Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 1543 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Босния және Герцеговина Министрлер Кабинетi арасындағы Дипломаттық және қызметтiк паспорттардың иелерiн визалық талаптардан босату туралы келiсiмдi бекiту туралыҚазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса берiлiп отырған 2011 жылғы 21 мамырда Астана қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Босния және Герцеговина Министрлер Кабинетi арасындағы Дипломаттық және қызметтiк паспорттардың иелерiн визалық талаптардан босату туралы келiсiм бекiтiлсiн. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi К. Мәсiмов Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Босния және Герцеговина Министрлер Кабинетi арасындағы Дипломаттық және қызметтiк паспорттардың иелерiн визалық талаптардан босату туралы келiсiм Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Босния және Герцеговина Министрлер Кабинетi (бұдан әрi «Тараптар» деп аталатын), екi мемлекеттiң достық қарым-қатынасты нығайтуға деген ұмтылысын назарға ала отырып, Тараптар мемлекеттерiнiң дипломаттық және қызметтiк паспорттары бар азаматтарының өзара сапарларына ықпал етуге тiлек бiлдiре отырып, төмендегiлер туралы келiстi: 1-бап Тараптардың әрқайсысы мемлекетiнiң азаматтары, жарамды дипломаттық немесе қызметтiк паспорттардың иелерi екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағына келу, онда болу немесе транзитпен өту үшiн визалық талаптардан отыз (30) күннен аспайтын кезеңге босатылады. 2-бап Тараптардың әрқайсысы мемлекетiнiң азаматтары, екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында орналасқан дипломатиялық өкiлдiктердiң, консулдық мекемелердiң немесе халықаралық ұйымдардың қызметкерлерi болып табылатын жарамды дипломаттық немесе қызметтiк паспорттардың иелерi, сондай-ақ дипломаттық және қызметтiк паспорттары бар және олармен бiрге тұратын олардың отбасы мүшелерi екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағына өздерi тағайындалған мерзiмде визасыз келуге, болуға және кетуге құқылы. 3-бап Осы Келiсiм бiр Тарап мемлекетi азаматтарының екiншi Тарап мемлекетiнiң заңнамасын сақтау мiндеттерiн қозғамайды. 4-бап 1. Тараптардың әрқайсысы өз мемлекетiнiң аумағында болуы қолайсыз деп танылған екiншi Тарап мемлекетi азаматының келуiнен бас тарту немесе болу мерзiмiн қысқарту құқығын өзiнде сақтайды. 2. Тараптардың бiрi мемлекетiнiң азаматы/азаматшасы өзiнiң дипломаттық немесе қызметтiк паспортын екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында жоғалтқан жағдайда, ол болатын мемлекетiнiң құзыреттi органдарына олар қажеттi шаралар қабылдау үшiн бұл туралы хабарлауға мiндеттi. Бұл ретте, осы азамат мемлекетiнiң дипломатиялық өкiлдiгi немесе консулдық мекемесi оған жаңа жол жүру құжатын бередi және болатын мемлекетiнiң құзыреттi органдарын бұл туралы хабардар етедi. 5-бап 1. Осы Келiсiмдi орындау мақсатында Тараптар жарамды дипломаттық және қызметтiк паспорттардың үлгiлерiмен, мұндай құжаттардың толық сипаттамасын қоса алғанда, осы Келiсiмге қол қойылған күннен бастап отыз (30) күн iшiнде дипломатиялық арналар арқылы алмасады. 2. Әрбiр Тарап сондай-ақ жаңа және өзгертiлген паспорттардың үлгiлерiн, мұндай құжаттардың толық сипаттамасын қоса алғанда, олар қолданысқа енгiзiлгенге дейiн отыз (30) күннен кешiктiрмей дипломатиялық арналар бойынша бiр-бiрiне жолдауға тиiс. 6-бап 1. Тараптардың әрқайсысы ұлттық қауiпсiздiктi, қоғамдық тәртiптi және қоғамдық саулықты қамтамасыз ету мақсатында осы Келiсiмнiң қолданылуын уақытша тоқтата тұру, iшiнара немесе толық тоқтату құқығын өзiнде сақтайды. Осы Келiсiмнiң қолданылуын тоқтата тұру, тоқтата тұруды алып тастау туралы шешiм ол күшiне енгенге дейiн жетпiс екi (72) сағаттан кешiктiрмей дипломатиялық арналар арқылы екiншi Тарапқа жеткiзiлуi тиiс. 2. Осы Келiсiмнiң қолданылуын тоқтата тұру екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында жүрген, осы Келiсiмнiң 1 және 2-баптарында көрсетiлген азаматтардың құқықтық жағдайына ықпал етпейдi. 7-бап Осы Келiсiмге Тараптардың өзара келiсуi бойынша кез келген уақытта өзгерiстер енгiзiлуi мүмкiн. Тараптар келiскен кез келген өзгерiс осы Келiсiмнiң 9-бабына сәйкес күшiне енедi. 8-бап Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруге және қолдануға қатысты даулар мен келiспеушiлiктер Тараптар арасындағы консультациялар және келiссөздер жолымен шешiледi. 9-бап 1. Осы Келiсiм белгiленбеген мерзiмге жасалады. 2. Тараптардың әрқайсысы кез келген уақытта осы Келiсiмнiң қолданылуын тоқтату ниетi туралы дипломатиялық арналар арқылы жазбаша түрде хабарлауға құқылы. Мұндай жағдайда Келiсiм Тараптардың бiрi оның қолданылуын тоқтату ниетi туралы екiншi Тараптың жазбаша хабарламасын алған күнiнен бастап тоқсан (90) күн өткенге дейiн күшiнде қалады. 3. Осы Келiсiм оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi Тараптардың орындағаны туралы дипломатиялық арналар арқылы соңғы жазбаша хабарлама алынған күнiнен бастап отыз (30) күн өткен соң күшiне енедi. Астана қаласында 2011 жылғы 21 мамырда әрқайсысы қазақ, босния, хорват, сербия, орыс және ағылшын тiлдерiнде екi түпнұсқа данада жасалды, әрi барлық мәтiннiң күшi бiрдей. Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру кезiнде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда Тараптар ағылшын тiлiндегi мәтiнге жүгiнедi. Қазақстан Республикасының Босния және Герцеговинаның Үкiметi үшiн Министрлер кабинетi үшiн 2011 жылғы 21 мамырда Астана қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкiметi Босния және Герцеговина Министрлер Кабинетi арасындағы Дипломаттық және қызметтiк паспорттардың иелерiн визалық талаптардан босату туралы келiсiмнiң куәландырылған көшiрмесi екендiгiн растаймын. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Халықаралық-құқық департаментi Директорының орынбасары А. Исетов РҚАО-ның ескертуi. Бұдан әрi Келiсiмнiң босния, хорват, сербия және ағылшын тiлдерiнде берiлген.
|