Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 11 сәуiрдегi № 444 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Әзербайжан Республикасының Үкiметi арасындағы Теңiз сауда кеме қатынасы саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмдi бекiту туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса берiлiп отырған 2011 жылғы 20 қазанда Алматы қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Әзербайжан Республикасының Үкiметi арасындағы Теңiз сауда кеме қатынасы саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм бекiтiлсiн. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi К. Мәсiмов Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 11 сәуiрдегi № 444 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Әзербайжан Республикасының Үкiметi арасындағы Теңiз сауда кеме қатынасы саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм Бұдан әрi «Уағдаласушы Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Әзербайжан Республикасының Yкiметi теңдiк, өзара тиiмдiлiк пен өзара көмек қағидаттарына сәйкес екi мемлекет арасында теңiз сауда кеме қатынасы саласындағы қатынастарды нығайтуға және дамытуға ниет бiлдiре отырып, төмендегiлер туралы келiстi. 1-бап Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн пайдаланылатын негiзгi терминдер: 1. «Уағдаласушы Тараптың кемесi» – осы Уағдаласушы Тараптың мемлекеттiк кеме тiзiлiмiне немесе басқа да тиiстi ресми тiзiлiмiне енгiзiлген әрi оның заңдарына және құқықтық ұйғарымдарына сәйкес осы Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң туын көтерiп жүзетiн кез келген кеме. Алайда бұл терминге мыналар кiрмейдi: әскери корабльдер және коммерциялық емес мақсаттарда пайдаланылатын басқа да кемелер; гидрографиялық, мұхиттану және ғылыми зерттеулер үшiн пайдаланылатын кемелер; балық кәсiпшiлiгi мен инспекциялық кемелер; Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысының мемлекетi теңiз порттарының арасындағы каботажға және iшкi сулар бойынша кеме қатынасына арналған кемелер; лоцмандық қызметтердi, сүйретiп жүзудi қоса алғанда, порттық, рейдтiк және өзге де қызметтердi көрсетуге арналған кемелер; спорттық кемелер мен серуендiк яхталар. «Экипаж мүшесi» – кеме капитаны және кеме бортында кеменi пайдалануға немесе онда қызмет көрсетуге байланысты мiндеттердi орындаумен байланысты, кеме рөлiне аты енгiзiлген және осы Келiсiмнiң 8-бабына сәйкес теңiзшiнiң сәйкестендiру құжаттарына ие кез келген басқа тұлға; «Теңiз порты» – Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерiнiң заңнамаларында белгiленген тәртiппен берiлген жер учаскелерiнде орналасқан, кемелерге, жолаушыларға, багажға қызмет көрсетуге және жүктермен жасалатын операцияларды жүзеге асыруға, сондай-ақ теңiз көлiгi қызметiнiң өзге де мақсаттарына арналған құрылыстар кешенi; «Құзыреттi органдар»: Қазақстан Республикасы тарабынан – Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация министрлiгi; Әзербайжан Республикасы тарабынан – Әзербайжан Республикасының Мемлекеттiк Теңiз Әкiмшiлiгi. 2. Құзыреттi органдардың атауы немесе функциялары өзгерген кезде Уағдаласушы Тараптар бiр-бiрiне дипломатиялық арналар арқылы хабарлайды. 2-бап 1. Уағдаласушы Тараптар бұл ретте тең құқықтық және өзара тиiмдiлiк қағидаттарын басшылыққа ала отырып, екiжақты халықаралық теңiз сауда кеме қатынасының дамуына жәрдем көрсетедi. 2. Жүктердi тасымалдауда Уағдаласушы Тараптар олардың кеме жалдау, кеме қатынасы және кеме қатынасымен байланысты кәсiпорындары мен ұйымдары арасындағы тығыз ынтымақтастыққа жәрдемдеседi. 3-бап 1. Уағдаласушы Тараптар: Уағдаласушы Тараптардың мемлекеттерi кемелерiнiң өз мемлекеттерiнiң теңiз порттары арасындағы теңiз арқылы тасымалдарға қатысуына, сондай-ақ паромдық тасымалдардың одан әрi дамуына ықпал етуге; өз мемлекеттерiнiң теңiз порттары арасында тасымалдарды дамытуды, соның iшiнде терминалдармен жүктi тиеудi және қабылдауды қиындата алатын бөгеттердi жоюда ынтымақтасуға; бiр Уағдаласушы Тарап мемлекетi кемелерiнiң екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң теңiз порттары мен үшiншi елдердiң теңiз порттары арасындағы тасымалдарға қатысуына кедергi келтiрмеуге; екi Уағдаласушы Тарап қолданатын халықаралық сауда мақсатында теңiзде жүзу талаптарына жауап бермейтiн, Уағдаласушы Тараптардың туын көтерiп жүзетiн кемелердiң Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерiнiң теңiз порттары акваториясына кiруiн шектеуге; Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерi бiр мезгiлде қатысушылары болып табылатын теңiздегi кеме қатынасы қауiпсiздiгiнiң мәселелерi жөнiндегi халықаралық шарттар талаптарының сақтауын қамтамасыз етуге; болу мемлекетiнiң бақылаушы органдары өкiлдерiнiң оларға жүктелген функцияларды орындауына кедергi келтiрмеуге келiседi. 2. Осы баптың ережелерi үшiншi елдер кемелерiнiң Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерiнiң порттары арасындағы тасымалдарға қатысу құқығын қозғамайды. 4-бап Уағдаласушы Тараптар өз мемлекеттерiнiң аумақтарында қолданыстағы ұлттық заңнамаларға сәйкес бiр Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң кеме қатынасы немесе кеме қатынасымен байланысты кәсiпорындары мен коммерциялық ұйымдарына екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң теңiз порттарына/порттарынан желiлер ашуға, сондай-ақ олардың екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағында өкiлдiктер немесе бiрлескен кәсiпорындар құруға қажеттi жәрдем көрсетедi. 5-бап 1. Әрбiр Уағдаласушы Тарап өзiнiң теңiз порттарына еркiн кiруге, айлақтардан орын беруге, жүктердi тиеу және түсiру, жолаушыларды отырғызу және түсiру үшiн теңiз порттарын пайдалануға қатысты өз мемлекетiнiң кемелерiне ұсынатындай жағдайларды екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң кемелерiне ұсынады. Уағдаласушы Тараптар порттарындағы ресми порттың билiк орындары мен терминалдары алатын алымдарға және кемелердi өңдеумен байланысты қызметтерге қатысты Әзербайжан Республикасының порттарында және терминалдарында Қазақстан Республикасы туын көтерiп жүзетiн кемелерден Қазақстан Республикасының порттары мен терминалдарында Әзербайжан Республикасының туын көтерiп жүзетiн кемелерден алынатындай порттық алымдар сомасы алынатын қағидат қолданылады. 2. Әрбiр Уағдаласушы Тарап екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң теңiз кеме қатынасы кәсiпорындары пайдаланатын шет мемлекеттердiң туын көтерiп жүзетiн кемелерге, егер бұл халықаралық шарттардан туындайтын оның мiндеттемелерiне қайшы келмесе, осы баптың 1-тармағында көзделген режимдi ұсынады. 3. Осы баптың 1-тармағының қолданысы: шетел кемелерiнiң кiруi үшiн жабық теңiз порттары мен теңiз порттарының бiр бөлiгiне таралмайды; Уағдаласушы Тараптың әрқайсысы өз мемлекетiнiң кәсiпорындары мен ұйымдары үшiн резервке қоятын, атап айтқанда каботажды, сондай-ақ құтқаруды, сүйретiп жүзудi, порттық қызмет көрсетулердi, суға батқан кемелердi көтерудi, мiндеттi лоцмандық алып өтудi қоса алғандағы қызметке қолданылмайды. 6-бап Әрбiр Уағдаласушы Тарап өз мемлекетiнiң ұлттық заңнамасы және порттық ережелерi шеңберiнде теңiз тасымалдарын жеңiлдету мен жеделдету және теңiз порттарындағы кедендiк және өзге де формальдылықтарды жүзеге асыруды оңайлату үшiн барлық қажеттi шараларды қабылдайды. 7-бап 1. Уағдаласушы Тараптардың бiрi берген немесе танитын және борттағы кеме құжаттарын екiншi Уағдаласушы Тарап та таниды. 2. 1969 жылғы Кемелердi өлшеу жөнiндегi халықаралық конвенцияға сәйкес берiлген кемелердi өлшеу туралы құжаттармен тиiстi түрде жабдықталған бiр Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң кемелерi екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң порттарында жаңадан өлшенуден босатылады. Бұл құжаттар порттық алымдарды есептеу кезiнде негiзге алынады. 8-бап 1. Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң құзыреттi органдары берген теңiзшiлердiң сәйкестендiру құжаттарын таниды. Осындай құжаттар: Қазақстан Республикасына қатысты - теңiзшiнiң жеке куәлiгi немесе Қазақстан Республикасы азаматының паспорты; Әзербайжан Республикасына қатысты - теңiзшiнiң жеке куәлiгi немесе Әзербайжан Республикасы азаматының паспорты болып табылады. 2. Әрбiр Уағдаласушы Тарап Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерiнiң кемелерi экипаждарының мүшелерi азаматтары болып табылатын өзге мемлекеттер берген теңiзшiлердiң сәйкестендiру құжаттарын мойындайды және осындай құжаттардың иелерi, егер бұл ұлттық қауiпсiздiк талаптарына қайшы келмесе ғана, осы Келiсiмнiң 9 және 10-баптарында көзделген құқықтарды пайдаланатын болады. 9-бап 1. Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы мемлекетiнiң кемесi екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң теңiз портында болған кезде, осы Келiсiмнiң 8-бабында көрсетiлген тиiстi сәйкестендiру құжаттарын ұсына алатын әрбiр экипаж мүшесiнiң порт қаласының аумағында визасыз жағалауға шығуға құқығы бар. Алайда, осындай жағалауға шығуға, егер кеме капитаны осы теңiз портында қолданылып жүрген ережеге сәйкес құзыреттi билiк орындарына осы экипаж мүшесi көрсетiлген кемелiк рөлге ұсынған жағдайда ғана рұқсат берiледi. 2. Экипаж мүшесi жағалауға шыққан сәттен бастап және кемеге қайтып оралғанға дейiн аумағында теңiз порты орналасқан мемлекеттiң заңнамасын сақтауы тиiс. 10-бап 1. Осы Келiсiмнiң 8-бабында аталған, бiр Уағдаласушы Тарап берген теңiзшiнiң сәйкестендiру құжаттарының иелерi өз кемесiне келу, отанына қайтып оралу мақсатында немесе екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң құзыреттi органдары үшiн қолайлы кез келген басқа да мақсатта екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң заңнамасы мен ережелерiн сақтай отырып, осы Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағына кiре алады немесе оның аумағы арқылы жүрiп өте алады. 2. Осы Келiсiмнiң 8-бабында көрсетiлген тиiстi сәйкестендiру құжаттарына ие экипаж мүшесi науқастануына, қызмет бабына немесе құзыреттi билiк орындары қабылдай алатын тағы да басқа себептерге байланысты екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағындағы теңiз портына түскен жағдайда, бұл билiк орындары экипаж мүшесiне олардың аумағында қалуға, медициналық көмек алуға немесе госпитальға жатуға немесе кез келген көлiк түрiмен өзi азаматы болып табылатын мемлекетке немесе кеме туы мемлекетiне қайтуға немесе жүк тиеудiң басқа теңiз портына баруға қажеттi рұқсатты бередi. 3. Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы өздерi қаламайтын адамдардың өз мемлекетiнiң аумағына кiруiне, кемеден түсуiне және аумағында болуына рұқсат етпеу құқығын сақтап қалады. 11-бап 1. Бiр Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң сот билiгi орындары екiншi Уағдаласушы Тараптың кеме экипажының мүшесi ретiнде жұмысқа жалдау шартынан туындайтын талаптарды қарауға қабылдамайтын болады. Кеме экипажының мүшесi ретiнде жұмысқа жалдау шартының ережелерiн бұзушылықтар туралы талаптар кеме туын көтерiп жүзетiн Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағында және оның заңнамасына сәйкес қаралады. 2. Бiр Уағдаласушы Тарап мемлекетi кемесiнiң экипаж мүшесi кеме екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң теңiз портында болған уақытта осы кеме бортында құқық бұзушылық жасаған болса, онда аталған билiк орындарының пiкiрiнше мынадай: құқық бұзу салдары кеме тұрған мемлекет аумағына таралатын; осы мемлекетте қоғамдық тәртiп немесе оның қауiпсiздiгi бұзылатын құқық бұзушылық болған; осы кеме экипажының мүшесi болып табылмайтын кез келген тұлғаға қарсы құқық бұзушылық болған; есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және қаруды заңсыз сатуды болдырмау үшiн қудалау қажет болып табылатын басқа жағдайларда, егер кеме капитаны немесе ту мемлекетiнiң консулдық лауазымдық тұлғасы жергiлiктi билiк орындарына көмек көрсету туралы өтiнiш жасамаса, онда осы екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң билiк орындары ту мемлекетiнiң құзыреттi консулдық лауазымдық тұлғасының келiсiмiнсiз оны заң бойынша қудаламайтын болады. 3. Осы баптың 2-тармағында көрсетiлген жағдайларда кеме тұрған мемлекет капитанның өтiнiшi бойынша ту мемлекетiнiң консулдық лауазымдық адамын қандай да бiр шаралар қабылданғанға дейiн хабардар етедi және аталған лауазымды тұлға мен кеме экипажының арасында байланыс орнатылуына ықпал етедi. Уақыт аса тығыз болған жағдайда бұл хабарлама көрсетiлген шаралар қабылданып жатқан кезде жасалуы мүмкiн. 12-бап 1. Бiр Уағдаласушы Тарап қайраңға отырған, зақымдалған немесе кез келген теңiз апатына ұшыраған екiншi Уағдаласушы Тараптың кемесiне, оның капитанына, экипаж мүшелерiне, жолаушыларына және жүгiне өз мемлекетiнiң кемесiне ұсынатындай көмектi ұсынады және бұл Уағдаласушы Тарап екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң тиiстi құзыреттi органдарын кiдiрiссiз хабардар етуi тиiс. Қоғам мүддесiн қозғайтын жоғарыда көрсетiлген теңiз оқиғаларына және осындай оқиға кеменiң опат болуына, оны қалдыруға немесе адам өлiмiне әкелген барлық жағдайларда, Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы екiншi Уағдаласушы Тараппен келiсiм бойынша тағайындайтын құзыреттi органдар тексеру жүргiзуi тиiс. Тағайындалған билiк орындары тексеру нәтижелерiн екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң тиiстi билiк орындарына барынша қысқа мерзiмде хабарлауы тиiс. 2. Егер кеме апатқа ұшыраса немесе зақымданса, Уағдаласушы Тарап кемесiнен түсiрiлген немесе құтқарылған тауарлар екi ай iшiнде екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағына әкетiлуi немесе осы Уағдаласушы Тараптың заңнамасына сәйкес кедендiк рәсiмге орналастырылуы тиiс. 13-бап Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерiнiң құзыреттi органдарының өкiлдерi осы Келiсiм ережелерiнiң орындалу барысын қарау және теңiз сауда кеме қатынасы өзара мүдделi болып табылатын кез келген басқа да мәселелерiн талқылау үшiн Уағдаласушы Тараптардың бiрiнiң өтiнiшi бойынша кезектесiп, Қазақстан Республикасында және Әзербайжан Республикасында ауық-ауық кездесуi мүмкiн. 14-бап Осы Келiсiмнiң ережелерi Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы қатысушылары болып табылатын басқа да халықаралық шарттардан туындайтын Уағдаласушы Тараптардың құқықтары мен мiндеттемелерiн қозғамайды. 15-бап Құзыреттi органдардың арасында консультациялар арқылы жою мүмкiн болмайтын осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiрудегi және қолданудағы келiспеушiлiктер дипломатиялық арналар арқылы немесе Уағдаласушы Тараптар арасындағы тиiстi хаттамалар ресiмделе отырып, келiссөздер жолымен шешiледi. 16-бап Осы Келiсiмге Уағдаласушы Тараптардың өзара келiсiмi бойынша оның ажырамас бөлiгi болып табылатын, жеке хаттамалармен ресiмделетiн, осы Келiсiмнiң 17-бабында белгiленген тәртiппен күшiне енетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн. 17-бап 1. Осы Келiсiм оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетшiлiк рәсiмдердi Уағдаласушы Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап күшiне енедi. 2. Осы Келiсiм белгiленбеген мерзiмге жасалады және Уағдаласушы Тараптардың бiрi оның күшiн тоқтату ниетi туралы екiншi Уағдаласушы Тараптың тиiстi жазбаша хабарламасын дипломатиялық арналар арқылы алған күнiнен бастап алты ай өткенге дейiн күшiнде қалады. 2011 жылғы 20 қазанда Алматы қаласында әрқайсысы қазақ, әзербайжан және орыс тiлдерiнде екi түпнұсқа данада жасалды әрi барлық мәтiндер тең түпнұсқалы. Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда Уағдаласушы Тараптар орыс тiлiндегi мәтiнге жүгiнетiн болады. Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасының Үкiметi үшiн Үкiметi үшiн
|