ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Постановления  »  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Постановления

  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 28 ақпандағы № 266 Қаулысы
"Бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушылардың жекелеген санаттарына мемлекеттiк стипендиялар төлеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

«Бiлiм туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi Заңының 47-бабының 7-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушылардың жекелеген санаттарына мемлекеттiк стипендиялар төлеу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 7, 67-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушыларға мемлекеттiк стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларын және олардың мөлшерлерiн бекiту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса берiлiп отырған Бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушыларға мемлекеттiк стипендияларды тағайындау, төлеу қағидалары және олардың мөлшерлерi бекiтiлсiн.»;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушылардың жекелеген санаттарына мемлекеттiк стипендияларды төлеу қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi К. Мәсiмов
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2012 жылғы 28 ақпандағы
№ 266 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2008 жылғы 7 ақпандағы
№ 116 қаулысымен
бекiтiлген
Бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушыларға мемлекеттiк

стипендияларды тағайындау, төлеу қағидалары және

олардың мөлшерлерi

1. Жалпы ережелер

1. Осы Бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушыларға мемлекеттiк стипендияларды тағайындау, төлеу қағидалары және олардың мөлшерлерi (бұдан әрi – Қағидалар) «Бiлiм туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi Заңына сәйкес әзiрленген және бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушыларға мемлекеттiк стипендияларды тағайындау мен төлеу тәртiбiн, сондай-ақ олардың мөлшерлерiн айқындайды.
2. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайтын стипендияларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайтын мемлекеттiк атаулы стипендияларды тағайындау және төлеу тәртiбiне қолданылмайды.
3. Мемлекеттiк стипендия бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы бойынша күндiзгi оқу нысанында оқитын студенттерге, интерндерге, магистранттарға, докторанттарға, резидентура тыңдаушыларына, жоғары оқу орындарының дайындық бөлiмдерiнiң тыңдаушыларына (кәсiптiк лицейлердiң оқушыларынан басқа) тағайындалады және төленедi.
2. Мемлекеттiк стипендияларды тағайындау және төлеу тәртiбi

4. Мемлекеттiк стипендия емтихан сессиясының немесе бiлiм алушыларды аралық аттестаттаудың нәтижелерi бойынша «жақсы», «өте жақсы» деген бағаға сәйкес бағалардың баламасын алған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы бойынша оқитын, сондай-ақ мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы бойынша оқуға ауыстырылған студенттерге, интерндерге, магистранттарға тағайындалады және емтихан сессиясынан немесе бiлiм алушыларды аралық аттестаттаудан кейiн келетiн айдың бiрiншi күнiнен бастап семестр аяқталатын айдың соңына дейiн қоса алғанда ай сайын төленедi.
5. Мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы негiзiнде бiрiншi курсқа қабылданған студенттерге, интерндерге және магистранттарға (бiрiншi оқу жылы) мемлекеттiк стипендия бiрiншi семестрде тағайындалады және бiрiншi семестр бойы ай сайын төленедi. Келесi семестрлерде студенттерге, магистранттарға және интерндерге мемлекеттiк стипендия алдағы семестрдiң емтихан сессиясының немесе бiлiм алушыларды аралық аттестаттаудың қорытындысы бойынша тағайындалады және төленедi.
6. Мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы бойынша бiлiм алатын көзi нашар көретiн мүгедектер мен құлағы кемiс мүгедектерге, жетiм балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және азаматтардың қорғаншылығындағы (қамқорлығындағы) балаларға мемлекеттiк стипендия емтихан сессиясының нәтижелерi бойынша берешектерi немесе бiлiм алушыларды аралық аттестаттау нәтижелерi бойынша қанағаттанғысыз бағасы жоқ болса төленедi.
7. Жазғы емтихан сессиясы немесе бiлiм алушыларды аралық аттестаттау нәтижелерi бойынша мемлекеттiк стипендияға ұсынылған студенттерге, интерндерге, магистранттарға мемлекеттiк стипендия жазғы каникул кезеңi үшiн екi айға (шiлде, тамыз) қосылып төленедi.
8. Сынақтар мен емтихандарды бiлiм беру ұйымдары белгiлеген мерзiмде дәлелдi себептер бойынша (сырқаттану, отбасы жағдайы, табиғи зiлзала) тапсыра алмаған студенттерге, интерндерге және магистранттарға бiлiм алушы растайтын құжаттарды тапсырғаннан кейiн бiлiм беру ұйымының басшылығы сынақтар мен емтихандарды тапсыруға жеке уақыт белгiлейдi, содан кейiн оларға мемлекеттiк стипендия осы Қағидаларда белгiленген тәртiппен тағайындалады.
9. Кәсiптiк практика, жазғы демалыс кезiнде, сондай-ақ жалақы төленетiн жұмыс орындарында және қызметтерде жұмыс iстеген кезеңде студенттерге, интерндерге, магистранттарға мемлекеттiк стипендия осы Қағидаларда белгiленген тәртiппен төленедi.
10. Бiр оқу орнынан басқасына ауыстырылған студенттерге, интерндерге, магистранттарға мемлекеттiк стипендия оқу жоспарларындағы айырмашылық жойылғаннан кейiн осы Қағидаларда белгiленген тәртiппен тағайындалады және төленедi.
11. Докторанттарға, резидентура тыңдаушыларына және дайындық бөлiмшелерiнiң тыңдаушыларына мемлекеттiк стипендия оқытудың барлық мерзiмiне тағайындалады және ай сайын осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес төленедi.
12. Медициналық қорытындының негiзiнде (дәрiгерлiк-консультациялық комиссияның шешiмi) берiлген академиялық демалыстарды қоспағанда, студенттер, интерндер, магистранттар, резидентура тыңдаушылары, докторанттар академиялық демалыста болған кезеңде мемлекеттiк стипендия төленбейдi.
Академиялық демалыстан келген студенттерге, интерндерге, магистранттарға, резидентура тыңдаушыларына, докторанттарға мемлекеттiк стипендия тағайындау және төлеу алдағы (кезектi) емтихан сессиясы немесе бiлiм алушыларды аралық аттестаттау қорытындылары бойынша және оқу жоспарындағы айырмашылықтар болмаған жағдайда осы Қағидаларда белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
Сырқатына байланысты екiншi оқу жылына қалдырылған студенттерге, интерндерге, магистранттарға, резидентура тыңдаушыларына, докторанттарға мемлекеттiк стипендия кезектi емтихан сессиясы немесе бiлiм алушыларды аралық аттестаттау нәтижелерiне дейiн осы Қағидаларда белгiленген тәртiппен оқу жоспары орындалған алдыңғы семестрдiң қорытындысы бойынша тағайындалады және төленедi.
Туберкулезбен ауыратын студенттерге, интерндерге, магистранттарға, резидентура тыңдаушыларына, докторанттарға тиiстi медициналық қорытындысы болған кезде мемлекеттiк стипендия еңбекке жарамсыздық кезеңi үшiн белгiленедi және төленедi, бiрақ еңбекке жарамсыздық басталған күнiнен бастап он айдан аспайды.
13. Жүктiлiгiне және босануына байланысты демалысы кезеңiне студенттерге, интерндерге, магистранттарға, резидентура тыңдаушыларына, докторанттарға мемлекеттiк стипендия Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгiленген барлық мерзiм iшiнде жүктiлiгiне және босануына байланысты демалысқа шығарғанға дейiн белгiленген мөлшерде төленедi.
Академиялық демалыс кезеңiнде жүктiлiгiне және босануына байланысты уақытша еңбекке жарамсыздығы туралы парақты ұсынған жағдайда академиялық демалыс үзiлiп, жүктiлiгi және босануына байланысты демалыс ресiмделедi.
Студенттер, интерндер, магистранттар, резидентура, докторанттар тыңдаушылары бала күтiмiне байланысты ол үш жасқа толғанға дейiн академиялық демалыста болған кезеңде мемлекеттiк стипендия тағайындалмайды.
14. Стипендиялар бiлiм алушылар үлгерiмiн бақылау жүктелген бөлiмше бастығының қызметтiк хаты (ұсынысы) негiзiнде бiлiм беру ұйымы жетекшiсiнiң немесе уақытша оның мiндетiн атқарушының бұйрығымен тағайындалады.
15. Жеке тұлғаларға стипендияларды төлеу осы Қағидалардың 16-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, ақша алушының таңдаған банкте ашылған ағымдағы шотына сомаларды аудару жолымен жүзеге асырылады.
16. Төлем карточкасын жасау немесе екiншi деңгейдегi банктерде ағымдағы шоттарды ашу кезеңiнде, сондай-ақ ұйым орналасқан жерде екiншi деңгейдегi банктер, олардың пункттерi және төлем карточкаларына қызмет көрсететiн құрылғылар болмаған жағдайда стипендия төлеу ұйымның кассалары арқылы жүзеге асырылады.
3. Бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушыларға төленетiн

мемлекеттiк стипендиялардың мөлшерi

17. Мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы бойынша бiлiм алушыларға ай сайынғы мемлекеттiк стипендияның мөлшерi:
1) жоғары бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарында оқитын студенттерге – 15235 (он бес мың екi жүз отыз бес) теңге;
2) интерндерге – 27596 (жиырма жетi мың бес жүз тоқсан алты) теңге;
3) магистранттарға – 38931 (отыз сегiз мың тоғыз жүз отыз бiр) теңге;
4) докторанттарға – 59635 (елу тоғыз мың алты жүз отыз бес) теңге мөлшерiнде белгiленедi;
5) резидентура тыңдаушыларына және денсаулық сақтау магистранттарына – 44772 (қырық төрт мың жетi жүз жетпiс екi) теңге.
18. Техникалық және кәсiптiк (училищелер, колледждер), орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдары студенттерiнiң мемлекеттiк стипендиясы жоғары бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдары студенттерiнiң мемлекеттiк стипендиясы мөлшерiнiң 80 (сексен) пайызы деңгейiнде белгiленедi.
19. Дайындық бөлiмдерiнiң тыңдаушыларына мемлекеттiк стипендия мөлшерi жоғары бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарында оқитын студенттердiң мемлекеттiк стипендиясы мөлшерiнiң 85 (сексен бес) пайызы деңгейiнде белгiленедi.
20. Көзi нашар көретiн мүгедектер мен құлағы кемiс мүгедектер, жетiм балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және азаматтардың қорғаншылығындағы (қамқорлығындағы) балалар және емтихан сессиясының нәтижелерi бойынша тек «өте жақсы» деген бағалары бар студенттер мен магистранттар ұлғайтылған мемлекеттiк стипендия алуға құқықтары бар.
Мемлекеттiк стипендияны ұлғайту мөлшерi осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес белгiленедi.
21. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекет қамтамасыз ететiн студенттер мен магистранттарға мемлекеттiк стипендия жоғары бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымдары студенттерiнiң және магистранттарының мемлекеттiк стипендиясы мөлшерiнiң 50 (елу) пайызы деңгейiнде белгiленедi.
22. Медициналық қорытындының негiзiнде академиялық демалыста жүрген студенттерге, интерндерге, магистранттарға, докторанттарға, резидентура тыңдаушыларына академиялық демалыс кезiнде мемлекеттiк стипендия тиiсiнше докторанттардың, резидентура тыңдаушыларының, студенттердiң, интерндердiң, магистранттардың мемлекеттiк стипендиясы мөлшерiнiң 50 (елу) (мүгедектерге – 75 (жетпiс бес) пайызы мөлшерiнде белгiленедi.
23. Мемлекеттiк стипендиялар:
1) шығарылу себебiне қарамастан, бiлiм алушы бiлiм беру ұйымынан шығарылған жағдайда;
2) бiлiм алушы қайтыс болған жағдайда;
3) оқуды бiтiргеннен кейiн оқуды бiтiргенi туралы бұйрық шыққан күнiнен бастап төленбейдi.
24. Осы Қағидалардың 23-тармағында белгiленген жағдайлар бойынша мемлекеттiк стипендиялар төлеудi тоқтату бiлiм беру ұйымдары басшыларының тиiстi бұйрығын шығару арқылы жүзеге асырылады.
Бiлiм беру ұйымдарында бiлiм
алушыларға мемлекеттiк
стипендияларды тағайындау, төлеу
қағидаларына және олардың
мөлшерлерiне қосымша
Мемлекеттiк стипендияны ұлғайту мөлшер


П/с№

Стипендиаттар тiзбесi

Пайызға шаққандағы көтеру мөлшерi

1

Жоғары бiлiм, техникалық және кәсiптiк бiлiм (училищелер, колледждер), орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алатын көзi нашар көретiн мүгедектер мен құлағы кемiс мүгедектерге;

75

2

«Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан РеспубликасыныңЗаңына сәйкес жеңiлдiктер мен кепiлдiктер бойынша соғыс мүгедектерiне теңестiрiлген жоғары бiлiм, техникалық және кәсiптiк бiлiм (училищелер, колледждер), орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алатын студенттерге;

50

3

Жетiм балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және азаматтардың қорғаншылығындағы (қамқорлығындағы) балалар қатарынан шыққан жоғары бiлiм, техникалық және кәсiптiк бiлiм (училищелер, колледждер), орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алатын студенттерге;

30

4

Жоғары бiлiм, техникалық және кәсiптiк бiлiм (училищелер, колледждер), орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алатын, емтихан сессиясының нәтижелерi бойынша тек «өте жақсы» деген бағалары бар студенттерге, магистранттарға (мемлекеттiк атаулы стипендия мен Қазақстан Республикасы Президентiнiң стипендиясын алатын студенттерден басқа).

15

Ескертпе: Қосымшада көзделген ұлғайту мемлекеттiк стипендияның белгiленген мөлшерiне қарай (басқа ұлғайтуларды ескермей) жүргiзiледi.

Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina