ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Постановления  »  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Постановления

  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 6 наурыздағы № 296 Қаулысы
"Мемлекеттiк тапсырманы әзiрлеу және орындау ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 12 наурыздағы № 291 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Мемлекеттiк тапсырманы әзiрлеу және орындау ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 12 наурыздағы № 291 қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк тапсырманы әзiрлеу және орындау ережесiнде:
1, 3, 4, 5, 6, 8, 10, 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға, Ұлттық әл-ауқат қоры тобына енетiн ұйымдарға, дербес бiлiм беру ұйымдарына және олардың ұйымдарына жекелеген мемлекеттiк қызметтер көрсетуге, бюджеттiк инвестициялық жобаларды iске асыруға және мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған басқа да мiндеттердi орындауға, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тапсырыс мемлекеттiк тапсырма болып табылады.
3. Мемлекеттiк тапсырманы әзiрлеу мемлекеттiк тапсырма нысанында мемлекеттiк қызметтер көрсетуге, бюджеттiк инвестициялық жобаларды iске асыруға немесе басқа да мiндеттердi орындауға арналған ұсыныстар мен негiздемелер дайындауды қамтиды.
4. Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi республикалық бюджеттi әзiрлеу кезiнде стратегиялық жоспардың жобасымен және бюджеттiк өтiнiммен бiрге бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға мемлекеттiк тапсырма нысанында мемлекеттiк қызметтер көрсетуге немесе бюджеттiк инвестициялық жобаларды iске асыруға арналған ұсыныс бередi.
5. Ұсыныс осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша берiледi
және мыналарды:
1) мемлекеттiк қызметтiң немесе бюджеттiк инвестициялық жобаның атауын;
2) мемлекеттiк қызметтiң немесе бюджеттiк инвестициялық жобаның сипаттамасын;
3) мемлекеттiк тапсырманың орындалуына жауапты жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаның немесе Ұлттық әл-ауқат қоры тобына енетiн ұйымның немесе дербес бiлiм беру ұйымының немесе оның ұйымының атауын;
4) шеңберiнде мемлекеттiк тапсырманы орындау ұсынылатын республикалық бюджеттiк бағдарламаның атауын және оны орындауға жоспарланып отырған бюджет қаражатының сомасын;
5) мемлекеттiк тапсырманы орындау мерзiмiн;
6) атап айтқанда мемлекеттiк тапсырма нысанында мемлекеттiк қызметтi немесе бюджеттiк инвестициялық жобаны iске асыру қажеттiгiнiң негiздемесiн қамтуы тиiс.
6. Мемлекеттiк тапсырма нысанында орындау жоспарланып отырған мемлекеттiк қызметтер мен бюджеттiк инвестициялық жобалардың тiзбесi мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарларының жобаларымен, республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк өтiнiмдерiмен бiрге Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгiзiледi.
8. Бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган республикалық бюджет туралы заңның негiзiнде және Республикалық бюджет комиссиясының ұсыныстарын ескере отырып, республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi және мемлекеттiк тапсырмаларды орындауға жауапты заңды тұлғалар көрсетiлген мемлекеттiк тапсырмалардың тiзбесiн (бұдан әрi – Мемлекеттiк тапсырмалар тiзбесi) қалыптастырады.
Мемлекеттiк тапсырмалар тiзбесi:
1) мемлекеттiк тапсырма нысанында жүзеге асырылатын мемлекеттiк қызметтiң немесе бюджеттiк инвестициялық жобаның атауын;
2) мемлекеттiк қызметтiң немесе бюджеттiк инвестициялық жобаның қысқаша сипаттамасын;
3) мемлекеттiк тапсырманы орындауға жауапты республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi мен заңды тұлғаның атауын;
4) шеңберiнде мемлекеттiк тапсырма орындалатын Бiрыңғай бюджеттiк сыныптаманың кодын көрсете отырып, республикалық бюджеттiк бағдарламаның атауын;
5) мемлекеттiк тапсырманы орындауға қажеттi бюджет қаражатының сомасын қамтуы тиiс.
Мемлекеттiк қызметтiң немесе бюджеттiк инвестициялық жобаның сипаттамасы қысқа әрi нақты болуы және мемлекеттiк қызметтiң немесе бюджеттiк инвестициялық жобаның мәнiн көрсетуге тиiс.
Мемлекеттiк тапсырмалар тiзбесi республикалық бюджет туралы заңды iске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысына қосымша нысанда бекiтiледi.
10. Мемлекеттiк тапсырманы орындау бекiтiлген республикалық бюджеттiк бағдарламаларды республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi мен мемлекеттiк тапсырманы орындаушы арасында азаматтық-құқықтық мәмiле (бұдан әрi - шарт) жасау арқылы iске асыру шеңберiнде нәтижелер көрсеткiштерi көрсетiле отырып, жүзеге асырылады.
13. Мемлекеттiк тапсырманы орындауға жауапты, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлға немесе Ұлттық әл-ауқат қоры тобына енетiн ұйым немесе дербес бiлiм беру ұйымы немесе оның ұйымы шеңберiнде мемлекеттiк тапсырма орындалатын республикалық бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсiне шартта белгiленген мерзiмде оның орындалу барысы туралы есеп бередi.";
көрсетiлген Ережеге қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi К. Мәсiмов
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2012 жылғы 6 наурыздағы
№ 296 қаулысына
қосымша
Мемлекеттiк тапсырманы әзiрлеу
және орындау ережесiне
қосымша
Мемлекеттiк тапсырма нысанындағы мемлекеттiк қызметтердi

көрсетуге немесе бюджеттiк инвестициялық жобаларды iске

асыруға арналған ұсыныс

__________________________________________________________
(республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң атауы)


Мемлекеттiк қызметтiң немесе бюджеттiк инвестициялық жобаның атауы

Мемлекеттiк қызметтiң немесе бюджеттiк инвестициялық жобаның сипаттамасы

Мемлекеттiк тапсырманы орындауға жауапты жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаның немесе Ұлттық әл-ауқат қоры тобына енетiн ұйымның немесе дербес бiлiм беру ұйымының немесе оның ұйымының атауы

Шеңберiнде мемлекеттiк тапсырманы орындау ұсынылатын республикалық бюджеттiк бағдарламаның атауы

Мемлекеттiк тапсырманы орындауға жоспарланатын бюджет қаражатының сомасы

Мемлекеттiк тапсырманың орындалу мерзiмi

Мемлекеттiк тапсырма нысанында мемлекеттiк қызметтi көрсету немесе бюджеттiк инвестициялық жобаны iске асыру үшiн негiздеме

1

2

3

4

5

6

7

8


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina