Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 20 желтоқсандағы № 1558 Қаулысы
Мемлекетаралық банк Кеңесiндегi Қазақстан Республикасының өкiлеттi өкiлi және оның орынбасарлары туралы1993 жылғы 22 қаңтардағы Мемлекетаралық банктi құру туралы келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын Мемлекетаралық банк Жарғысының 7-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Мыналар: 1) Мемлекетаралық банк Кеңесiнде Қазақстан Республикасының өкiлеттi өкiлiнiң мiндеттерiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Төрағасы (келiсiм бойынша) атқарады; 2) Мемлекетаралық банк Кеңесiнде Қазақстан Республикасының өкiлеттi өкiлi орынбасарларының мiндеттерiн тиiсiнше Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң бiрiншi басшылары айқындайтын Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары атқарады деп белгiленсiн. 2. "Мемлекетаралық банк Кеңесiне Қазақстан Республикасының өкiлеттi өкiлiн және оның орынбасарларын тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 10 ақпандағы № 170 қаулысының күшi жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi К. Мәсiмов