Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 21 ақпандағы № 247 Қаулысы
"Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы 2009 - 2016 жылдарға арналған ұзақ мерзiмдi экономикалық ынтымақтастық туралы шартты бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы туралыҚазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: «Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы 2009 - 2016 жылдарға арналған ұзақ мерзiмдi экономикалық ынтымақтастық туралы шартты бекiту туралы» Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi К. Мәсiмов Қазақстан Республикасының Президентi ЖАРЛЫҚ Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы 2009 - 2016 жылдарға арналған ұзақ мерзiмдi экономикалық ынтымақтастық туралы шартты бекiту туралы «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН: 1. 2009 жылғы 10 маусымда Минск қаласында жасалған Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы 2009 - 2016 жылдарға арналған ұзақ мерзiмдi экономикалық ынтымақтастық туралы шарт бекiтiлсiн. 2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының Президентi Н. Назарбаев Астана, Ақорда, 2012 жылғы № Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы 2009 - 2016 жылдарға арналған ұзақ мерзiмдi экономикалық ынтымақтастық туралы ШАРТ Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы, 1996 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасының арасындағы достық және ынтымақтастық туралы шартты, 1992 жылғы 16 қыркүйектегi Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Беларусь Республикасының Үкiметi арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың принциптерi туралы келiсiмдi, сондай-ақ халықаралық құқықтың жалпыға бiрдей нормалары мен принциптерiн басшылыққа ала отырып, тең құқылы және өзара тиiмдi сауда-экономикалық және өндiрiстiк қатынастарды одан әрi нығайту және дамыту қажеттiлiгiн ұғына отырып, ұзақ мерзiмдi және өзара тиiмдi экономикалық ынтымақтастық, Тараптардың экономикалық және ғылыми-техникалық әлеуетiн тиiмдi пайдалану олардың халқының әл-ауқатын арттыруға қызмет етедi деп есептей отырып, экономиканың серпiндi дамуына және экономикалық реформалар жүргiзуге зор маңыз бере отырып, төмендегiлер туралы уағдаласты: 1-бап Тараптар осы Шарттың ажырамас бөлiгi болып табылатын Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы 2009 - 2016 жылдарға арналған экономикалық ынтымақтастық бағдарламасын (бұдан әрi - Бағдарлама) iске асыруды жүзеге асырады. 2-бап Тараптар халықаралық құқықтың жалпыға бiрдей танылған принциптерiн бұлжытпай сақтау негiзiнде, оның iшiнде Тараптардың ұлттық заңнамасын сақтай отырып, мемлекеттiк басқару органдарының арасында, меншiк нысанына және ұйымдық бағыныстылығына қарамастан, тiкелей шаруашылық жүргiзушi субъектiлер арасында шарттар жасасу жолымен экономикалық ынтымақтастықты жүзеге асырады. Қабылданған мiндеттемелердiң орындалуына Тараптардың ұлттық заңнамасына сәйкес шарттар жасасқан шаруашылық жүргiзушi субъектiлер жауапты болады. Тараптар әрбiр Тарап экономикасының мүдделерiне нұқсан келтiретiн iс-қимылдан бас тартуға мiндеттенедi. 3-бап Тараптар Бағдарламаның орындалуын үйлестiрудi және оның iске асырылу барысын бақылауды жүзеге асыруды және қажет болған кезде оған өзгерiстер енгiзу жөнiнде ұсыныстар тұжырымдауды Қазақстан-Белорус үкiметаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi комиссиясына (бұдан әрi - Комиссия) жүктеуге келiстi. Бағдарламаның орындалу барысы бiр жылда кемiнде бiр рет Комиссияның отырыстарында қаралады. 4-бап Осы Шарттың ережелерiн түсiндiру және қолдану кезiнде даулар туындаған жағдайда Тараптар оларды өзара консультациялар мен келiссөздер жолымен шешетiн болады. 