ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Постановления  »  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Постановления

  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 11 сәуiрдегi № 441 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2012 жылғы 11 сәуiрдегi
№ 441 қаулысымен
бекiтiлген

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне
енгiзiлетiн өзгерiстер

1. «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 47, 586-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi туралы ережеде:
13-тармақта:
47), 48), 49), 50), 51), 53), 54), 237), 244), 245), 270), 275), 276) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«47) Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi ұйымдардың және мемлекеттiк органдардың сатып алуы кезiнде жергiлiктi қамтудың үлесiн ұлғайту бойынша шараларды әзiрлеудi жүзеге асырады және мемлекеттiк саясатты iске асырады;
48) жергiлiктi қамту мәселелерi бойынша мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiрудi және әдiстемелiк қамтамасыз етудi жүзеге асырады;
49) бiрлесiп бекiтiлген нысандар негiзiнде Қазақстан Республикасы Қаржы, Мұнай және газ министрлiктерi тұрақты негiзде ұсынатын жергiлiктi қамту бойынша жалпы ақпаратты жинақтауды және талдауды қамтамасыз етедi;
50) Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тiзбе бойынша ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi сатып алу кезiндегi жергiлiктi қамтудың мониторингiн және тиiстi ұйымдар ұсынатын өткiзiлген, өткiзiлетiн және келесi жылға жоспарланып отырған тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi сатып алу туралы ақпаратты талдауды жүзеге асырады;
51) ұлттық басқару холдингiнiң, ұлттық холдингтердiң, ұлттық компаниялардың, олардың еншiлес және аффилиирленген компанияларының, мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың сатып алуындағы жергiлiктi қамтудың мониторингiн жүзеге асырады;»;
«53) тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң және оларды жеткiзушiлердiң дерекқорын жасақтау және жүргiзу тәртiбiн әзiрлейдi;
54) ұлттық басқару холдингiнiң, ұлттық холдингтердiң, ұлттық компаниялардың, олардың еншiлес және аффилиирленген компанияларының, мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың сатып алуындағы жергiлiктi қамтуды бақылауды жүзеге асырады және бұзушылықтар анықталған жағдайда шаралар қабылдайды;»;
«237) кеңiнен таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге арналған келiсiмшарттарды қоспағанда, тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi сатып алудағы жергiлiктi қамту және кадрлардағы жергiлiктi қамту бойынша мiндеттемелердi коса алғанда, қатты пайдалы қазбалар, жерасты сулары және емдiк балшықтар бөлiгiнде жер қойнауын пайдаланушылардың келiсiмшарттардың талаптарын орындауының мониторингiн және бақылауды жүзеге асырады;»;
«244) кадрлардағы жергiлiктi қамтуды есептеу әдiстемесiн келiседi;
245) жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс шарттарына қосу үшiн кадрлардағы ең төменгi жергiлiктi қамтуды ұсыну тәртiбiн келiседi;»;
«270) тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi сатып алу кезiнде ұйымдардың жергiлiктi қамтуды есептеуiнiң бiрыңғай әдiстемесiн әзiрлейдi;»;
«275) жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс шарттарына қосылатын жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде тауарлардағы, жұмыстар мен қызметтердегi ең төменгi жергiлiктi қамтуды есептеу тәртiбiн әзiрлейдi;
276) мұнай және газ саласындағы уәкiлеттi органмен бiрлесiп, тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi сатып алудың жылдық, орта мерзiмдi, ұзақ мерзiмдi бағдарламаларын, жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер туралы және кадрлардағы жергiлiктi қамту бойынша мiндеттемелерiн орындау туралы есептерiн жасау және ұсыну нысандары мен тәртiбiн әзiрлейдi;».
2. «Отандық әлеуеттi өнiм берушiлердiң санаттарын мемлекеттiк қолдау шараларын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1353 қаулысында (Қазақстан Республикасыньщ ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 50, 626-құжат):
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Номенклатурада көрсетiлген тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi мемлекеттiк сатып алу заңнамада белгiленген тәртiппен тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердiң және олардың өнiм берушiлерiнiң дерекқорына енгiзiлген отандық тауар өндiрушiлер мен жұмыстарды, қызметтердi отандық өнiм берушiлер мен отандық кәсiпкерлер арасында осы тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi сатып алудың жалпы көлемiнiң 100 пайызы көлемiнде жүргiзiледi.
