Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 28 желтоқсандағы № 1623 Қаулысы
Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн шетелдiк жұмыс күшiн тартуға 2012 жылға арналған квотаны белгiлеу туралыҚазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн шетелдiк жұмыс күшiн тартуға 2012 жылға арналған квота республиканың экономикалық жағынан белсендi халқына шаққанда 1,0 пайыз мөлшерiнде белгiленсiн. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi К. Мәсiмов