қару заңнамада белгiленген тәртiпте аумақтық iшкi iстер органдарында мiндеттi түрде тiркелуге тиiс. 7. Қару мен оның патрондарын экспонаттауға байланысты қызметтi жүзеге асыру үшiн: 1) кiлтпен жабылатын витриналары, сейфтерi немесе металл шкафтары бар күзет дабылдамасы жабдықталған жеке үй-жайлардың 2) үй-жайды тәулiк бойы күзетудiң (күзет қызметтерiн көрсетуге арналған шарттың); 3) бұйымдарды есепке алу, кезеңдiк тексеру және сақтау жөнiндегi құжаттамалардың 4) қару мен оның патрондарын сақтау, сақталуы және есепке алу жөнiндегi iшкi iстер органдарының талаптарына сәйкес келуiнiң бар болуы қосымша талап етiледi. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 1534 қаулысына 2-қосымша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 13 тамыздағы № 692 қаулысымен бекiтiлген Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзiрлеу, жасау, сату, пайдалану жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптары Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзiрлеу, жасау, сату, пайдалану жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптары: 1. Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзiрлеу, жасау, сату, пайдалану жөнiндегi қызметтi лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптары лицензия алуға үмiткер жеке тұлғаның немесе заңды тұлға қызметкерiнiң пиротехникалық бұйымдарға рұқсаты болатын мәлiмделген қызметтi жүзеге асыруға байланысты терiс көрсеткiштерiнiң (психикалық ауруларының, алкоголизмнiң немесе нашақорлықтың) жоқтығы туралы медициналық анықтамаларының бар болуын қамтиды; 2. Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзiрлеуге байланысты қызметтi жүзеге асыру үшiн: 1) лицензия алуға үмiткер жеке тұлғаның, заңды тұлғаның пиротехникалық бұйымдарға рұқсат алатын басшысы мен оның орынбасарының қызметтiң көрсетiлген түрiн жүзеге асыру құқығы берiлетiн курстарды бiтiргендiгi туралы куәлiктерiнiң, тиiстi Қауiпсiздiк ережелерiн бiлуi; 2) қызметтiң көрсетiлген түрiн жүзеге асыру құқығы берiлетiн курстарды бiтiргендiгi туралы куәлiгi бар және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы уәкiлеттi органда Қауiпсiздiк ережелерiн бiлуiн бiлiктi тексеруден өткен бiлiктi мамандардың 3) өрт қауiпсiздiгi ережелерiнiң талаптарына сәйкес келетiн және есепке алынатын өнiмнiң сақталуын, оны қатаң есепке алуды және бар-жоғын тексеру мүмкiндiгiн қамтамасыз ететiн дайын пиротехникалық өнiмдi сақтауға арналған меншiк немесе жалға алу құқығындағы қоймалардың 4) жасау, сақтау, тасымалдау, сату, пайдалану және кәдеге жарату кезiнде өнiмнiң қауiпсiздiгi мен тұтынушылық қасиеттерiн қамтамасыз ету үшiн қажеттi толық ақпарат берудi қамтамасыз ететiн конструкторлық-технологиялық және пайдалану құжаттамасы жиынтығының (сызба, техникалық жағдайлар, технологиялық үдерiс, пайдалану, (қолдану және тағы басқа) жөнiндегi нұсқаулықтардың (ұсынымдардың); 5) ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарды жүргiзуге арналған тiркелген зертханалық базаның 6) азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтау, сақталуы және есепке алу жөнiндегi iшкi iстер органдарының талаптарына сәйкес келуiнiң бар болуы қосымша талап етiледi. 3. Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды жасауға байланысты қызметтi жүзеге асыру үшiн: 1) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы уәкiлеттi органда Қауiпсiздiк ережелерiн бiлуiн бiлiктi тексеруден өткен лицензия алуға үмiткер жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның пиротехникалық бұйымдарға рұқсат алатын басшысы мен оның орынбасарының көрсетiлген қызмет түрiн жүзеге асыру құқығы берiлетiн курстарды бiтiргендiгi туралы куәлiгiнiң 2) көрсетiлген қызмет түрiн жүзеге асыру құқығы берiлетiн курстарды бiтiргендiгi туралы куәлiгi бар және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы уәкiлеттi органда Қауiпсiздiк ережелерiн бiлуiн бiлiктi тексеруден өткен жабдықтарды, тетiктердi, құрылғыларды, жарақтарды, көлiктi, бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматиканы қауiпсiз пайдалануды және оларға техникалық қызмет көрсетудi қамтамасыз ететiн бiлiктi мамандардың 3) жасау, сақтау, тасымалдау, сату, пайдалану және кәдеге жарату кезiнде өнiмнiң қауiпсiздiгi мен тұтынушылық қасиеттерiн қамтамасыз ету үшiн қажеттi толық ақпарат берудi қамтамасыз ететiн конструкторлық-технологиялық және пайдалану құжаттамасы жиынтығының (сызбалар, техникалық жағдайлар, технологиялық үдiрiс, пайдалану, (қолдану және тағы басқа) жөнiндегi нұсқаулықтардың (ұсынымдардың); 4) пиротехникалық бұйымдарды жасауға, сақтауға және кәдеге жаратуға арналған және мыналарды: белгiленген тәртiппен технологиялық операцияларды орындауға жiберiлген технологиялық және көмекшi жабдықтарды; өрт қауiпсiздiгi ережелерiнiң талаптарына сәйкес келетiн және есепке алынған өнiмнiң сақталуын, қатаң есепке алуды және бар-жоғын тексеру мүмкiндiгiн қамтамасыз ететiн дайын пиротехникалық бұйымдарды сақтауға арналған қойманы; ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарды жүргiзуге арналған тiркелген зертханалық базаны; пиротехникалық бұйымдарды бақылау сынағынан өткiзуге арналған арнайы жабдықталған аумақты; пиротехникалық бұйымдарды тасымалдауға арналған арнайы жабдықталған автокөлiктi; өртке қарсы қорғаныс құралдарын (өрт дабылдамасы мен өрт сөндiру), өрттi сөндiру үшiн қажеттi өртке қарсы сумен жабдықтауды және арнайы құралдардың есептiк қорын, өрт шыққан жағдайда персоналдың iс-әрекеттер жоспарын қамтитын белгiленген талаптарға жауап беретiн меншiк немесе жалға алу құқығындағы өндiрiстiк-техникалық базаның 5) жұмысты қауiпсiз жасау жөнiндегi нұсқаулықтардың, ережелер мен нормативтiк-техникалық құжаттардың 6) азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтау, сақталуы және есепке алу жөнiндегi iшкi iстер органдарының талаптарына сәйкес келуiнiң бар болуы қосымша талап етiледi. 4. Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды пайдаланумен, сатумен байланысты қызметтi жүзеге асыру үшiн: 1) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы уәкiлеттi органда Қауiпсiздiк ережелерiн бiлуiн бiлiктi тексеруден өткен лицензия алуға үмiткер жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның пиротехникалық бұйымдарға рұқсат алатын басшысы мен оның қызметкерiнiң көрсетiлген қызмет түрiн жүзеге асыру құқығы берiлетiн курстарды бiтiргендiгi туралы куәлiгiнiң 2) өрт қауiпсiздiгi ережелерiнiң талаптарына сәйкес келетiн және есепке алынған өнiмнiң сақталуын, оны қатаң есепке алуды және бар-жоғын тексеру мүмкiндiгiн қамтамасыз ететiн дайын пиротехникалық бұйымдарды сатуға арналған меншiк немесе жалға алу құқығындағы арнайы жабдықталған үй-жай мен оларды сақтауға арналған қоймалардың 3) пиротехникалық бұйымдарды тасымалдауға арналған меншiк немесе жалға алу құқығындағы арнайы жабдықталған автокөлiктiң 4) азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтау, сақталуы және есепке алу тәртiбi жөнiндегi iшкi iстер органдарының талаптарына сәйкес келуiнiң бар болуы қосымша талап етiледi. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 1534 қаулысына 3-қосымша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 13 тамыздағы № 692 қаулысымен бекiтiлген Азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарын сатып алу жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы Азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарын сатып алу жөнiндегi қызметтi лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптарына: 1) толық сауалнамалық деректердi (кадрларды есепке алу жөнiндегi жеке парағын), қаруды иелену үшiн денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген қарсы көрсеткiштерiнiң болмауы туралы медициналық қорытындыларды қоса бере отырып, қаруға рұқсаты бар адамдар туралы мәлiметтердiң 2) соттылығының жоқтығы және қаруды қолдануда қауiпсiздiк ережелерiн бiлуiн тексеру туралы анықтаманың 3) азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарын әзiрлеуге және (немесе) жасауға және (немесе) жөндеуге және (немесе) сатуға және (немесе) коллекциялауға және (немесе) экспонаттауға лицензиялардың (осы қызметпен айналысатын заңды тұлғалар үшiн); 4) күзет қызметiне арналған лицензиялардың (күзет қызметi субъектiлерi үшiн); 5) банкноттар, ақшалар мен құндылықтарды инкассациялауға арналған лицензиялардың (инкассациямен айналысатын заңды тұлғалар үшiн); 6) техникалық нығайту талаптарына жауап беретiн және өрт-күзет дабылдамасы құралдарымен жабдықталған қару мен оның патрондарын сақтауға және (немесе) сатуға арналған арнайы жабдықталған үй-жайдың 7) қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға жауапты адамды тағайындау туралы бұйрық көшiрмесiнiң 8) қару мен оның патрондарының ерекшелiктерiн қоса бере отырып, оларды жеткiзуге дайындаушы кәсiпорынмен шарт (келiсiмшарт) көшiрмесiнiң (қаруды әкелетiн заңды тұлғалар үшiн); 9) жарақаттайтын патрондары бар қарудың көрсетiлген қарудың зақым келтiру факторларының адамға әсер етуiне жол берiлген белгiленген нормаларына сәйкес келуi туралы уәкiлеттi орган қорытындысының (қаруды сатуды жүзеге асыратын ұйымдар оны сатып алуға ниеттенген кезде); 10) осы Бiлiктiлiк талаптарына қосымшаға сәйкес аумақтық iшкi iстер департаменттерiмен және (немесе) Iшкi iстер министрлiгiмен келiсiлген қолда бар және қажеттi қару мен оның патрондары туралы мәлiметтердiң бар болуын қамтиды. Ескертпе: Қазақстан Республикасының аумағында қару сатуды жүзеге асыратын заңды тұлғалар арасында қаруды берген кезде азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарын олардың түрлерiн көрсете отырып, сатып алу-сату шарты (келiсiмшарты) көшiрмелерiнiң бар болуы қажет. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 1534 қаулысына 4-қосымша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 13 тамыздағы № 692 қаулысымен бекiтiлген Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алу жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптары Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алу жөнiндегi қызметтi лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптары: 1) лицензия алуға үмiткер жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның қызметкерiнiң пиротехникалық бұйымдарға рұқсаты болатын мәлiмделген қызметтi жүзеге асыруға байланысты терiс көрсеткiштерiнiң (психикалық аурулардың, алкоголизмнiң немесе нашақорлықтың) болмауы туралы медициналық анықтамаларының 2) өтiнiш берушiнiң пиротехникалық бұйымдарды әзiрлеу және (немесе) жасау және (немесе) сату және (немесе пайдалану) құқығына лицензиясының 3) пиротехникалық бұйымдарды сатып алуға және олардың сақталуына жауапты адамның 4) өрт қауiпсiздiгi ережелерiнiң талаптарына сәйкес келетiн және есепке алынған өнiмнiң сақталуын, оны қатаң есепке алуды және бар-жоғын тексеру мүмкiндiгiн қамтамасыз ететiн дайын пиротехникалық бұйымдарды өткiзуге арналған меншiк немесе жалға алу құқығындағы арнайы жабдықталған үй-жай мен оларды сақтауға арналған қоймалардың 5) азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдардың ерекшелiктерiн қоса бере отырып, оларды жеткiзуге дайындаушы кәсiпорынмен шарт (келiсiмшарт) көшiрмесiнiң бар болуын қамтиды; 6) әзiрлеу, жасау, сату жөнiндегi лицензиясы бар заңды тұлға немесе дара кәсiпкер сатып алуға лицензиясы бойынша пиротехникалық бұйымдарды сатып алады, ал 1-3 сыныпты қауiптiлiгi бар пиротехникалық бұйымдарды оларды сатып алуға лицензия талап етпей, халыққа еркiн сатады. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 1534 қаулысына 5-қосымша Азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарын әзiрлеу, жасау, жөндеу, сату, сатып алу, коллекциялау, экспонаттау жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарына қосымша Келiсiлдi Келiсiлдi ________________ ______________ (IIМ) (IIД (К) М.О. М.О. 20___жылғы "___"______ 20___жылғы "___"________ ______________ ________________ қолы қолы Қару мен оның патрондарының қолда бары және қажеттi саны туралы мәлiметтер 1.________________________________________________________________ (заңды тұлғаның атауы, поштаның индексi, толық мекенжайы) 2. Қызмет түрi ___________________________________________________ 3. Iшкi, сыртқы бекеттердiң және ұтқыр топтардың саны (бөлек)_____ 4. Iшкi, сыртқы бекеттер және ұтқыр топтар жеке құрамының саны (бөлек) __________________________________________________________________ 5. Қолда бар қару мен патрондардың саны: 5.1. жалғыз оқ атуға қайта жасалған автоматтар ____________ 5.2. винтовкалар, карабиндер_____________ 5.3. пистолеттер _____________ 5.4. тапаншалар ______________ 5.5. электр қаруы _______ 5.6. мылтықтар ____________________ 6. Патрондар _______________________________________________ (әр қару түрi бойынша бөлек) 7. Жарамсыз ретiнде тапсыруға жататын қару мен олардың патрондарының саны: 7.1. жалғыз оқ атуға қайта жасалған автоматтар _________________ 7.2. винтовкалар, карабиндер___________ 7.3. пистолеттер ___________________ 7.4. тапаншалар __________________ 7.5. электр қаруы_________ 7.6. мылтықтар _______________________ 8. Патрондар __________________________________________________ (әр қару түрi бойынша бөлек) 9. Қажеттi саны: 9.1. Атыс қаруы: 9.1.1. жалғыз оқ атуға қайта жасалған автоматтар ________ 9.1.2. винтовкалар, карабиндер __________ 9.1.3. пистолеттер __________ 9.1.4. тапаншалар _________________ 9.1.5. электр қаруы_________________________________ 9.1.6. мылтықтар _______________________ 9.2. Патрондар: 9.2.1. ортаймайтын қор____________________________________ (әр қару түрi бойынша бөлек) 9.2.2. оқу-жаттығу атыстары ______________________________ (әр қару түрi бойынша бөлек) 9.2.3. қаруды атып көру үшiн______________________________ (әр қару түрi бойынша бөлек) 10. ауысымға (қарауылға) шығу үшiн сатып алынатын патрондар саны:________ 11. Қару мен патрондардың қажеттi санына мәлiметтер ________________________________________________________________ ________________________________________________негiзiнде жасалды. (тиесiлiк нормасының атауы, қашан және кiм белгiледi) М.О. Заңды тұлға басшысының қолы ______________________________
|