Осы талап номенклатурада көрсетiлген және тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердiң және олардың өнiм берушiлерiнiң дерекқорына енгiзiлген бiртектi тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге қатысты қолданылады.
Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушылар номенклатурада қамтылған тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) мемлекеттiк сатып алуды жүргiзген кезде тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердiң және олардың өнiм берушiлерiнiң дерекқорына енгiзiлген тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) сәйкес келетiн талап етiлетiн техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларына сипаттау және нұсқау жүргiзедi.».
3. «Жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуының жылдық, орта мерзiмдi, ұзақ мерзiмдi бағдарламаларын, сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтер туралы және кадрлардағы қазақстандық қамту жөнiндегi мiндеттемелердiң орындалуы туралы есептерiн жасаудың және ұсынудың нысаңдары мен қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 қыркүйектегi № 965 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 52, 497-құжат):
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi сатып алудың жылдық, орта мерзiмдi, ұзақ мерзiмдi бағдарламаларын, жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер туралы және кадрлардағы жергiлiктi қамту жөнiндегi мiндеттемелердiң орындалуы туралы есептерiн жасаудың және ұсынудың нысандары мен қағидасын бекiту туралы»;
1-тармақта:
5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«5) жер қойнауын пайданалушылардың кадрлардағы жергiлiктi қамту жөнiндегi мiндеттемелердiң орындалуы туралы есеп нысаны;
6) Тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi сатып алудың жылдық, орта мерзiмдi, ұзақ мерзiмдi бағдарламаларын, жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер туралы және кадрлардағы жергiлiктi қамту жөнiндегi мiндеттемелердiң орындалуы туралы есептерiн жасау және ұсыну қағидасы бекiтiлсiн.»;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген жер қойнауын пайдаланушылардың кадрлардағы қазақстандық қамту бойынша мiндеттемелерiн орындау туралы есебi нысанының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жер қойнауын пайдаланушылардың кадрлардағы жергiлiктi қамту бойынша мiндеттемелердiң орындалуы туралы есебiнiң нысаны»;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуының жылдық, орта мерзiмдi, ұзақ мерзiмдi бағдарламаларын, сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтер туралы және кадрлардағы қазақстандық қамту жөнiндегi мiндеттемелердiң орындалуы туралы есептерiн жасаудың және ұсынудың қағидасында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi сатып алудың жылдық, орта мерзiмдi, ұзақ мерзiмдi бағдарламаларын, жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер туралы және кадрлардағы жергiлiктi қамту жөнiндегi мiндеттемелердiң орындалуы туралы есептерiн жасау және ұсыну қағидасы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi сатып алудың жылдық, орта мерзiмдi, ұзақ мерзiмдi бағдарламаларын, жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер туралы және кадрлардағы жергiлiктi қамту жөнiндегi мiндеттемелердiң орындалуы туралы есептерiн жасау және ұсыну қағидасы (бұдан әрi — Қағида) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының (бұдан әрi - Заң) 16-бабына сәйкес әзiрлендi және жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi сатып алудың жылдық, орта мерзiмдi, ұзақ мерзiмдi бағдарламаларын, сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер туралы және кадрлардағы жергiлiктi қамту жөнiндегi мiндеттемелердiң орындалуы туралы есептерiн жасаудың және ұсынудың тәртiбiн айқындайды.»;
2-бөлiмнiң тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Тауарларды, жұмыстарды мен қызметтердi сатып алудың жылдық, орта мерзiмдi, ұзақ мерзiмдi бағдарламаларын, жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер туралы және кадрлардағы жергiлiктi қамту жөнiндегi мiндеттемелердiң орындалуы туралы есептерiн жасау тәртiбi»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер туралы есебi жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер туралы есеп нысанының (бұдан әрi — 4-нысан, 2-бөлiк) әр жолына есептi кезеңдегi ақпаратты толтыру арқылы бiр шарттың шеңберiнде сатып алынатын (ған) әрбiр тауар, жұмыс немесе қызмет бойынша бөлек-бөлек мынадай тәртiппен жасалады:
1-бағанда шеңберiнде тауар, жұмыс немесе қызметтер сатып алынған шарттың нөмiрi көрсетiледi;
2-бағанда жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердiң және олардың өндiрушiлердiң тiзiлiмiмен берiлген сатып алу коды көрсетiледi. Бұл бағанды:
кең таралған пайдалы қазбалар жөнiндегi операцияларды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар;
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасына сәйкес тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi сатып алатын жер қойнауын пайдаланушылар;
жер қойнауын пайдаланудың құқығына ие, акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлесiнiң) елу және одан көп пайызы тiкелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке тиесiлi заңды тұлғалар толтырмайды;
3-бағанда осы шарттың шеңберiнде сатып алынатын Өнiмнiң (тауарлар мен қызметтердiң) модельдiк статистикалық жiктеуiшiне сәйкес тауардың, жұмыстың немесе қызметтiң 10 символ деңгейiндегi коды көрсетiледi;
4-бағанда сатып алынған тауардың немесе жұмыстың немесе қызметтiң атауы және қысқаша (қосымша) сипаттамасы (техникалық шарттары, қасиеттерi және сипаттамалары) көрсетiледi;
5-бағанда Өлшем бiрлiктерi мен есептеудiң мемлекетаралық жiктеуiшiне сәйкес код көрсетiледi. Жұмыстар, қызметтер бойынша баған толтырылмайды;
6-бағанда тауардың көрсетiлген өлшем бiрлiгiне сәйкес тауардың мөлшерi көрсетiледi. Жұмыстар және қызметтер бойынша баған толтырылмайды;
7-бағанда ҚҚС-ны есептеусiз сатып алудың құндық мәндегi көлемi мың теңгемен (жүздiк үлесiмен бөлшектiк сан) көрсетiледi;
8-бағанда «СТ-КZ» нысанында тауардың шығу тегi туралы сертификат берiлген тауарды өндiрушiнiң бизнес-сәйкестендiру нөмiрi/жеке сәйкестендiру нөмiрi (болған жағдайда) көрсетiледi. Жергiлiктi жерде шығарылған тауарлар үшiн баған толтырылуға мiндеттi;
9-бағанда «СТ-КZ» нысанында тауардың шығу тегi туралы сертификат берiлген тауар өндiрушi салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi көрсетiледi. Жергiлiктi жерде шығарылған тауарлар үшiн баған толтырылуға мiндеттi;
10-бағанда «СТ-КZ» нысанында тауардың шығу тегi туралы сертификаттың нөмiрi көрсетiледi. Жергiлiктi жерде шығарылған тауарлар үшiн баған толтырылуға мiндеттi;
11-бағанда «СТ-КZ» нысанында тауардың шығу тегi туралы сертификаттың сериясы көрсетiледi. Жергiлiктi жерде шығарылған тауарлар үшiн баған толтырылуға мiндеттi;
12-бағанда «СТ-КZ» нысанында тауардың шығу тегi туралы сертификатты берген органның коды көрсетiледi. Жергiлiктi жерде шығарылған тауарлар үшiн баған толтырылуға мiндеттi;
13-бағанда «СТ-КZ» нысанында тауардың шығу тегi туралы сертификаттың берiлген күнi көрсетiледi. Жергiлiктi жерде шығарылған тауарлар үшiн баған толтырылуға мiндеттi;
14-бағанда «СТ-КZ» нысанында тауардың шығу тегi туралы сертификатта көрсетiлген тауардағы жергiлiктi қамту көрсетiледi, пайыз. Жергiлiктi жерде - шығарылған тауарлар үшiн баған толтырылуға мiңдеттi;
15-бағанда жұмыстардағы (қызметтегi) жергiлiктi қамту көрсетiледi, пайыз (жүздiк үлесiне дейiн). Жергiлiктi қамтуды есептеу қосалқы мердiгерлiктiң барлық деңгейлерiн, сондай-ақ осы жұмысты (қызметтi) орындау үшiн сатып алынған барлық тауарларды ескере отырып, Қазақстан Реслубликасының Үкiметi бекiткен Ұйымдардыңт тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi сатып алуы кезiнде жергiлiктi қамтуды есептеудiң бiрыңғай әдiстемесiне сәйкес жүзеге асырылады.»;
«Жер қойнауын пайдаланушылардың қадрлардағы қазақстандық қамту бойынша мiндеттемелердiң орындалуы туралы есебi» деген кiшi бөлiмнiң тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жер қойнауын пайдаланушылардың кадрлардаға жергiлiктi қамту бойынша мiндеттемелердiң орындалуы туралы есебi»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Жер қойнауын пайдаланушылардың кадрлардағы жергiлiктi қамту бойынша мiндеттемелердiң орындалуы туралы есебi жер қойнауын пайдаланушылардың кадрлардағы жергiлiктi қамту бойынша мiндеттемелердiң орындалуы туралы есеп нысанына (бұдан әрi - 5-нысан) ақпарат толтыру арқылы мынадай тәртiппен жасалады:
