ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Постановления  »  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Постановления

  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 19 наурыздағы № 342 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi К. Мәсiмов
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2012 жылғы 19 наурыздағы
№ 342 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер

1. "Мемлекеттiк сатып алу саласындағы мамандарды қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 29 қарашадағы № 1144 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 44, 523-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк сатып алу саласындағы мамандарды қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру ережесiнде:
1-тармақтың үшiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"тапсырыс берушi - ұлттық басқарушы холдингтердi, ұлттық холдингтердi, ұлттық басқарушы компанияларды, ұлттық компанияларды және олар аффилиирлеген заңды тұлғаларды қоспағанда, Заңға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар, мемлекеттiк мекемелер, сондай-ақ мемлекеттiк кәсiпорындар, дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiнiң) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалар және олар аффилиирлеген заңды тұлғалар.".
2. "Мемлекеттiк сатып алу саласында тiзiлiмдердi қалыптастырудың және оны жүргiзудiң ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 29 қарашадағы № 1149 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 45, 529-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк сатып алу саласында тiзiлiмдердi қалыптастырудың және оны жүргiзудiң ережесiнде:
4-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын;
2-параграф, 10, 11 және 12-тармақтар алынып тасталсын;
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"25. Тiзiлiмге мәлiметтердi енгiзген кезде:
1) жосықсыз өнiм берушi туралы ақпарат:
өнiм берушiнiң атауы;
елi;
бизнес сәйкестендiру нөмiрi (БСН) (заңды тұлға үшiн) (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап);
жеке сәйкестендiру нөмiрi (ЖСН) (жеке тұлға үшiн);
салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi (2013 жылғы 1 қаңтарға дейiн);
2) өткiзiлген сатып алу туралы мәлiметтер:
сатып алуды жүзеге асыру тәсiлi;
сатып алу туралы хабарландырудың нөмiрi;
сатып алу туралы хабарландырудың күнi;
сатып алу қорытындыларын шығару күнi;
3) Мемлекеттiк сатып алу туралы шарттар тiзiлiмiндегi шарттың нөмiрi;
4) өнiм берушiнi (әлеуеттi) мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану негiздемесi;
5) сот шешiмi туралы мәлiметтер:
соттың атауы;
сот шешiмiнiң нөмiрi;
сот шешiмiнiң күнi;
сот шешiмiнiң заңды күшiне енген күнi;
6) Мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiнен алып тасталған күн";
көрсетiлген Ережеге 3 және 4-қосымшалар алынып тасталсын;
көрсетiлген Ережеге 8 және 9-қосымшалар осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын қолдану үшiн қажеттi қор және тауар биржаларының тiзбелерi, сондай-ақ олардың ұсынатын құжаттарының нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарды бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 26 желтоқсандағы № 1292 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 48, 594-құжат):
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын қолдану үшiн қажет қор биржаларының тiзбесiн, сондай-ақ олар ұсынатын құжаттардың нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарды бекiту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса берiлiп отырған "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын қолдану үшiн қажет қор биржаларының тiзбесi, сондай-ақ олар ұсынатын құжаттардың нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптар бекiтiлсiн.";
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын қолдану үшiн қажеттi қор және тауар биржаларының тiзбелерiнде, сондай-ақ олардың ұсынатын құжаттарының нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарда:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын қолдану үшiн қажет қор биржаларының тiзбесi, сондай-ақ олар ұсынатын құжаттардың нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптар";
3-тармақ алынып тасталсын.
4. "Мемлекеттiк кәсiпорындар, дауыс беретiн акцияларының (үлестерiнiң) елу және одан астам процентi мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар оларды кейiннен қайта өңдеу мақсатында сатып алатын тауарлардың тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 20 наурыздағы № 272 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 15, 142-құжат):
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттiк кәсiпорындар, дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiнiң) елу және одан астам процентi мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар кейiннен қайта өңдеу мақсатында сатып алатын тауарлардың тiзбесiн бекiту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса берiлiп отырған мемлекеттiк кәсiпорындар, дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiнiң) елу және одан астам процентi мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар кейiннен қайта өңдеу мақсатында сатып алатын тауарлардың тiзбесi бекiтiлсiн.";
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк кәсiпорындар, дауыс беретiн акцияларының (үлестерiнiң) елу және одан астам процентi мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар оларды кейiннен қайта өңдеу мақсатында сатып алатын тауарлардың тiзбесiнде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттiк кәсiпорындар, дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiнiң) елу және одан астам процентi мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар оларды кейiннен қайта өңдеу мақсатында сатып алатын тауарлардың тiзбесi".
5. "Өндiретiн, орындайтын, көрсететiн тауарлар, жұмыстар, қызметтер сатып алынатын түзеу мекемелерiнiң мемлекеттiк кәсiпорындарының тiзбесiн, сондай-ақ түзеу мекемелерiнiң мемлекеттiк кәсiпорындары өндiретiн, орындайтын, көрсететiн, олардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң тiзбесi мен көлемiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 29 қазандағы № 1002 қаулысы:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Өндiретiн, орындайтын, көрсететiн тауарларын, жұмыстарын, қызметтерiн қылмыстық-атқару жүйесiнiң органдары сатып алатын түзеу мекемелерi мемлекеттiк кәсiпорындарының тiзбесiн, сондай-ақ оларды өндiретiн, орындайтын, көрсететiн түзеу мекемелерiнiң мемлекеттiк кәсiпорындарынан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң тiзбесi мен көлемiн бекiту туралы".
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2012 жылғы 19 наурыздағы
№ 342 қаулысына
1-қосымша
Мемлекеттiк сатып алу саласында
тiзiлiмдердi қалыптастырудың және
жүргiзудiң ережесiне 8-қосымша
Мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылар туралы мәлiметтер


Жосықсыз өнiм берушi туралы мәлiметтер

Өткiзiлген сатып алу туралы мәлiметтер

Өнiм берушiнiң атауы

Елi

БСН, ЖСН

СТН

Сатып алу тәсiлi

Веб-порталдағы сатып алу туралы хабарландырудың нөмiрi

Сатып алуды хабарлау күнi

Сатып алу қорытындыларын шығару күнi

1

2

3

4

5

6

7

8

кестенiң жалғасы


Мемлекеттiк сатып алу туралы шарттар тiзiлiмiндегi шарт нөмiрi

Өнiм берушiнi (әлеуеттi) мемлекеттiк сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тануға негiздеме

Сот шешiмi туралы мәлiмет

Тiзiлiмнен шығарылған күнi

Соттың атауы

Сот шешiмiнiң нөмiрi

Сот шешiмiнiң күнi

Сот шешiмiнiң заңды күшiне енген күнi

9

10

11

12

13

14

15

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2012 жылғы 19 наурыздағы
№ 342 қаулысына
2-қосымша
Мемлекеттiк сатып алу саласында
тiзiлiмдердi қалыптастырудың және
жүргiзудiң ережесiне 9-қосымша
Мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмi


Жосықсыз өнiм берушi туралы мәлiметтер

Өткiзiлген сатып алу туралы мәлiметтер

Өнiм берушiнiң атауы

Елi

БСН, ЖСН

СТН

Сатып алу тәсiлi

Веб-порталдағы сатып алу туралы хабарландырудың нөмiрi

Сатып алуды хабарлау күнi

Сатып алу қорытындыларын шығару күнi

1

2

3

4

5

6

7

8

кестенiң жалғасы


Мемлекеттiк сатып алу туралы шарттар тiзiлiмiндегi шарт нөмiрi

Өнiм берушiнi (әлеуеттi) мемлекеттiк сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тануға негiздеме

Сот шешiмi туралы мәлiмет

Тiзiлiмнен шығарылған күнi

Соттың атауы

Сот шешiмiнiң нөмiрi

Сот шешiмiнiң күнi

Сот шешiмiнiң заңды күшiне енген күнi

9

10

11

12

13

14

15


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina