Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 27 наурыздағы № 356 Қаулысы
"Экспорттық-импорттық операциялар бойынша бiрыңғай терезе" интеграцияланған ақпараттық жүйесiн құру жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлейтiн комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 30 наурыздағы № 288 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. "Экспорттық-импорттық операциялар бойынша бiрыңғай терезе" интеграцияланған ақпараттық жүйесiн құру жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлейтiн комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 30 наурыздағы № 288 қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: "Экспорттық-импорттық операциялар бойынша бiрыңғай терезе" интеграцияланған ақпараттық жүйесiн құру жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлейтiн комиссияның құрамында: мыналар енгiзiлсiн: Есенбаев - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Мәжит Төлеубекұлы Кедендiк бақылау комитетiнiң төрағасы, хатшы Имашев - Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi Берiк Мәжитұлы Қаппаров - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны Нұрлан Жамбылұлы қорғау министрi Сағынтаев - Қазақстан Республикасының Экономикалық Бақытжан Әбдiрұлы даму және сауда министрi; мына: "Жұмағалиев - Қазақстан Республикасының Ақпарат және Асқар Қуанышұлы байланыс министрi", "Исекешев - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Әсет Өрентайұлы орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрi" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын: "Жұмағалиев - Қазақстан Республикасының Көлiк және Асқар Қуанышұлы коммуникация министрi", "Исекешев - Қазақстан Республикасының Индустрия Әсет Өрентайұлы және жаңа технологиялар министрi"; көрсетiлген құрамнан Рашид Төлеутайұлы Түсiпбеков, Қайрат Нематұлы Келiмбетов, Нұрғали Сәдуақасұлы Әшiм, Берiк Сайлауұлы Камалиев, Серiк Нұртайұлы Баймағанбетов шығарылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi К. Мәсiмов
|