1-бағанда жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге арналған келiсiмшартты мемлекеттiк тiркеу актiсiнiң тiркеу нөмiрi көрсетiледi;
2-бағанда жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге арналған келiсiмшарт шеңберiнде жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге қамтылған қызметкерлердiң жалпы саны көрсетiледi;
3-бағанда жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге арналған келiсiмшарт шеңберiнде жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге қамтылған қызметкерлер - Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны көрсетiледi;
4-бағанда жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге арналған келiсiмшарт шеңберiнде жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге қамтылған басшылық құрам - 1-санат қызметкерлерiнiң жалпы саны көрсетiледi;
5-бағанда жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге арналған келiсiмшарт шеңберiнде қамтылған басшылық құрам - 1-санат кызметкерлерiнiң - Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны көрсетiледi;
6-бағанда жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге арналған келiсiмшарт шеңберiнде жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге камтылған жоғары және орта кәсiптiк бiлiмi бар - 2-санат қызметкерлерiнiң жалпы саны көрсетiледi;
7-бағанда жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргiзуге арналған келiсiмшарт шеңберiнде жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргiзуге қамтылған жоғары және орта кәсiптiк бiлiмi бар - 2-санат — қызметкерлерiнiң Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны көрсетiледi;
8-бағанда жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге арналған келiсiмшарт шеңберiнде жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге қамтылған — 3-санат кәсiби жұмысшыларының жалпы саны көрсетiледi;
9-бағанда жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге арналған келiсiмшарт шеңберiнде жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге қамтылған - 3-санат кәсiби жұмысшыларының - Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны көрсетiледi.»;
3-бөлiмнiң тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қатты пайдалы қазбаларға арналған келiсiмшарттар бойынша тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi сатып алудың жылдық, орта мерзiмдi, ұзақ мерзiмдi бағдарламаларын, жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер туралы және кадрлардағы жергiлiктi қамту жөнiндегi мiндеттемелердiң орындалуы туралы есептерiн ұсыну тәртiбi»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Жер қойнауын пайдаланушы тоқсан сайын және жыл сайын, есептi кезеңнен кейiнгi айлық он бесiншi күнiнен кешiктiрмей, индустриялық саясатты реттеу саласындағы уәкiлеттi органға 5-нысанға сәйкес экрандық нысанда жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтер және олардың өндiрушiлер тiзiлiмiне орналастыру жолымен кадрлардағы жергiлiктi қамту жөнiндегi мiндеттеменi орындау туралы есептi ұсынады және оны бiрiншi басшының немесе ол уәкiлеттiк берген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырады.»;
4-бөлiмнiң тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Көмiрсутегi шикiзатына келiсiмшарттар бойынша жер қойнауын пайдаланушыларға арналған тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi сатып алудың жылдық, орта мерзiмдi, ұзақ мерзiмдi бағдарламаларын, жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер туралы және кадрлардағы жергiлiктi қамту бойынша мiңдеттемелердiң орындалуы туралы есептерiн ұсыну тәртiбi»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Жер қойнауын пайдаланушы тоқсан сайын және жыл сайын, есептi кезеңнен кейiнгi айдың он бесiншi күнiнен кешiктiрмей мұнай және газ саласындағы уәкiлеттi органның веб-сайтында 5-нысанға сәйкес экрандық нысанды толтыру жолымен кадрлардағы жергiлiктi қамту бойынша мiндеттемелерiн орындау туралы есептi мұнай және газ саласындағы уәкiлеттi органға ұсынады және оны бiрiншi басшының немесе ол уәкiлеттiк берген тұлғаның электрондық цифрлы қолтаңбасымен куәландырады.».

Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina