Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 28 желтоқсандағы № 1618 Қаулысы
"Салалық арттырушы коэффициенттердi бекiту туpaлы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 9 маусымдағы № 548 қаулысына өзгеpiстep мен толықтыру енгiзу туралыҚазақстан Республикасының Yкiмeтi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. «Салалық арттырушы коэффициенттердi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Yкiмeтiнiң 2008 жылғы 9 маусымдағы № 548 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 29, 286-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн: 1-тармақта; 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «1) тау-кен металлургия саласында-кемiнде 1,7;»; 7) тармақшадағы «2,0 болып бекiтiлсiн.» деген сөздер «2,0;» деген санмен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын: «8) темiржол саласында - 1,05-тен 1,25-ке дейiн болып бекiтiлсiн.». 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiлсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi К. Мәсiмов
|