5-бап Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Шартқа оның ажырамас бөлiгi болып табылатын, осы Шарттың 7-бабымен көзделген тәртiппен күшiне енетiн жекелеген хаттамалармен ресiмделетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн. 6-бап Осы Шарт Тараптардың өздерi қатысушылары болып табылатын басқа халықаралық шарттардан туындайтын құқықтары мен мiндеттемелерiн қозғамайды. 7-бап Осы Шарт Тараптардың ұлттық заңнамасына қайшы келмейтiн бөлiкте қол қойылған күнiнен бастап уақытша қолданылады және Шарттың күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны алған күнiнен бастап күшiне енедi. Егер Тараптар өзгеше уағдаласпаса, осы Шарттың қолданылуын тоқтату iске асырылуы осы Шарттың қолданылуы тоқтатылғанға дейiн басталған жобаларды жүзеге асыруды қозғамайды. 8-бап Тараптардың әрқайсысы басқа Тарапты жазбаша хабардар ету жолымен осы Шарттың қолданысын тоқтата алады. Бұл жағдайда Шарт мұндай хабарламаны алған күннен бастап 6 (алты) ай өткеннен кейiн өзiнiң қолданылуын тоқтатады. 2009 жылғы 10 маусымда Минск қаласында қазақ және орыс тiлдерiнде екi түпнұсқа данада жасалды, әрi барлық мәтiннiң күшi бiрдей. Осы Шарттың ережелерiн түсiндiру кезiнде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тiлiндегi мәтiнге жүгiнетiн болады. Қазақстан Республикасы үшiн Беларусь Республикасы үшiн Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы 2009 — 2016 жылдарға арналған экономикалық ынтымақтастық БАҒДАРЛАМАСЫ Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы, көптеген өзектi бiрлескен проблемалар бойынша бiрыңғай ұстанымды ұстана отырып, БҰҰ, ЕҚЫҰ, ЕурАзЭҚ, ҰҚШҰ, ТМД сияқты халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимыл жасай отырып, басым экономикалық әрiптестер болып табылады және екi жақты экономикалық қатынастарды одан әрi дамыту қажеттiгiн мойындайды. Тараптардың ынтымақтастығы үшiн 1996 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасының арасындағы достық және ынтымақтастық туралы шарт, 1992 жылғы 16 қыркүйектегi Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Беларусь Республикасының Үкiметi арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық принциптерi туралы келiсiм негiз болып табылады. Көрсетiлген құжаттардың ережелерi негiзге алына отырып, осы Бағдарлама әзiрлендi. 1. Бағдарламаның негiзгi мақсаттары мен мiндеттерi Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы 2009 - 2016 жылдарға арналған экономикалық ынтымақтастық бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) Тараптардың өзара тиiмдi экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени байланыстарды дамыту, екi ел экономикасының жетекшi салалары кәсiпорындарының өндiрiстiк ынтымақтастығында айтарлықтай өрлеуге, осы негiзде өзара тауар айналымының өсiмiне қол жеткiзу жөнiндегi келiсiлген шаралар кешенiн жүзеге асыруын қамтамасыз ету мақсатында әзiрлендi. Осы мақсаттарға қол жеткiзу үшiн Тараптар мынадай мiндеттердi шешетiн болады: екi мемлекеттiң экономикасының өрлеуiне бағытталған экономикалық ынтымақтастықты тұрақты дамытуды қамтамасыз ету; тең құқықты және өзара тиiмдi жағдайларда сауда-экономикалық қатынастарды одан әрi дамыту; өзара саудада кедергiлердi жою; институционалдық қайта құруларды жүзеге асыруда, барлық шаруашылық жүргiзушi субъектiлер үшiн тең мүмкiндiктер мен кепiлдiктердi қамтамасыз етуде, адал бәсекелестiк үшiн жағдай туғызуға өзара iс-қимыл жасау; өндiрiстiң өсуi, оның дамуына инвестициялар салу, ғылым мен озық технологиялардың ең жаңа жетiстiктерiн енгiзу үшiн ынталандыру шараларын жасау; шығарылатын өнiмдердiң сапасы мен бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру; мемлекетаралық және өңiраралық ынтымақтастықты дамытудың басым бағыттарын мемлекеттiк қолдау жүйесiн құру; экономикалық ынтымақтастықтың мақсатты мемлекетаралық жобаларын және бағдарламаларын қалыптастыру; еңбек және зияткерлiк әлеуеттi сақтау және дамыту. 2. Экономикалық ынтымақтастықты дамыту Тараптар ұзақ мерзiмдi экономикалық ынтымақтастықты мынадай бағыттар бойынша дамытатын болады: Тараптардың экспорттық әлеуетiн дамыту; бiрлескен ғылыми-зерттеу және тәжiрибе-конструкторлық жұмыстар бағдарламасы мен инновациялық жобаларды әзiрлеу және iске асыру; өндiрiстiк кооперацияны iске асыру үшiн бiрыңғай құқықтық негiздер құру; терiс пиғылды шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қызметiн және екi мемлекеттiң аумағына сапасыз тауарлардың түсуiн болдырмау жөнiнде шаралар қабылдау; агроөнеркәсiптiк кешен және ауыл шаруашылығы машиналарын жасау саласындағы ынтымақтастық кәсiпкерлiктi дамыту саласындағы ынтымақтастық екi жақты ынтымақтастықтың шарттық-құқықтық базасын кеңейту; ақпарат алмасу және iскерлiк байланыстарды орнату жөнiнде ұлттық және халықаралық көрмелер, жәрмеңкелер, семинарлар, конференциялар және iс-шаралар өткiзу. 3. Сауда қатынастарын дамыту Тараптар арасындағы сауда ынтымақтастығын дамыту және тереңдету мемлекеттер арасында қолданыстағы еркiн сауда режимiнiң шеңберiнде және 2010 жылы Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының қатысуымен Кеден одағын құрудың болжанып отырғанын ескере отырып жүзеге асырылады. Кеден саясатын жүргiзу, көлiк құралдарының, тауарлар мен жолаушылардың қозғалысы үшiн қолайлы жағдай жасау, кедендiк бақылауды оңтайландыру саласында мынадай бағыттар бойынша кеден және басқа да органдардың iс-қимылын бiртiндеп және дәйектi түрде дамыту алда тұр: тауарлар транзитi үшiн қолайлы жағдайды қамтамасыз ету, транзиттiк тасымалдау кезiнде кедендiк рәсiмдердi оңайлату; Тараптардың кедендiк заңнамасының бұзылуына қарсы күрес бойынша, әсiресе есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды, прекурсорларды, атыс қаруын, оқ-дәрiлердi, жарылғыш және улы заттарды, сондай-ақ халық денсаулығы мен қоршаған орта үшiн қауiптi радиоактивтi материалдарды заңсыз тасымалдаудың жолын кесу саласында келiсiлген шаралар қабылдау; кеден iсiн бағдарламалық қамтамасыз етудi жетiлдiру. Мемлекеттер арасындағы сауда қатынастарын ұйымдастыру және жүзеге асыру қажеттi статистикалық ақпаратпен, статистикалық басылымдармен және жарияланымдармен, әдiснамалық материалдар мен әзiрлемелермен, бағдарламалармен, сондай-ақ статистикалық қадағалау, хат алмасу, зерттеулер жүргiзу тәжiрибесiмен алмасуды, сыртқы сауда статистикасын қалыптастыру принциптерiн келiсудi болжайды. 4. Бағдарламаны iске асыру тетiгi Бағдарлама Тараптардың мемлекеттiк басқару органдарының және шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiнiң Қазақстан-Белорус сауда-экономикалық ынтымақтастығы жөнiндегi үкiметаралық комиссиясының отырыстарында қабылданатын Бағдарламаны iске асырудың екi жылдық жоспарларында айқындалатын нақты iс-қимылдарды орындауы арқылы жүзеге асырылатын болады Қазақстан-Белорус сауда-экономикалық ынтымақтастығы жөнiндегi үкiметаралық комиссиясы шеңберiнде осы Бағдарламаны iске асыруды үйлестiру мақсатында Бағдарламаның негiзгi бөлiмдерiн iске асыру жөнiндегi кiшi комиссиялар мен жұмыс топтары құрылуы мүмкiн. Осымен 2009 жылғы 10 маусымда Минск қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы 2009 - 2016 жылдарға арналған ұзақ мерзiмдi экономикалық ынтымақтастық туралы шарттың куәландырылған көшiрмесi екендiгiн растаймын. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң Халықаралық құқық департаментi Халықаралық шарттар басқармасының Бастығы Б. Пискорский
|