Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 21 ақпандағы № 248 Қаулысы
Қаржы ұйымдары беретiн бiлiм беру кредиттерiн кепiлдендiру қағидаларын бекiту туралы«Бiлiм туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi Заңының 4-бабының 22-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса берiлiп отырған Қаржы ұйымдары беретiн бiлiм беру кредиттерiн кепiлдендiру қағидалары бекiтiлсiн. 2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi К. Мәсiмов