ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Постановления  »  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Постановления

  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 1537 Қаулысы
Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың артықшылықтары мен иммунитеттерi туралы конвенцияға қол қою туралы ұсынысты Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзу туралыҚазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың артықшылықтары мен иммунитеттерi туралы конвенцияға қол қою туралы ұсыныс Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi К. Мәсiмов
Жоба
Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың артықшылықтары
мен иммунитеттерi туралы конвенция
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттер,
Еуразиялық экономикалық қоғамдастық (бұдан әрi – ЕурАзЭҚ немесе Қоғамдастық) Кеден одағы мен Бiрыңғай экономикалық кеңiстiгiн қалыптастыру процесiнiң және өзiнiң мiндеттерiнiң тиiмдi орындалуы үшiн қажеттi жағдайларды қамтамасыз етуге тiлек бiлдiре отырып,
халықаралық құқықтың жалпыға танылған принциптерi мен нормаларын басшылыққа ала отырып,
2000 жылғы 10 қазандағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықты құру туралы шарттың (бұдан әрi – Шарт), ЕурАзЭҚ шеңберiнде қолданыстағы осы және өзге де халықаралық шарттарда көзделген функцияларды орындау және мақсаттарға қол жеткiзу үшiн қажеттi артықшылықтар мен иммунитеттердi Еуразиялық экономикалық қоғамдастық пен оның лауазымды тұлғаларының пайдаланатындығына сәйкес жөнiндегi 16-бабының ережелерiн ескере отырып,
төмендегiлер туралы келiстi:
1-бап
Осы Конвенцияның мақсаттары үшiн төменде келтiрiлген терминдер мынаны бiлдiредi:
«болу мемлекетi» – аумағында ЕурАзЭҚ органы немесе Интеграциялық Комитеттiң өкiлдiгi, ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттiң Тұрақты өкiлдiгi орналасатын Тарап;
«ЕурАзЭҚ органдары» – Мемлекетаралық Кеңес (Мемаралықкеңес), Интеграциялық Комитет, Парламентаралық Ассамблея, ЕурАзЭҚ Соты;
«Бас хатшы» – Қоғамдастықтың жоғары әкiмшiлiк лауазымды тұлғасы;
«лауазымды тұлғалар» – Тараптардың ұсынуы бойынша ЕурАзЭҚ органдары бекiтетiн тұлғалар;
«қызметшiлер» – ЕурАзЭҚ органдарында олармен жасасқан келiсiм-шарттар негiзiнде мамандар ретiнде жұмыс iстейтiн тұлғалар;
«ЕурАзЭҚ өкiлдiгi» – Тараптар аумағында орналасқан Интеграциялық Комитеттiң өкiлдiгi;
«ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiл (Тұрақты өкiл)» – жiберушi мемлекеттiң заңнамасында көзделген жағдайда және халықаралық құқық нормаларына сәйкес Қоғамдастық мәселелерi жөнiндегi қызмет үшiн және 2000 жылғы 10 қазандағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықты құру туралы шарттың 6-бабының 2-тармағына сәйкес құрылған ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiлдер комиссиясындағы жұмысы бойынша өкiлеттiктер берiлетiн ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттiң басшысы тағайындайтын өкiл;
«ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiлдiк (Тұрақты өкiлдiк)» – Тарап ЕурАзЭҚ-та оның мүдделерiн бiлдiру үшiн жiберген ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiл басқаратын бiрқалыпты сипаттағы миссия;
«Тұрақты өкiлдiктiң қызметкерлерi» – ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiл және ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiлдiк персоналының мүшелерi (Тұрақты өкiлдiк аппараты);
«ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiлдiк персоналының мүшелерi» (Тұрақты өкiлдiк аппараты)» – Тұрақты өкiлдiктiң дипломатиялық персоналының, әкiмшiлiк-техникалық персоналының және қызмет көрсетушi персоналының мүшелерi;
«дипломатиялық персонал мүшелерi» – дипломатиялық рангi бар ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiлдiк (Тұрақты өкiлдiк аппараты) персоналының мүшелерi;
«әкiмшiлiк-техникалық персонал мүшелерi» – Тұрақты өкiлдiктiң әкiмшiлiк-техникалық қызмет көрсетуiн жүзеге асыратын ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiлдiк (Тұрақты өкiлдiк аппараты) персоналының мүшелерi;
«қызмет көрсетушi персонал мүшелерi» – тұрақты өкiлдiктiң қызмет көрсетуi бойынша мiндеттерiн орындайтын ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiлдiк (Тұрақты өкiлдiк аппараты) персоналының мүшелерi;
«Тараптардың өкiлдерi» – ЕурАзЭҚ органдарында Тараптардың өкiлдерi, осы органдардың мәжiлiстерiне және Қоғамдастық шеңберiнде өткiзiлетiн iс-шараларға Тараптар жiберетiн делегациялардың басшылары және мүшелерi;
«ЕурАзЭҚ органдарының үй-жайлары» – ЕурАзЭҚ-тың ресми мақсаттары, сондай-ақ ЕурАзЭҚ-тың Бас хатшысы мен лауазымды тұлғалары тұруы үшiн пайдаланылатын ғимараттар немесе ғимараттардың бөлiктepi;
«Тұрақты өкiлдiктiң үй-жайлары» – Тұрақты өкiлдiктiң ресми мақсаттары, сондай-ақ ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiлдiң және Тұрақты өкiлдiк қызметкерлерiнiң тұруы үшiн пайдаланылатын ғимараттар немесе ғимараттардың бөлiктерi;
«отбасы мүшелерi» – Бас хатшының, Жауапты хатшының, ЕурАзЭҚ органдарының лауазымды тұлғаларының және қызметкерлерiнiң, ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiлдiң, Тұрақты өкiлдiк қызметкерлерiнiң ерi (зайыбы), олардың асырауындағы кәмелетке толмаған балалар мен тұлғалар.
2-бап
1. ЕурАзЭҚ Бас хатшысы, оның органдарының лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерi халықаралық қызметшiлер болып табылады. Қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде олар Тараптардың билiк органдарынан немесе ресми тұлғаларынан, сондай-ақ Қоғамдастық үшiн бөгде билеушiлерден нұсқаулар сұратуға немесе алуға тиiстi емес.
2. Әрбiр Тарап ЕурАзЭҚ органдарының лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерi функцияларының халықаралық сипатын бұлжытпай құрметтеуге және олардың өз қызметтiк мiндеттерiн орындауы кезiнде ықпал жасамауға мiндеттенедi.
1. ЕурАзЭҚ артықшылықтары мен иммунитеттерi
3-бап
1. ЕурАзЭҚ органдарының мүлкi мен активтерi Қоғамдастықтың өзi иммунитеттен бас тартатын жағдайларды қоспағанда, кез келген нысандағы әкiмшiлiк немесе соттық араласудан иммунитеттi пайдаланады.
2. ЕурАзЭҚ органдарының үй-жайлары, сондай-ақ олардың мұрағаттары мен құжаттары, оның iшiнде қызметтiк хат-хабарлары олардың тұрған жерiне қарамастан, тiнтуден, реквизициялаудан, тәркiленуден немесе оның бiрқалыпты қызметiне кедергi келтiретiн араласудың кез келген нысанынан босатылады.
3. Болу мемлекетiнiң тиiстi билiк және басқару органдарының өкiлдерi өрттi немесе кейiнге қалдырылмайтын қорғау шараларын талап ететiн басқа да жағдайларды қоспағанда, Бас хатшының, ЕурАзЭҚ органы басшысының немесе олардың мiндетiн атқарушы тұлғалардың келiсiмiнсiз және олар мақұлдаған шарттарсыз ЕурАзЭҚ органдарының үй-жайларына кiре алмайды.
4. ЕурАзЭҚ органдарының үй-жайларында болу мемлекетiнiң тиiстi билiк және басқару органдарының шешiмi бойынша кез келген iс-әрекеттi орындау Бас хатшының немесе мiндетiн атқарушы тұлғалардың келiсiмiмен ғана орын алуы мүмкiн.
5. ЕурАзЭҚ органдарының үй-жайлары кез келген Тараптың заңдары бойынша қудаланатын немесе мүше мемлекетке не үшiншi мемлекетке берiлуге тиiс адамдар үшiн баспана бола алмайды.
6. ЕурАзЭҚ органдарының үй-жайларына қолсұқпаушылық оларды ЕурАзЭҚ-тың функцияларына немесе мiндеттерiне сәйкеспейтiн немесе Тараптардың қауiпсiздiгiне залал, олардың жеке немесе заңды тұлғаларының мүдделерiне зиян келтiретiн мақсаттарда пайдалануына құқық бермейдi.
7. Болу мемлекетi ЕурАзЭҚ үй жайларын кез келген басып кiруден немесе зиян келтiруден қорғау үшiн тиiстi шаралар қабылдайды.
4-бап
1. ЕурАзЭҚ органдары мен ЕурАзЭҚ өкiлдiктерi қызмет көрсетудiң (қызметтердiң) нақты түрлерi бойынша төлемдердi және осы Конвенцияның 46-47-баптарына сәйкес төленетiн төлемдердi (аударымдар мен жарналар) қоспағанда, болу мемлекетiнiң аумағында алынатын салықтар, алымдардан, баждардан және басқа да төлемдерден босатылады.
2. ЕурАзЭҚ органдарының және олардың өкiлдiктерiнiң ресми пайдалануына арналған заттар мен өзге де мүлiктер Тараптар аумағында кедендiк баждардан, салықтар мен кеден алымдарынан босатылады.
5-бап
ЕурАзЭҚ органдары мен олардың өкiлдiктерi өздерiнiң ресми байланыс құралдарына қатысты болу мемлекетiнiң дипломатиялық өкiлдiктерге ұсынатыннан қолайлылығы кем емес жағдайларды пайдаланады.
6-бап
ЕурАзЭҚ органдары өздерiнiң тұрған үй-жайларында және өздерiне тиесiлi автокөлiк құралдарында Қоғамдастықтың жалауын, эмблемасын немесе басқа да рәмiздерiн орналастыра алады.
7-бап
Тараптардың заңнамаларын сақтаған жағдайда, Қоғамдастық өзiнiң мақсаттары мен функцияларына сәйкес жариялымы ЕурАзЭҚ органдарының шешiмдерiмен көзделген баспа өнiмдерiн шығарып, тарата алады.
8-бап
Болу мемлекетi ЕурАзЭҚ-қа Қоғамдастыққа оның функцияларын жүзеге асыру үшiн қажеттi үй-жайларды сатып алуға немесе алуға көмек көрсетедi.
9-бап
ЕурАзЭҚ сот әдiлдiгiн тиiстi түрде iскe асыру және құқық қорғау органдарының ұйғарымдарын орындау, сондай-ақ осы Конвенцияда көзделген артықшылықтар мен иммунитеттерге байланысты кез келген терiс пайдаланушылықтың алдын алу мақсатында Тараптардың тиiстi билiк органдарымен және басқармаларымен ынтымақтасады.
2. Бас хатшының, ЕурАзЭҚ органдарының лауазымды тұлғалары мен
қызметкерлерiнiң артықшылықтары мен иммунитеттерi
10-бап
Бас хатшы және онымен бiрге тұратын отбасы мүшелерi, егер олар болу мемлекетiнiң азаматтары болып табылмаса, дипломатиялық агент үшiн 1961 жылғы 18 сәуiрдегi Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясында көзделген көлемде артықшылықтар мен иммунитеттердi пайдаланады.
11-бап
1. ЕурАзЭҚ органдарының лауазымды тұлғалары және олармен болу мемлекетiнде бiрге тұратын отбасы мүшелерi:
1) олардың лауазымды тұлғалар ретiнде айтқан немесе жазған және жасаған барлық iс-әрекеттерi үшiн қылмыстық, азаматтық және әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылмайды;
2) ЕурАзЭҚ органдары төлейтiн еңбекақысы мен өзге де сыйақыларына салық салудан босатылады;
3) мемлекеттiк борыштан босатылады;
4) болу мемлекетiне кiру және одан шығу, шетелдiктер ретiнде тiркелуден және уақытша тұруға рұқсат алу бойынша шектеулерден босатылады;
5) Қоғамдастыққа мүше мемлекеттерде алғашқы орналасуға арналған заттары мен өзге де мүлкi кедендiк баждарды, салықтар мен кеден алымдарын төлеуден босатылады;
6) халықаралық дағдарыстар кезiнде репатриация бойынша дипломатиялық өкiлдiктерге арналған жеңiлдiктердi пайдаланады.
2. Болу мемлекетiнiң азаматы болып табылатын немесе оның аумағында тұрақты тұратын лауазымды тұлғаларға және олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерiне осы баптың 1-тармағының «2», «4», «5» және «6» тармақшалары қолданылмайды.
3. Болу мемлекетiнiң азаматы болып табылмайтын лауазымды тұлғалар, сондай-ақ олармен бiрге болу мемлекетiнде тұратын отбасы мүшелерi аккредиттелуге тиiс.
12-бап
Бас хатшының, ЕурАзЭҚ органдарында жұмыс iстейтiн лауазымды тұлғалар мен қызметкерлердiң ғылыми, шығармашылық және оқытушылық қызметтердi қоспағанда, жеке пайда немесе өзге тұлғалардың пайдасы мүддесiнде кәсiпкерлiк немесе кез келген басқа қызметпен айналысуға құқығы жоқ.
Ғылыми, шығармашылық және оқытушылық қызметтерден табыс алған жағдайда, бұл табыстарға салық салынады.
13-бап
Бас хатшы, ЕурАзЭҚ органдарының лауазымды тұлғалары және олардың отбасы мүшелерi кез келген көлiк құралдарын пайдалануға байланысты үшiншi адамдарға келтiрiлуi мүмкiн залалдан сақтандырылуға қатысты болу мемлекетiнiң заңнамасында көзделген талаптарды сақтауы тиiс.
14-бап
1. ЕурАзЭҚ органдарының қызметкерлерi өздерiнiң қызметтiк функцияларын тiкелей орындау кезiнде жасалатын iс-әрекеттерiне қатысты:
1) оларға тиесiлi не олар жүргiзетiн көлiк құралы арқылы болған жол-көлiк оқиғасына байланысты залалды өтеу туралы талаптарды;
2) олардың iс-әрекеттерi нәтижесiнде болған өлiм немесе дене жарақатына байланысты талаптар қоюды қоспағанда, болу елiндегi сот немесе әкiмшiлiк органдарының қарауына жатпайды.
2. ЕурАзЭҚ органдарының қызметкерлерi болу мемлекетiне кiру және одан шығу бойынша шектеулерден, шетелдiктер ретiнде тiркелуден және уақытша тұруға рұқсат алудан босатылады.
3. Осы баптың ережелерi сол мемлекеттiң азаматтығы бар ЕурАзЭҚ органдары қызметкерлерi мен мемлекет билiктерi арасындағы өзара қарым-қатынасқа қолданылмайды.
15-бап
Бас хатшы, лауазымды тұлғалар мен қызметкерлер пайдаланатын артықшылықтар мен иммунитеттер олардың жеке пайдасына емес, ЕурАзЭҚ мүдделерi үшiн ресми функцияларын тиiмдi, тәуелсiз орындау үшiн берiледi.
16-бап
1. Бас хатшы, лауазымды тұлғалар мен олардың отбасы мүшелерi белгiленген жерге бара жатқан кезде болу мемлекетiнiң аумағына келген сәтiнен бастап немесе егер олар осы аумақта болған болса, Бас хатшы немесе лауазымды тұлғалар өздерiнiң мiндеттерiн орындауға кiрiскен сәтiнен бастап осы Конвенцияда көзделген артықшылықтар мен иммунитеттердi пайдаланады.
2. Бас хатшының немесе лауазымды тұлғаның функциялары тоқтатылған кезде олардың артықшылықтары мен иммунитеттерi, сондай-ақ олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерiнiң артықшылықтары мен иммунитеттерi, әдетте, осындай тұлғаның болу мемлекетiн қалдырған сәтiнен немесе оны iстеу үшiн саналы мерзiмнiң өтуiне қарай, осы сәттердiң қайсысы мерзiмiнен бұрын басталатынына байланысты тоқтатылады. Отбасы мүшелерiне қатысты олардың артықшылықтары мен иммунитеттерi, олар Бас хатшының немесе лауазымды тұлғаның отбасы мүшелерi ретiнде болуы бiткен кезде тоқтатылады, алайда, егер осындай тұлғалар болу мемлекетiн саналы мерзiм iшiнде қалдыруға ниеттенiп отырса, онда олардың артықшылықтары мен иммунитеттерi олар кететiн кезге дейiн сақталатындығы ескерiледi.
3. Бас хатшы немесе лауазымды тұлға қайтыс болған жағдайда, олардың бiрге тұрған отбасы мүшелерi болу мемлекетiн қалдыру сәтiне дейiн немесе осы сәттердiң қайсысы мерзiмiнен бұрын басталатынына байланысты болу мемлекетiн қалдырудың саналы мерзiмi өткенге дейiн, өздерiне берiлген артықшылықтар мен иммунитеттердi пайдалануды жалғастырады.
17-бап
Осы Конвенцияға сәйкес артықшылықтар мен иммунитеттердi пайдаланып отырған барлық тұлғалар, өздерiнiң артықшылықтары мен иммунитеттерiне нұқсан келтiрiлместен болу мемлекетiнiң заңнамасын құрметтеуге мiндеттi. Олар, сондай-ақ осы мемлекеттiң iшкi iстерiне араласпауға мiндеттi.
18-бап
1. Қоғамдастық иммунитет сот әдiлдiгiн жүзеге асыруға кедергi келтiредi және одан бас тарту берiлген иммунитетке байланысты мақсаттарға нұқсан келтiрмейдi деп тапқан жағдайда, Бас хатшының және лауазымды тұлғаның иммунитетiнен бас тартуы мүмкiн. Бас хатшыға, лауазымды тұлғаларға қатысты иммунитеттен бас тарту құқығына Мемлекетаралық кеңес ие болады.
2. ЕурАзЭҚ органдарының қызметкерлерiне қатысты иммунитеттен бас тарту құқығына Бас хатшы ие болады.
3. Иммунитеттен бас тарту айқын бiлдiрiлуi тиiс.
3. Мүше мемлекеттер өкiлдерiнiң артықшылықтары мен
иммунитеттерi
19-бап
Тараптардың өкiлдерi ресми iс-әрекеттердi атқаруы кезiнде және Тараптар аумағында Қоғамдастық ұйымдастыратын iс-шаралардың өткiзiлу орындарына бара жатқан кезiнде мынадай артықшылықтар мен иммунитеттердi пайдаланады:
1) осындай тұлғалар ретiнде жасауы мүмкiн барлық iс-әрекеттерге қатысты жеке басын қамауға алынудан немесе ұсталудан, сондай-ақ сот және әкiмшiлiк билiктердiң қарауынан иммунитетi болады;
2) тұрғын үйiне қол сұғылмайды;
3) егер ресми немесе жеке пайдалануға арналмаған заттар мен өзге де мүлкi бap деп болжамдауға маңызды негiздер болмаса, iс-шара өткiзiлетiн аумақтың Тарабы заңнамасымен шектелген немесе шеттен әкелу не әкетуге тыйым салынған заттар мен өзге де мүлкi болмаса, бiрге алып жүретiн багаж бен қол жүгi кедендiк тексеруден босатылады;
4) болу мемлекетiне кiру және одан шығу бойынша шектеулерден, шетелдiктер ретiнде тiркелуден және уақытша тұруға рұқсат алудан босатылады.
2. Осы баптың ережелерi өкiлдiк пен азаматы немесе өкiлi болып табылатын не болған Тараптың билеушiлерi арасындағы өзара қарым-қатынасқа қолданылмайды.
20-бап
Тараптар өкiлдерiнiң пайдаланатын артықшылықтары мен иммунитеттерi олардың жеке пайдасына емес, өз Тарапының мүдделерi үшiн ресми функцияларын тиiмдi, тәуелсiз түрде орындау үшiн берiледi.
