ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Постановления  »  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Постановления

  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 7 сәуiрдегi № 429 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Чех Республикасының Үкiметi арасындағы Қазақстан Республикасының дипломаттық паспорттарының иелерiн және Чех Республикасының дипломаттық паспорттарының иелерiн визалық талаптардан босату туралы келiсiмдi бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған 2011 жылғы 23 ақпанда Прага қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Чех Республикасының Үкiметi арасындағы Қазақстан Республикасының дипломаттық паспорттарының иелерiн және Чех Республикасының дипломаттық паспорттарының иелерiн визалық талаптардан босату туралы келiсiм бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2012 жылғы 7 сәуiрдегi
№ 429 қаулысымен
бекiтiлген

Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Чех Республикасының
Үкiметi арасындағы Қазақстан Республикасының дипломаттық

паспорттарының иелерiн және Чех Республикасының дипломаттық

паспорттарының иелерiн визалық талаптардан босату туралы

келiсiм

Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Чех Республикасының Үкiметi (бұдан әрi - «Тараптар» деп аталатындар), екi мемлекет арасындағы достық қарым-қатынастарды нығайтуға ниет бiлдiре отырып,
төмендегiлер туралы келiстi:

1-бап

1. Қазақстан Республикасының азаматтары, жарамды дипломаттық паспорттардың иелерi 1985 жылғы 14 маусымдағы Шенген Келiсiмiн iске асыру туралы 1990 жылғы 19 маусымдағы Конвенцияның Уағдаласушы Тараптары мемлекеттерiнiң аумағына алғаш кiрген күнiнен бастап кез келген алты ай мерзiм iшiнде үш (3) айдан аспайтын кезеңге Чех Республикасының аумағына визасыз келе алады, онда бола алады және транзитпен өте алады. Чех Республикасының аумағында болу кезеңi Қазақстан Республикасы азаматтарының 1985 жылғы 14 маусымдағы Шенген Келiсiмiн iске асыру туралы 1990 жылғы 19 маусымдағы Конвенциясының Уағдаласушы Тараптарының басқа мемлекеттерiнiң аумағында болған кезеңiн де қамтиды.
2. Чех Республикасының азаматтары, жарамды дипломаттық паспорттардың иелерi Қазақстан Республикасының аумағына алғаш кiрген күнiнен бастап кез келген алты ай мерзiм iшiнде үш (3) айдан аспайтын кезеңге Қазақстан Республикасының аумағына визасыз келе алады, онда бола алады және транзитпен өте алады.

2-бап

1. Тараптардың әрқайсысы мемлекетiнiң азаматтары екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағындағы бiр Тарап мемлекетiнiң дипломатиялық өкiлдiктерiнiң немесе консулдық мекемелерiнiң қызметкерлерi болып табылатын, 1-бапқа сәйкес екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағына визасыз келуге және кетуге құқығы бар жарамды дипломаттық паспорттардың иелерi болу мемлекетiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес аккредиттелу және 1-бапта көзделген мерзiмнен артық болмау мiндеттемелерiнен босатылмайды, қажет болған жағдайда, қабылдаушы мемлекеттiң ұлттық заңнамасына сәйкес тiркелуi және тұруға ықтиярхат алуға өтiнiш беруi қажет.
2. Осы баптың 1-тармағы тиiстi Тараптар мемлекеттерiнiң азаматтары және жарамды дипломаттық паспорттардың иелерi болып табылатын осы тармақта көрсетiлген тұлғалардың бiрге тұратын отбасы мүшелерiне де қолданылады.

3-бап

Осы Келiсiмнiң 1 және 2-баптарында көрсетiлген тұлғалар халықаралық қатынастар үшiн ашық шекара қиылысындағы барлық пункттер арқылы екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағына келе алады.

4-бап

Осы Келiсiмнiң 1 және 2-баптарында көрсетiлген тұлғалар өздерiнiң дипломатиялық артықшылықтары мен иммунитеттерiне нұқсан келтiрместен, өзi болған уақытта екiншi Тарап мемлекетiнiң ұлттық заңнамасын сақтауға мiндеттi.

5-бап

Тараптардың әрқайсысы өзiнiң мемлекетi аумағында болуы қолайсыз деп танылған осы Келiсiмнiң 1 және 2-баптарында көрсетiлген екiншi Тарап мемлекетi азаматтарының келуiнен бас тарту немесе болу мерзiмiн қысқарту құқығын өздерiнде сақтайды.

6-бап

1. Тараптардың әрқайсысы ұлттық қауiпсiздiктi, қоғамдық тәртiп пен тұрғындардың денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында немесе басқа да кез келген маңызды себептер бойынша осы Келiсiмнiң қолданысын уақытша, толық немесе iшiнара тоқтата тұру құқығын өзiнде қалдырады.
2. Тараптар осы баптың 1-тармағына сәйкес осындай шараларды енгiзгендiгi немесе тоқтатқаны туралы, мұндай шаралар күшiне енгенге дейiн жетпiс екi (72) сағаттан кешiктiрмей дипломатиялық арналар арқылы жазбаша хабарлама жiберу арқылы бiр-бiрiн хабардар етедi.

7-бап

1. Тараптар дипломатиялық арналар арқылы осы Келiсiмнiң 1-бабында көрсетiлген өздерiнiң дипломаттық паспорттарының үлгiлерiмен алмасады.
2. Осы Келiсiмнiң 1-бабында көрсетiлген жарамды дипломаттық паспорттарды өзгерткен жағдайда, Тараптар олардың жаңа немесе өзгертiлген дипломаттық паспорттардың үлгiлерiн толық сипаттамасымен қоса, қолданысқа енгiзгенге дейiн отыз (30) күннен кешiктiрмей дипломатиялық арналар арқылы жiбередi.

8-бап

Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Келiсiмге оның ажырамас бөлiгi болып табылатын және жеке хаттамалармен ресiмделетiн өзгерiстер енгiзуi мүмкiн.

9-бап

Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру немесе қолдану кезiнде туындайтын кез келген келiспеушiлiктер мен даулар Тараптар арасындағы консультациялар немесе келiссөздер арқылы шешiледi.

10-бап

Осы Келiсiм белгiленбеген мерзiмге жасалады және оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күнiнен бастап отыз (30) күн өткен соң күшiне енедi.
Тараптардың әрқайсысы кез келген уақытта екiншi Тарапқа дипломатиялық арналар арқылы жазбаша хабарлама жiберу жолымен осы Келiсiмнiң қолданысын тоқтата алады. Мұндай жағдайда осы Келiсiм екiншi Тарап осындай хабарламаны алғаннан кейiн алпыс (60) күн iшiнде күшiнде қалады.

2011 жылғы 23 ақпанда Прага қаласында әрқайсысы қазақ, чех және ағылшын тiлдерiнде екi данада жасалды және барлық мәтiндердiң күшi бiрдей.
Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру кезiнде даулар туындаған жағдайда Тараптар ағылшын тiлiндегi мәтiнге жүгiнетiн болады.

Қазақстан Республикасының Чех Республикасының
Үкiметi үшiн Үкiметi үшiн

Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina