ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Постановления  »  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Постановления

  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 29 ақпандағы № 269 Қаулысы
Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты iске асыру мониторингiн жүзеге асыру қағидаларын бекiту туралы«Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 12 сәуiрдегi Заңының 4-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты iске асыру мониторингiн жүзеге асыру қағидалары бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi К. Мәсiмов
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2012 жылғы 29 ақпандағы
№ 269 қаулысымен
бекiтiлген
Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты iске асыру
мониторингiн жүзеге асыру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты iске асыру мониторингiн жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) «Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 12 сәуiрдегi Заңының 4-бабының 2) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және уәкiлеттi органның мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты iске асыру жөнiндегi мемлекеттiк органдардың қызметiне мониторингтi жүзеге асыру тәртiбiн айқындайды.
2. Мониторингтi уәкiлеттi орган мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс шеңберiнде әлеуметтiк маңызы бар жобаларды тиiмдi iске асыруды қамтамасыз ету жөнiнде уақтылы және жедел шаралар қабылдау мақсатында жүзеге асырады.
2. Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты iске асыру
мониторингiн жүзеге асыру тәртiбi
3. Уәкiлеттi орган мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты iске асыру
мониторингiн жүргiзудi кезең-кезеңмен жүзеге асырады және:
1) деректердi жинауды;
2) деректердi өңдеудi;
3) деректердi талдауды қамтиды.
4. Уәкiлеттi орган мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты iске асыру мониторингiн жарты жылда бiр рет мынадай көрсеткiштер бойынша өткiзедi:
1) Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларында, басқа да стратегиялық құжаттарда айқындалған мемлекеттiк саясаттың стратегиялық мақсаттары мен мiндеттерiне қол жеткiзуге мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс бойынша iске асырылатын әлеуметтiк бағдарламалар мен әлеуметтiк жобалардың ықпалы;
2) мемлекеттiк органның стратегиялық жоспарында қойылған мiндеттерге қол жеткiзуге, мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс бойынша iске асырылған әлеуметтiк бағдарламалар мен әлеуметтiк жобалардың ықпалы;
3) мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс бойынша iске асырылған бағдарламалар, жобалар шеңберiнде мақсатты аудиторияны қамтудың толықтығы;
4) мемлекеттiк органның мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты iске асыруы нәтижесiнде мақсатты аудиторияның мүддесi мен қажеттiлiгiн қанағаттандыру деңгейi;
5) мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс шеңберiнде бағдарламалардың, жобалардың орындалуына жұмсалған бюджет қаражатының көлемi;
6) мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты iске асыру бойынша өнiм берушiнiң бiлiктiлiк деңгейi.
5. Мемлекеттiк органдар уәкiлеттi органға жыл сайын 10 шiлдеге және 10 қаңтарға осы Қағидалардың 4-тармағында белгiленген көрсеткiштерге қол жеткiзу туралы ақпарат ұсынады.
6. Уәкiлеттi орган мемлекеттiк органдар ұсынған ақпаратты жинақтайды, осы Қағидалардың 4-тармағында белгiленген көрсеткiштерге сәйкестiгi мәнiне талдайды және қорытылған мәлiметтер мен мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты iске асыру тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсынымдарды Қазақстан Республикасының Үкiметiне есептi кезеңнiң 25 тамызына және 25 ақпанына жолдайды.
7. Мемлекеттiк органдар есептi кезеңге арналған мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты iске асыру бойынша жұмыстарды жоспарлау кезiнде уәкiлеттi органның осы Қағидаларға сәйкес мониторинг нәтижесiнде әзiрленген ұсынымдарын басшылыққа алады.
8. Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты iске асыру бойынша мемлекеттiк органдардағы жұмыстың жай-күйi туралы қорытылған ақпаратты дайындау кезiнде уәкiлеттi орган мемлекеттiк органдар ұсынған немесе мемлекеттiк органдардан түскен ақпаратпен қатар үкiметтiк емес ұйымдар ұсынған мәлiметтердi, сондай-ақ әлеуметтiк зерттеулердiң нәтижелерiн пайдалануы мүмкiн.


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina