Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 9 сәуiрдегi № 434 Қаулысы
"Кеден органдары лауазымды адамдарының тауарларға кедендiк тазартуды жасау қағидасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 12 қазандағы № 1058 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. "Кеден органдары лауазымды адамдарының тауарларға кедендiк тазартуды жасау қағидасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 12 қазандағы № 1058 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 55, 531-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Кеден органдары лауазымды адамдарының тауарларға кедендiк тазартуды жасау қағидасында: 16-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "11) Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес тауарларға арналған декларацияда мәлiмделген келiсiмшарттың есептiк нөмiрiн не мәмiле паспортының нөмiрiн келiсiмшартта көрcетiлген есептiк нөмiрмен не мәмiле паспортының нөмiрiмен салыстыруды;". 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi К. Мәсiмов
|