21-бап
Тараптардың өкiлдерi тұрып жатқан тұрғын жайлары, үй жиhаздары мен басқа да мүлкi, сондай-ақ олардың қызметтiк қажеттiлiктерi үшiн пайдаланатын көлiк құралдары тiнтуден, реквизициялаудан, тыйым салудан және атқарушылық ic-әрекеттерден иммунитеттi пайдаланады.
22-бап
Тарап өкiлдерiнiң мұрағаттары мен құжаттарына кез келген уақытта ақпарат көздерiне және олардың орналасу жерiне қарамастан қол сұғылмайды.
23-бап
Болу мемлекетi егер келу тыйым салынған немесе ол мемлекеттiк қауiпсiздiк мақсатында реттелетiн аймақтар туралы заңнамаға қайшы келмесе, өз аумағында барлық Тараптардың өкiлдерiне функцияларын орындауға қажеттi мөлшерде жүрiп-тұру және сапарлар жасау еркiндiгiн қамтамасыз етедi.
4. ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiлдiктердiң және олардың
қызметкерлерiнiң артықшылықтары мен иммунитеттерi
24-бап
1. Тараптар болу мемлекетiнiң аумағында ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiлдiктердi құра алады.
Тұрақты өкiлдiк болу мемлекетiнiң аумағында заңды тұлғаның құқығын пайдаланады және өз мақсаттары мен мiндеттерiн iске асыру үшiн, оның iшiнде:
шарт жасасуға;
жылжымалы және жылжымайтын мүлiктi сатып алуға, жалға алуға, иелiгiнен шығаруға және оларға иелiк етуге;
кез келген валютада банктiк шотқа ие болуға;
өзiнiң ақшалай қаражатын шет мемлекетке аударуға және шет мемлекетiнен ақшалай аударымдарды алуға;
сотта талапкер немесе жауапкер, сондай-ақ үшiншi тарап ретiнде болуға құқылы.
Айтылған құқық болу мемлекетiнiң заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Осы бапта көзделген құқықтарды Тұрақты өкiлдiктiң атынан ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiл не оны алмастырушы тұлға жүзеге асырады.
25-бап
Тұрақты өкiлдiкке оның басшысы мiндетiн жүзеге асыратын ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiлден басқа ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiлдiк персоналының мүшелерi де кiредi.
26-бап
1. Тұрақты өкiлдiктiң үй-жайына, соның iшiнде Тұрақты өкiлдiң жеке резиденциясына қол сұғылмайды.
2. Болу мемлекетiнiң басқарушылары бұл үй-жайларға өрттi немесе кейiнге қалдырылмайтын қорғау шараларын талап ететiн басқа да жағдайларды қоспағанда, Тұрақты өкiлдiң келiсiмiмен ғана кiре алады.
3. Тұрақты өкiлдiктiң үй-жайы, сондай-ақ Тұрақты өкiлдiктiң қозғалыс құралдары тiнтуден, реквизициялаудан, тыйым салудан және атқарушылық iс-әрекеттерден иммунитеттi пайдаланады.
27-бап
Тұрақты өкiлдiктiң мұрағаттары мен құжаттарына кез келген уақытта ақпараттың көздерiне және олардың орналасқан жерiне қарамастан қол сұғылмайды.
28-бап
Тұрақты өкiлдiктiң өз үй-жайларына жiберушi мемлекеттiң жалауы мен эмблемасын орналастыру құқығы бар.
29-бап
Болу мемлекетi жiберушi мемлекеттiң Тұрақты өкiлдiк үшiн қажеттi үй-жайларды алуына немесе сатып алуына көмек көрсетедi.
30-бап
Тұрақты өкiлдiк өзiнiң ресми байланыс құралдарына қатысты болу мемлекетi дипломатиялық өкiлдiктерге ұсынатынынан да кем емес қолайлы жағдайларды пайдаланады.
31-бап
Тұрақты өкiлдiк, коммуналдық төлемдер табылатындарды және қызмет көрсетудiң өзге де түрлерiн қоспағанда, болу мемлекетiнiң аумағында өз мақсаттары мен мiндеттерiн орындауға байланысты алынатын барлық салықтар мен алымдардан, баждардан және басқа да төлемдерден босатылады.
32-бап
ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiлдiктер, ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiлдер, дипломатиялық, әкiмшiлiк-техникалық персоналдың мүшелерi, сондай-ақ олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерi және қызмет көрсетушi персоналдың мүшелерi болу мемлекетiнiң азаматы болып табылмаған жағдайда, 1961 жылғы 18 сәуiрдегi Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясына сәйкес мемлекеттердiң дипломатиялық өкiлдiктерiне, дипломатиялық агенттерiне және әкiмшiлiк-техникалық персоналға, олардың отбасы мүшелерiне, сондай-ақ дипломатиялық өкiлдiктерге қызмет көрсетушi персоналға берiлетiн көлемде артықшылықтарды, иммунитеттер мен жеңiлдiктердi пайдаланады.
Осы баптың қолданысы болу мемлекетiнiң ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiлдiгiне таралмайды.
33-бап
ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiл, ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiлдiк персоналының мүшелерi, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерi, егер олар болу мемлекетiнiң азаматтары болып табылмаса немесе онда тұрақты тұрмайтын болса, болу мемлекетiндегi мемлекеттiк борыштардан босатылады.
34-бап
Болу Тарапының заңнамасында көзделген жағдайда ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiл мен ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiлдiк персоналының мүшелерi кеден баждарын, салықтарды және осыған байланысты алымдарды төлеуден босатыла отырып, мынадай:
1) Тұрақты өкiлдiктiң ресми пайдалануына арналған заттар мен өзге де мүлiктердi;
2) ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiлдiң және Тұрақты өкiлдiктiң персоналы мүшелерiнiң жеке пайдалануына арналған заттар мен өзге де мүлiктердi әкелуiне рұқсат берiледi.
ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiл мен ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiлдiк персоналы мүшелерiнiң өздерiмен бiрге алып жүретiн багаж бен қол жүгi, егер олардың iшiнде осы баптың 1-абзацында көрсетiлген алынуға жатпайтын заттар мен өзге де мүлiктер немесе әкелiнуi мен әкетiлуi болу мемлекетiнiң заңымен тыйым салынған немесе заңнамасымен реттелетiн заттар мен өзге де мүлiктер бар деп болжамдауға маңызды негiздер болмаса, кедендiк тексеруден босатылады. Мұндай жағдайларда тексеру одан босатылуға жататын тұлғаның немесе оның уәкiлеттi өкiлiнiң қатысуымен ғана жүргiзiледi.
Осы баптың қолданысы егер олар болу мемлекетiнiң азаматтары болып табылса немесе онда тұрақты тұратын болса, ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiлге және ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiлдiк персоналының мүшелерiне қатысты таралмайды.
35-бап
ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiл мен ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiлдiк персоналының мүшелерi болу мемлекетiнде ғылыми, шығармашылық және оқытушылық қызметтердi қоспағанда, жеке пайдасы үшiн кәсiпкерлiк немесе кез келген басқа да қызметпен айналыспауы тиiс.
Ғылыми, шығармашылық және оқытушылық қызметтерден табыс алған жағдайда, бұл табыстарға болу мемлекетiнiң заңнамасына сәйкес салық салынады.
36-бап
Жiберушi мемлекет дипломатиялық немесе өзге де келiсiлген жолдары бойынша Интеграциялық Комитет пен болу мемлекетiн:
1) ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiлдiң, ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiлдiктiң персоналы мүшелерiнiң тағайындалғаны туралы, олардың лауазымы мен атағы, олардың келуi мен бiржолата кетуi туралы немесе олардың Тұрақты өкiлдiкте функцияларын тоқтатуы туралы, сондай-ақ Тұрақты өкiлдiктегi қызметi кезiнде олардың мәртебесiне өзiнiң әсерiн тигiзуi мүмкiн басқа да өзгерiстер туралы;
2) ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiл немесе ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiлдiк персоналы мүшесiнiң отбасы мүшесi болып табылатын және онымен бiрге тұратын кез келген тұлғаның келуi мен бiржолата кетуi және тиiстi жағдайларда белгiлi бiр тұлғаның отбасы мүшесi болатыны немесе болуын тоқтататыны туралы;
3) әкiмшiлiк-техникалық және қызмет көрсетушi персоналдың Тұрақты өкiлдiктегi жұмысының басталуы мен тоқтатылуы туралы;
4) осы Конвенцияның 26-бабына сәйкес қол сұғылмайтын үй-жайлардың орналасу жерi туралы, сондай-ақ осындай үй-жайларды сәйкестендiруге қажет болуы мүмкiн кез келген басқа да мәлiметтердi хабарлайды.
37-бап
1. Конвенцияның осы бөлiмiне сәйкес артықшылықтар мен иммунитеттерге құқығы бар әрбiр тұлға, оларды өзiнiң қызмет орнына бару кезiнде мемлекетiнiң аумағына келген сәтiнен бастап, немесе, егер ол тұлға сол аумақта болып, оның тағайындалуы туралы ЕурАзЭҚ немесе жiберушi мемлекет болу мемлекетiне хабарлаған сәтiнен бастап пайдаланады.
Егер артықшылықтар мен иммунитеттердi пайдаланушы адамның функциялары аяқталса, оның артықшылықтары мен иммунитеттерi, әдетте, сол адам болу мемлекетiнiң аумағын қалдырған кезде немесе оны iстеудiң саналы мерзiмi өткеннен кейiн тоқтатылады. Алайда, ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiлдiк персоналы мүшесi функциясын орындау кезiнде осындай тұлғаның жасаған iс-әрекеттерiне қатысты иммунитетi қолданысын жалғастырады.
2. ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiл немесе ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiлдiк персоналы мүшесi немесе оның отбасы мүшесi қайтыс болған жағдайда, оның отбасы мүшелерi өздерiнiң артықшылықтар мен иммунитеттерге құқығын болу мемлекетiнiң аумағын қалдырудың саналы мерзiмi өткенге дейiн пайдалана алады.
3. ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiл немесе ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiлдiк персоналы мүшесi не онымен бiрге тұратын отбасы мүшесi қайтыс болған жағдайда, болу мемлекетi оның аумағы шегiнде сатып алынған және ол қайтыс болған кезде алып кетуге тыйым салынған бүкiл мүлiктi есептемегенде, қайтыс болған адамның жылжымалы мүлкiн алып кетуiне рұқсат бередi. Болу мемлекетiне ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiл Тұрақты өкiлдiктiң қызметкерi немесе оның отбасы мүшесi ретiнде келiп, қайтыс болғанына байланысты ғана оның сол мемлекеттегi жылжымалы мүлкiне мұра салығының түрлерi алынбайды.
38-бап
1. ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiл немесе ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiлдiк персоналының мүшелерi, әдетте, жiберушi мемлекеттiң азаматтары болып табылады.
2. Болу мемлекетiнiң азаматы болып табылатын немесе онда тұрақты тұратын ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiл тек сотта және басқа мемлекеттiк органда қаралу иммунитетi мен өз функцияларын орындау кезiнде ресми iс-әрекеттерiне қатысты қолсұғылмаушылық иммунитетiн ғана пайдалана алады.
3. Болу мемлекетiнiң азаматы болып табылатын немесе онда тұрақты тұратын ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiлдiк персоналының мүшелерi болу мемлекетi рұқсат ететiн көлемде ғана артықшылықтар мен иммунитеттердi пайдаланады. Бiрақ болу мемлекетi осы тұлғаларға қатысты юрисдикциясын Тұрақты өкiлдiктiң өз функцияларын орындауына негiзсiз араласпай, жүзеге асыруы тиiс.
39-бап
ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiл және ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiлдiк персоналының мүшелерi, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерi осы Конвенцияда көзделген артықшылықтар мен иммунитеттерге нұқсан келтiрместен болу мемлекетiнiң заңнамасын құрметтеуге мiндеттi.
Олар сондай-ақ осы мемлекеттiң iшкi iстерiне де араласпауға мiндеттi.
40-бап
ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiл және ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiлдiк персоналының мүшелерi, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерi өздерi пайдаланатын немесе оларға тиесiлi барлық көлiк құралдарына қатысты үшiншi адамдардың алдындағы жауапкершiлiктi сақтандыру туралы болу мемлекетiнiң заңнамасына сәйкес мiндеттемелердi орындауы тиiс.
Тұрақты өкiлдiктiң үй-жайлары мен ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiл, ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiлдiк персоналының мүшелерi мен олардың отбасы мүшелерiнiң тұрғын үй-жайлары ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiлдiң, ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiлдiктiң персоналы мүшелерiнiң ресми функцияларды орындауына сәйкес келмейтiн мақсаттарда пайдаланылмауы тиiс.
41-бап
Болу мемлекетiнiң азаматы болып табылмайтын ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiлдерге және Тұрақты өкiлдiктiң дипломатиялық персоналына дипломатиялық карточкалар берiледi. Болу мемлекетiнiң азаматы болып табылмайтын Тұрақты өкiлдiктiң әкiмшiлiк-техникалық және қызмет көрсету персоналының мүшелерiне тиiстi санаттағы аккредиттеу карточкалары берiледi.
42-бап
1. Жiберушi Тарап иммунитет сот әдiлдiгiн жүзеге асыруға кедергi келтiредi және одан бас тарту берiлген иммунитетке байланысты мақсаттарға нұқсан келтiрмейдi деп тапқан жағдайда, ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiлдiң және ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiлдiк персоналы мүшелерiнiң иммунитетiнен бас тартуы мүмкiн.
2. Бас тарту айқын бiлдiрiлуi тиiс.
3. Егер жiберушi Тарап азаматтық талапқа қатысты ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiл немесе ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiлдiктiң персоналы мүшелерiнiң иммунитетiнен бас тартпайтын болса, ол iстiң әдiлеттi шешiлуiне барлық күшiн салады.
4. ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiлдiң немесе ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiлдiк персоналы мүшелерiнiң берген талап-арызы oны болу мемлекетiнiң негiзгi талаппен тiкелей байланысты кез келген қарсы талап қоюға қатысты иммунитетке сiлтеме жасау құқығынан айырады.
43-бап
Егер келу тыйым салынған немесе ол мемлекеттiк қауiпсiздiк мақсатында реттелетiн аймақтар туралы заңнамаға қайшы келмесе, болу мемлекетi өз аумағында ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiлдiң және ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiлдiк персоналы мүшелерiнiң функцияларын орындауға қажеттi мөлшерде жүрiп-тұру және сапарлар жасау еркiндiгiн қамтамасыз етедi.
44-бап
Болу мемлекетi және ЕурАзЭҚ органдары ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiлдiктiң өз функцияларын орындауына көмек көрсетедi.
5. ЕурАзЭҚ органдарының еңбек қатынастары және оны
әлеуметтiк қамсыздандыру
45-бап
1. Бас хатшының, ЕурАзЭҚ органдары лауазымды тұлғаларының және қызметкерлерiнiң еңбек қатынастарын Қоғамдастық реттейдi.
2. ЕурАзЭҚ органдарының техникалық және қызмет көрсетушi құрамының еңбек қатынастары болу мемлекетiнiң заңнамасымен реттеледi.
