ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Постановления  »  қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Постановления

  қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1575 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралыҚазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2011 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 1575 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар
1. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң заң жобалау қызметiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 11 қыркүйектегi № 1376 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 40, 455-құжат):
1-тармақта:
Заң жобалау қызметi мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн:
Ахметов - Қазақстан Республикасы Табиғи
Рүстем Нұрланұлы монополияларды реттеу агенттiгiнiң
жауапты хатшысы,
Громов - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Сергей Николаевич министрiнiң орынбасары,
Күреңбеков - Қазақстан Республикасының Iшкi
Амантай Жанкенұлы iстер вице-министрi,
Скляр - Қазақстан Республикасының Көлiк
Роман Васильевич және коммуникация вице-министрi,
Төлеушин - Қазақстан Республикасының
Қаныш Аманбайұлы Индустрия және жаңа технологиялар
вице-министрi;
көрсетiлген құрамнан Нұрмұхамбет Қанапияұлы Әбдiбеков, Еркiн Сейдеғалиұлы Дүйсембаев, Ескендiр Көпбосынұлы Құдайбергенов, Александр Васильевич Кулинич, Әсет Қабиұлы Құрманғалиев, Людмила Григорьевна Полторабатько (келiсiм бойынша) шығарылсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Заң жобалау қызметi мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:
4-тармақтың үшiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Президенттiң тапсырмалары мен жыл сайынғы жолдауларын, Конституциялық Кеңестiң нормативтiк қаулылары мен жыл сайынғы жолдауларын, Үкiмет бекiтетiн мемлекеттiк бағдарламалар мен бағдарламаларды, мемлекеттiк бағдарламаларды, Үкiметтiң шешiмдерiн iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарларын, нормативтiк құқықтық актiлердiң құқықтық мониторингi нәтижелерiн, сондай-ақ Премьер-Министрдiң шешiмдерiн, заң жобасы республикалық немесе жергiлiктi бюджеттердiң шығыстарын ұлғайтуды немесе кiрiстерiн азайтуды көздеген жағдайда республикалық бюджет комиссиясының қорытындысын ескере отырып, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң заң жобалау жұмыстарының ағымдағы және перспективалы жоспарларын қалыптастыру жөнiндегi ұсынымдарды әзiрлеу;";
мынадай мазмұндағы 15-1-тармақпен толықтырылсын:
"15-1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне Комиссия отырысында қарау үшiн ұсынылған заң жобаларының тұжырымдамалары дереу барлық Комиссия мүшелерiне және мүдделi мемлекеттiк органдарға жiберiледi.
Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгi немесе Қазақстан Республикасының Үкiметi басшылығының тапсырмаларымен келiп түскен шұғыл мәселелердi қоспағанда, Комиссия мүшелерi және мүдделi мемлекеттiк органдар бiр апта мерзiмде өз ескертулерi мен ұсыныстары болған жағдайда Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне ұсынады.
Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Комиссия мүшелерi және мүдделi мемлекеттiк органдардың ескертулерi мен ұсыныстары ескерiле отырып пысықталған заң жобаларының тұжырымдамаларын Комиссия отырысына шығарады. Комиссия мүшелерiнiң, мүдделi мемлекеттiк органдардың ескертулерi мен ұсыныстарымен тұжырымдаманы әзiрлеушi орган келiспеген жағдайда, тиiстi ескертулер мен ұсыныстар Комиссия отырысында талқылауға жатады.
Комиссия мүшелерiне материалдарды жiберу Комиссия отырысы басталғанға дейiн күнтiзбелiк үш күннен кешiктiрiлмей жүзеге асырылады.".
2. "Кейбiр нұсқаулықтарды бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 қаулысында:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiнде iс жүргiзу жөнiндегi нұсқаулықта:
157-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Кеңсе Үкiмет қаулыларын және Премьер-Министр өкiмдерiн Әдiлет министрлiгiне жiберген кезде құқықтық ақпараттың автоматтандырылған жүйесiнде орналастыру үшiн оларды әзiрлеушi мемлекеттiк органды iлеспе хатта көрсетедi.".
3. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Регламентi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 44, 443-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Регламентiнде:
мынадай мазмұндағы 34-1-тармақпен толықтырылсын:
"34-1. Әзiрлеушi мемлекеттiк орган қаулы жобасын мүдделi мемлекеттiк органдарға келiсуге жiберген күннен бастап жетi жұмыс күнi iшiнде өзiнiң интернет-ресурсында кадрлық және ұйымдастырушылық мәселелердi, сондай-ақ мемлекеттiк құпияларды және (немесе) "Қызмет бабында пайдалану үшiн" деген белгiсi бар таралуы шектеулi қызметтiк ақпаратты қамтитын қаулы жобаларын қоспағанда, қаулы жобасын, түсiндiрме жазбаны және оған басқа қажеттi құжаттарды осы Регламенттiң 50-тармағының талаптарын ескерiп, оның iшiнде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасау, орындау, өзгерту және тоқтату мәселелерi бойынша мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде орналастырады.
Әзiрлеушi мемлекеттiк орган жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң аккредиттелген бiрлестiктерiнiң сараптамалық қорытындылары түскен күннен бастап оны жетi жұмыс күнi iшiнде өзiнiң интернет-ресурсында орналастырады, ал онымен келiспеген жағдайда келiспеудiң дәлелденген себептерiн орналастырады.";
74-тармақ мынадай мазмұндағы бесiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Кеңсе Үкiмет қаулыларының және Премьер-Министр өкiмдерiнiң куәландырылған көшiрмелерiн Әдiлет министрлiгiне жiберген кезде құқықтық ақпараттың автоматтандырылған жүйесiнде орналастыру үшiн оларды әзiрлеушi мемлекеттiк органды iлеспе хатта көрсетедi.";
82-тармақ мынадай мазмұндағы алтыншы және жетiншi бөлiктермен толықтырылсын:
"Мемлекеттiк органдар ағымдағы жылдың 1 шiлдесiне дейiн Заң жобалау жұмыстары жоспарының жобасына ұсыныстарын уақтылы бермеген жағдайда, Әдiлет министрлiгi тиiстi мемлекеттiк органның басшысына немесе оның мiндетiн атқарушы тұлғаға заң қызметi басшысын жауапкершiлiкке тарту туралы ұсыныс енгiзедi.
Заң жобалау жұмыстары жоспарының жобасына ұсыныстар болмаған жағдайда тиiстi мемлекеттiк орган Әдiлет министрлiгiне ұсыныстардың жоқтығы туралы хат жiбередi.";
мынадай мазмұндағы 84-1-тармақпен толықтырылсын:
"84-1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң немесе Премьер-Министр Кеңсесiнiң атына Үкiметтiң заң жобалау жұмыстарының жоспарында көзделмеген заң жобасын әзiрлеу туралы ұсыныспен жүгiнген жағдайда, әзiрлеушi мемлекеттiк орган алдын ала тиiстi заң жобасының тұжырымдамасын әзiрлейдi және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 21 тамыздағы № 840 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органдарында заң жобалау жұмыстарын ұйымдастыру ережесiне сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң заң жобалау қызметi мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияда қарау үшiн Әдiлет министрлiгiне ұсынады.
Заң жобалау қызметi мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның оң шешiмi болмаған жағдайда Премьер-Министрдiң Кеңсесi жоспардан тыс бастама жасалған заң жобасын әзiрлеу туралы ұсынысты қараусыз қайтаруы мүмкiн.";
мынадай мазмұндағы 91-2-тармақпен толықтырылсын:
"91-2. Әзiрлеушi мемлекеттiк орган заң жобасын мүдделi мемлекеттiк органдарға келiсуге жiберген күннен бастап жетi жұмыс күнi iшiнде өзiнiң интернет-ресурсында заң жобасын, түсiндiрме жазбаны және оған басқа да қажеттi құжаттарды осы Регламенттiң 95-тармағының талаптарын ескере отырып, мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде орналастырады.
Әзiрлеушi мемлекеттiк орган жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң аккредиттелген бiрлестiктерiнiң сараптамалық қорытындылар түскен күннен бастап оны жетi жұмыс күнi iшiнде өзiнiң интернет-ресурсында орналастырады, ал онымен келiспеген жағдайда келiспеудiң дәлелденген себептерiн орналастырады.";
мынадай мазмұндағы 114-2-тармақпен толықтырылсын:
"114-2. Әзiрлеушi мемлекеттiк орган заңнамалық актiге қол қойылған күннен бастап жетi жұмыс күнi iшiнде өзiнiң интернет-ресурсында өзi әзiрлеушi болған заңның нақты мақсаттары, әлеуметтiк-экономикалық және (немесе) құқықтық салдары, сондай-ақ болжанатын тиiмдiлiгi туралы ақпаратты қамтитын мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде, ал қажет болған жағдайда өзге де тiлдерде баспасөз релизiн орналастырады.
Бұл ретте әзiрлеушi мемлекеттiк орган көрсетiлген мерзiмде осы баспасөз релизiнiң көшiрмесiн құқықтық ақпараттың автоматтандырылған жүйесiнде орналастыру үшiн Әдiлет министрлiгiне жiбередi.";
120-1-тармақ мынадай мазмұндағы бөлiкпен толықтырылсын:
"Бұл ретте әзiрлеушi мемлекеттiк орган көрсетiлген мерзiмде осы баспасөз релизiнiң көшiрмесiн құқықтық ақпараттың автоматтандырылған жүйесiнде орналастыру үшiн Әдiлет министрлiгiне жiбередi.".


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina