Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 13 сәуiрдегi № 459 Қаулысы
Жер учаскелерi меншiкке өтеусiз негiзде ұсынылатын отандық өнеркәсiп кәсiпорындарының тiзбесiне енгiзу үшiн отандық өнеркәсiп кәсiпорындарын iрiктеу өлшемдерiн бекiту туралы және "Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексiнiң 9-бабы 3-тармағының 2-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса берiлiп отырған жер учаскелерi меншiкке өтеусiз негiзде ұсынылатын отандық өнеркәсiп кәсiпорындарының тiзбесiне енгiзу үшiн отандық өнеркәсiп кәсiпорындарын iрiктеу өлшемдерi бекiтiлсiн. 2. «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 47, 586-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi туралы ережеде: 13-тармақ мынадай мазмұндағы 44-1) және 44-2) тармақшалармен толықтырылсын: «44-1) жер учаскелерi меншiкке өтеусiз негiзде ұсынылатын отандық өнеркәсiп кәсiпорындарының тiзбесiне енгiзу үшiн отандық өнеркәсiп кәсiпорындарын iрiктеу өлшемдерiн әзiрлейдi; 44-2) жер учаскелерi меншiкке өтеусiз негiзде ұсынылатын отандық өнеркәсiп кәсiпорындарының тiзбесiн әзiрлейдi;». 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi К. Мәсiмов Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 13 сәуiрдегi № 459 қаулысымен бекiтiлген Жер учаскелерi меншiкке өтеусiз негiзде ұсынылатын отандық өнеркәсiп кәсiпорындарының тiзбесiне енгiзу үшiн отандық өнеркәсiп кәсiпорындарын iрiктеу өлшемдерi Өндiрiс объектiлерiн орналастыру үшiн жер учаскелерi меншiкке өтеусiз негiзде ұсынылатын отандық өнеркәсiп кәсiпорындарының тiзбесiне енгiзу үшiн отандық өнеркәсiп кәсiпорындарын iрiктеу мынадай өлшемдер жиынтығы бойынша жүзеге асырылады: 1) Қазақстанның республикалық немесе өңiрлiк Индустрияландыру картасына енгiзiлген кәсiпорын өңдеушi өнеркәсiп саласына тиесiлi; 2) кәсiпорынға шетелдiң қатысу үлесi жоқ 3) кәсiпорын заңнамада белгiленген тәртiппен өндiрiс объектiлерiн мемлекет меншiгiндегi жер учаскесiне орналастырады.
|