46-бап
1. Бас хатшы, ЕурАзЭҚ органдарының лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерiн зейнетақымен қамтамасыз ету олар азаматтары болып табылатын Тараптың заңнамасы бойынша жүзеге асырылады. Бұл ретте, зейнетақымен қамтамасыз ету аударымдарын Қоғамдастық бюджетiнен азаматтары Бас хатшы, лауазымды тұлғалар мен қызметкерлер болып табылатын ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердiң тиiстi қорларына Тараптар мемлекетiнiң заңнамасына сәйкес ЕурАзЭҚ органдары жүргiзедi.
2. Бас хатшыға, ЕурАзЭҚ органдарының лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерiне зейнетақы төлеу бойынша шығыстар олар азаматтары болып табылатын мемлекет есебiнен жүргiзiледi.
47-бап
1. Бас хатшыға, ЕурАзЭҚ органдарының лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерiне әлеуметтiк сақтандыру (қамсыздандыру) жөнiндегi жәрдемақы тағайындау және төлеу – аумағында аталған адамдар жұмыс iстейтiн мемлекеттiң заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
2. Әлеуметтiк сақтандыру бойынша жәрдемақыларды төлеу бойынша шығыстар аумағында Бас хатшы, ЕурАзЭҚ органдарының лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерi жұмыс iстейтiн мемлекет есебiнен өзара есеп айыруларсыз жүргiзiледi. Бұл ретте әлеуметтiк және медициналық сақтандыру қорларына аударымдар болу мемлекетiнiң заңнамасына сәйкес Қоғамдастық бюджетiнен жүргiзiледi.
48-бап
Зейнетақыны немесе әлеуметтiк сақтандыру (қамсыздандыру) бойынша жәрдемақыны тағайындау кезiнде азаматтары болып табылатын мемлекеттiң заңнамасына сәйкес Бас хатшы, ЕурАзЭҚ органының лауазымды тұлғасы немесе қызметкерi ретiнде жұмыс iстеу кезеңi сақтандыру немесе еңбек өтiлiне есептеледi.
6. Қорытынды ережелер
49-бап
Егер осы Конвенция 1-бапта көрсетiлген тұлғалар үшiн үлкен көлемде артықшылықтар мен иммунитеттер беретiн болса, онда осы Конвенция ЕурАзЭҚ шеңберiнде Тараптарға қатысты артықшылықтар мен иммунитеттердi берудi реттейтiн халықаралық шарттар алдында басымдығы болады.
50-бап
1. Осы Конвенцияның ережелерi Кеден одағы комиссиясы Хатшылығының лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерiне де таралады.
2. Кеден одағы комиссиясының Жауапты хатшысы және оның отбасы мүшелерi Бас хатшы мен оның отбасы мүшелерi сияқты артықшылықтар мен иммунитеттердi пайдаланады.
51-бап
Осы Конвенцияны қолдануға немесе түсiндiруге байланысты туындаған даулар мүдделi Тараптардың консультациялары және келiссөздерi арқылы шешiледi.
Тараптар алты ай iшiнде келiсiмге қол жеткiзбеген жағдайда, осы Конвенцияны қолдану немесе түсiндiруге байланысты туындаған дауды кез келген мүдделi Тарап Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Сотының қарауына бередi.
52-бап
1. Осы Конвенция ратификациялауға жатады. Ратификациялау грамоталары депозитарий болып табылатын Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық Комитетiне сақтауға тапсырылады.
2. Осы Конвенция соңғы ратификациялау грамотасын депозитарий алған күннен бастап 30 күн өткен соң күшiне енедi.
53-бап
Осы Конвенция күшiне енген күнiнен бастап 2001 жылғы 31 мамырдағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың артықшылықтары мен иммунитеттерi туралы конвенция өз күшiн жояды.
54-бап
Осы Конвенция Шарттың 9-бабына сәйкес ЕурАзЭҚ мүшелiгiне енетiн кез келген мемлекеттiң оған қосылуы үшiн ашық. Осы Конвенцияға қосылу туралы құжаттар депозитарийге сақтауға тапсырылады.
Қосылатын мемлекет үшiн осы Конвенция қосылу туралы құжат депозитарийге сақтауға тапсырылған күнiнен бастап күшiне енедi.
55-бап
Тараптардың кез келгенi депозитарийге жазбаша хабарлама жiбере отырып, осы Конвенциядан шыға алады.
Бұл Тарапқа қатысты осы Конвенцияның күшi осындай хабарламаны депозитарий алған күнiнен бастап 6 ай өткеннен кейiн тоқтатылады.
56-бап
Осы Конвенцияға осы Конвенцияның 52-бабында көзделген тәртiппен күшiне енетiн жеке хаттамалармен ресiмделетiн өзгерiстер енгiзiлуi мүмкiн.
Осы Конвенция 2000 жылғы 10 қазандағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықты құру туралы шарттың қолдану мерзiмi iшiнде күшiнде болады.
Конвенцияның түпнұсқа данасы куәландырылған көшiрмесiн әрбiр Тарапқа жолдайтын Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық Комитетiнде сақталады.
_________ қаласында 20___ жылғы «___» __________ орыс тiлiнде бiр түпнұсқа данада жасалды.
Беларусь Республикасы үшiн
Қазақстан Республикасы үшiн
Қырғыз Республикасы үшiн
Ресей Федерациясы үшiн
Тәжiкстан Республикасы үшiн


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina