Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 22 желтоқсандағы № 1581 Қаулысы
Оралмандардың 2012 - 2014 жылдарға арналған көшiп келу квотасын белгiлеу туралы"Халықтың көшi-қоны туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының ҮкiметiҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Оралмандардың 2012-2014 жылдарға арналған көшiп келу квотасы әр күнтiзбелiк жылға саны 10 000 отбасыдан белгiленсiн. 2. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi, өзге де орталық мемлекеттiк органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкiмдерi заңнамада белгiленген тәртiппен: 1) оралмандардың көшiп келу квотасына енгiзiлген оралмандарға 2012 - 2014 жылдарға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегiнде бейiмдеу және кiрiктiру қызметтерiн, жеңiлдiктер, өтемақылар, бiржолғы жәрдемақылар, сондай-ақ әлеуметтiк көмектiң басқа түрлерiн ұсынуды қамтамасыз етсiн; 2) жыл сайын, 1 шiлдеге және 1 ақпанға қарай Қазақстан Республикасының Үкiметiне осы қаулының орындалуы туралы есептердi ұсынсын. 3. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi К. Мәсiмов
|