Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 23 желтоқсандағы № 1585 Қаулысы
"Алкоголь өнiмiнiң өндiрiсi жөнiндегi қызметтi лицензиялау ережесi мен оған қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 23 тамыздағы № 732 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралыҚазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. «Алкоголь өнiмiнiң өндiрiсi жөнiндегi қызметтi лицензиялау ережесi мен оған қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 23 тамыздағы № 732 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 32, 345-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Алкоголь өнiмiнiң өндiрiсi жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы»; 1-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын. 2. Осы қаулы 2012 жылғы 30 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиiс. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi К. Мәсiмов
|