Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 5 сәуiрдегi № 415 Қаулысы
"Министрлiктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелердегi адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 15 сәуiрдегi № 339 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. «Министрлiктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелердегi адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 15 сәуiрдегi № 339 қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекiтiлген министрлiктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелерiндегi адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерiнде: «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелердi ескере отырып, оның iшiнде:» деген реттiк нөмiрi 6-жолда: «11621» деген сандар «11656» деген сандармен ауыстырылсын; «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелер, оның iшiнде:» деген жолдағы «5610» деген сандар «5645» деген сандармен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi К. Мәсiмов
|