Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 22 ақпандағы № 253 Қаулысы
"Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты ұсынғаны үшiн төлемақының жылдық ставкаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 10 шiлдедегi № 1055 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы«Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексiнiң (Салық кодексi) 520-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. «Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты ұсынғаны үшiн төлемақының жылдық ставкаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 10 шiлдедегi № 1055 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 32, 303-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекiтiлген қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты ұсынғаны үшiн төлемақының жылдық ставкаларында: «Төлемақының жылдық ставкалары, %» деген бағандағы «1,24557», «1,24557» деген сандар «0,9816», «0,9816» деген сандармен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi К. Мәсiмов
|