Постановления | |
![]() |
"Темекi өнiмдерiн өндiру жөнiндегi қызметтi лицензиялау ережесiн және оған қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 сәуiрдегi № 352 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 25 шiлдедегi № 628 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. «Темекi өнiмдерiн өндiру жөнiндегi қызметтi лицензиялау ережесiн және оған қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 сәуiрдегi № 352 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 25 шiлдедегi № 628 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 25, 296-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Темекi өнiмдерiн өндiру жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 сәуiрдегi № 352 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы»; 1-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын. 2. Осы қаулы 2012 жылғы 30 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиiс. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi К. Мәсiмов |