Постановления | |
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 29 ақпандағы № 270 Қаулысы Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыстың өнiм берушiлер тiзiлiмiн жүргiзу қағидаларын бекiту туралы «Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 12 сәуiрдегi Заңының 4-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыстың өнiм берушiлер тiзiлiмiн жүргiзу қағидалары бекiтiлсiн. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi К. Мәсiмов |