Постановления | |
![]() |
Iшкi көшiп-қонушыларды тiркеу қағидаларын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы «Халықтың көшi-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шiлдедегi Заңының 8-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса берiлiп отырған: 1) Iшкi көшiп-қонушыларды тiркеу қағидалары; 2) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер бекiтiлсiн. 2. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi бiр ай мерзiмде осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi К. Мәсiмов |