Постановления | |
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 23 желтоқсандағы № 1595 Қаулысы Дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы олардың қауiпсiздiгiнiң, тиiмдiлiгi мен сапасының сақталуы қамтамасыз етiлетiн жағдайларда сақтау мен тасымалдау қағидаларын бекiту туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегi Кодексiнiң 78-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса берiлiп отырған Дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы олардың қауiпсiздiгiнiң, тиiмдiлiгi мен сапасының сақталуы қамтамасыз етiлетiн жағдайларда сақтау мен тасымалдау қағидалары бекiтiлсiн. 2. Осы қаулы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi К. Мәсiмов |