Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1568 Қаулысы
Шикi мұнайға және (немесе) газ конденсатына және мұнай өнiмдерiне нарықтық бағалар туралы ресми танылған ақпарат көздерiнiң тiзбесiн бекiту туралы "Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шiлдедегi Заңының 6-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса берiлiп отырған Шикi мұнайға және (немесе) газ конденсатына және мұнай өнiмдерiне нарықтық бағалар туралы ресми танылған ақпарат көздерiнiң тiзбесi бекiтiлсiн. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi К.Мәсiмов Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1568 қаулысымен бекiтiлген Шикi мұнайға және (немесе) газ конденсатына және мұнай өнiмдерiне нарықтық бағалар туралы ресми танылған ақпарат көздерiнiң тiзбесi Р/с № | Ақпарат көздерi | Басып шығарушы мен басылым елi | Тауардың (қызметтердiң) атауы | СЭҚ ТН коды | 1 | Сrudе Оil Маrкеt Wirе Ваsiс Sеrviсе | Тhе МсСrаw-Нill Соmраniеs (Рlаtts), Ұлыбритания | Мұнай | 2709 00 900 0 | 2 | Еurореаn Маrкеt Sсаn Ваsiс Serviсе, Аsiа-Расifiс/Аrаb Gulf МаrкеtSkаn | Тhе МсСrаw-Нill Соmраniеs (Рlаtts), Ұлыбритания | Мұнай өнiмдерi | 2709 00 100 0, 2710 | 3 | Аргус Ресей мұнай нарығы | Аrgus Меdiа (Russiа)Ltd. (Реtrоlеumаrgus), Ұлыбритания, Ресей | Мұнай және мұнай өнiмдерi | | 4 | Аргус Мұнай экспорты | Аrgus Меdiа (Russiа)Ltd. (Реtrоlеumаrgus), Ұлыбритания, Ресей | Мұнай | | 5 | Аргус Мұнай өнiмдерiнiң экспорты | Аrgus Меdiа (Russiа)Ltd. (Реtrоlеumаrgus), Ұлыбритания, Ресей | Мұнай өнiмдерi | | 6 | Аргус Каспий нарығы | Аrgus Меdiа (Russiа)Ltd. (Реtrоlеumаrgus), Ұлыбритания, Ресей | Мұнай және мұнай өнiмдерi | |
|