Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 20 желтоқсандағы № 1548 Қаулысы
"Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгiнiң 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 1 наурыздағы № 208 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. «Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгiнiң 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 1 наурыздағы № 208 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 23, 285-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгiнiң 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында: «Бюджеттiк бағдарламалар» деген 7-бөлiмде: «Бюджеттiк бағдарламалар» деген 7.1-кiшi бөлiмде: 001 «Елдiң экономикалық дамуына және ұлттық қауiпсiздiктi нығайтуға көмектесетiн жердi тиiмдi пайдалануға және қорғауға геодезиялық және картографиялық қамтамасыз етуге жағдай жасау жөнiндегi қызметтер» деген бюджеттiк бағдарламада: 2011 жыл бағанында: «Жердi тиiмдi пайдалану, геодезиялық және картографиялық қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыратын орталық аппараттың және өңiраралық жер инспекцияларының мемлекеттiк қызметкерлер саны» деген жолдағы «210» деген сандар «360» деген сандармен ауыстырылсын; «Бюджет шығыстарының көлемi» деген жолдағы «552 498» деген сандар «715 508» деген сандармен ауыстырылсын; 002 «Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгiнiң күрделi шығыстары» деген бюджеттiк бағдарламада: «Материалдық-техникалық жарақтандыру бойынша көрсетiлген қызметке жұмсалған орташа шығындар» деген жолдағы «856» деген сандар «8 903,5» деген сандармен ауыстырылсын; «Бюджет шығыстарының көлемi» деген жолдағы «6 848» деген сандар «71 228» деген сандармен ауыстырылсын; 003 «Мемлекеттiк жер кадастры мәлiметтерiн түзу» деген бюджеттiк бағдарламада: «МЖК ААЖ аттестациясы» деген жол мынадай редакцияда жазылсын: « МЖК ААЖ аттестациялау және аттестация алдындағы тексеру | қызмет | | | 2 | | | | | »; «Бюджеттiк шығындар көлемi» деген жолдағы «3 154 264» деген сандар «3 219 882» деген сандармен ауыстырылсын; 004 «Топография-геодезиялық және картографиялық өнiмдердi және олардың сақталуын қамтамасыз ету» деген бюджеттiк бағдарламада: 2011 жыл бағанында: тiкелей нәтиже көрсеткiштерiнде: реттiк нөмiрi «1. су қоймаларының» деген жолдағы «1224,8» деген сандар «10463,0» деген сандармен ауыстырылсын; тиiмдiлiк көрсеткiштерiнде: «5) аэроғарыштық фототүсiру материалдары: аумақтар, АЕМ, су қоймалары, қалалар» деген жолдағы «19,1» деген сандар «14,9» деген сандармен ауыстырылсын; «Бюджеттiк шығыстардың көлемi» деген жолдағы «2 168 674» деген сандар «2 301 474» деген сандармен ауыстырылсын; «Бюджеттiк шығыстардың жиынтығы» деген 7.2-кiшi бөлiмде: «Бюджеттiк шығыстардың БАРЛЫҒЫ:» және «Ағымдағы бюджеттiк бағдарламалар» деген жолдағы «6 043 148» деген сандар «6 468 956» деген сандармен ауыстырылсын; «001 «Елдiң экономикалық дамуына және ұлттық қауiпсiздiктi нығайтуға көмектесетiн жердi тиiмдi пайдалануға және қорғауға геодезиялық және картографиялық қамтамасыз етуге жағдай жасау жөнiндегi қызметтер»» деген жолдағы «552 498» деген сандар «715 508» деген сандармен ауыстырылсын; «002 «Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгiнiң күрделi шығыстары»» деген жол мынадай редакцияда жазылсын: « 002 «Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгiнiң күрделi шығыстары» | мың теңге | 450 | 6283 | 7122 8 | 6916 | 6916 | | | »; «003 «Мемлекеттiк жер кадастры мәлiметтерiн түзу» деген жолдағы «3 154 264» деген сандар «3 219 882»» деген сандармен ауыстырылсын; «004 «Топография-геодезиялық және картографиялық өнiмдердi және олардың сақталуын қамтамасыз ету»» деген жолдағы «2 168 674» деген сандар «2 301 474» деген сандармен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиiс. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi К. Мәсiмов
|