ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Постановления  »  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Постановления

  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 14 сәуiрдегi № 462 Қаулысы
"Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2007 жылғы 13 сәуiрдегi № 314 Жарлығына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы туралы

Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
«Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2007 жылғы 13 сәуiрдегi № 314 Жарлығына өзгерiс енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасының Президентi
ЖАРЛЫҚ

«Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөнiндегi
шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2007 жылғы

13 сәуiрдегi № 314 Жарлығына өзгерiс енгiзу туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. «Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2007 жылғы 13 сәуiрдегi № 314 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 11, 120-құжат; № 38, 430-құжат; 2008 ж., № 24, 226-құжат; № 42, 465-құжат; 2009 ж., № 10, 49-құжат; № 27-28, 234-құжат; № 29, 249-құжат; 2010 ж., № 50, 453-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелерi жөнiндегi мемлекеттiк комиссия туралы ереже осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының
Президентi Н. Назарбаев

Астана, Ақорда, 2012 жылғы

Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2012 жылғы « »
№ Жарлығына
ҚОСЫМША

Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2007 жылғы 13 сәуiрдегi
№ 314 Жарлығымен
БЕКIТIЛГЕН

Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту
мәселелерi жөнiндегi мемлекеттiк комиссия туралы

ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелерi жөнiндегi мемлекеттiк комиссия (бұдан әрi – Мемлекеттiк комиссия) Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
2. Мемлекеттiк комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Мемлекет басшысының актiлерiн және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ осы ереженi басшылыққа алады.
3. Мемлекеттiк комиссия төрағадан, оның орынбасары мен комиссия мүшелерiнен тұрады.
4. Мемлекеттiк комиссияның дербес құрамын Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.

2. Мемлекеттiк комиссияның мiндеттерi мен функциялары

5. Қазақстан экономикасының бәсекеге қабiлеттiлiгi мен тиiмдiлiгiн арттыру мәселелерi жөнiндегi шешiмдердi әзiрлеу мен қабылдау Мемлекеттiк комиссияның мiндеттерi болып табылады.
6. Мемлекеттiк комиссия осы мiндеттердi орындау үшiн:
1) Мемлекеттiк комиссияның кезектi отырысына берiлетiн материалдарды, анықтамалар мен өзге де құжаттарды қарайды;
2) Қазақстан экономикасының бәсекеге қабiлеттiлiгi мен тиiмдiлiгiн арттыру жөнiнде мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдар қабылдайтын шаралардың тиiмдiлiгi бойынша ұсынымдық шешiм шығарады;
3) орталық және облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарынан өзiне жүктелген мiндеттердi орындауға қажеттi ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратады.

3. Мемлекеттiк комиссияның қызметiн ұйымдастыру

7. Мемлекеттiк комиссияның қызметiне басшылық жасауды және оның отырыстарына төрағалық етудi Мемлекеттiк комиссияның төрағасы жүзеге асырады.
8. Төраға болмағанда оның мiндеттерiн оның тапсырмасы бойынша төрағаның орынбасары атқарады.
9. Мемлекеттiк комиссия өз қызметiн Мемлекеттiк комиссияның төрағасы бекiтетiн, мүдделi мемлекеттiк органдардың ұсынысы бойынша жұмыс органы жасақтайтын тоқсан сайынғы жоспарлар негiзiнде жүзеге асырады.
10. Мемлекеттiк комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлiгi болып табылады, оның функциялары:
1) Мемлекеттiк комиссияның отырыстарына дайындықты қамтамасыз ету;
2) алдағы кезеңге арналған тоқсан сайынғы жоспар жобасын қалыптастыру және алдағы тоқсандағы айдың 1-күнiне дейiн 15 күннен кешiктiрмей Мемлекеттiк комиссияның төрағасына бекiтуге енгiзу;
3) тоқсан сайынғы жоспардың көшiрмесiн Мемлекеттiк комиссияның мүшелерiне, сондай-ақ мүдделi мемлекеттiк органдар мен ұйымдарға оны алған күнiнен бастап 5 жұмыс күнiнен кешiктiрмей жiберу;
4) тоқсан сайынғы жоспарда көзделген отырыстың күн тәртiбiнiң мәселелерi бойынша материалдарды (анықтамалар, тұсаукесерлер, хаттамалық шешiмдердiң жобалары, сөйлеушiлер мен қатысушылардың тiзiмдерi) жинау және Мемлекеттiк комиссияның отырыстарын өткiзу мерзiмдерiнiң жоспарына сәйкес белгiленген отырыс өткiзiлгенге дейiн кемiнде бiр жұмыс күнi бұрын Мемлекеттiк комиссияның төрағасына ұсыну;
5) Мемлекеттiк комиссияның отырысы хаттамасының жобасын Мемлекеттiк комиссияның мүшелерiне келiсуге және бұрыштама қоюға жiберу болып табылады.
11. Мемлекеттiк комиссия төрағасының шешiмi және жұмыс органының ұсыныстары бойынша жоспардан тыс мәселелердi қарау енгiзiлетiн кезектен тыс отырыстар шақырылуы мүмкiн.
Кезектен тыс отырыс өткiзiлетiн күн, оған шығарылатын мәселелер бойынша материалдар ұсыну және Мемлекеттiк комиссия мүшелерiнiң өз қатысуын растау мерзiмiн, Мемлекеттiк комиссия төрағасының кезектен тыс отырысты шақыру туралы шешiмiнде айқындалады.
12. Мемлекеттiк комиссияның тоқсан сайынғы жоспарына алдағы тоқсанға арналған мәселелердi енгiзу үшiн мүдделi мемлекеттiк органдар жұмыс органына өз ұсыныстарын (тиiстi материалдарды) айдың 1 күнiне дейiн бередi.
13. Мүдделi мемлекеттiк органдар Мемлекеттiк комиссияның тоқсан сайынғы жұмыс жоспарын алған кезде оларға тоқсан сайынғы жоспарда жүктелген iс-шараларды уақтылы ұйымдастырады. Отырыстың күн тәртiбiнiң мәселелерi бойынша материалдар (мәселе бойынша анықтама, тұсаукесерлерi, хаттамалық шешiмнiң жобасы, сөйлеушiлер мен қатысушылар тiзiмi) жұмыс органына тоқсан сайынғы жоспарға сәйкес айқындалған отырыс өткiзiлгенге дейiн кемiнде екi жұмыс күнi бұрын берiлуi тиiс.
14. Мемлекеттiк комиссияның отырысы Мемлекеттiк комиссия төрағасының бастамасымен жоспарланған отырысқа дейiн екi жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей шақырылады.
15. Отырыс басталғанға дейiн кемiнде бiр жұмыс күнi бұрын мемлекеттiк комиссияның мүшелерi отырысқа өзiнiң қатысатынын растайды.
16. Мемлекеттiк комиссияның отырыстары оның мүшелерiнiң жалпы санының үштен екiсi қатысқан кезде заңды болады. Мемлекеттiк комиссияның мүшелерi оның отырыстарына ауысу құқығынсыз қатысады.
17. Мемлекеттiк комиссияның шешiмдерi оның отырысына қатысушы мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк даусымен қабылданады және жүргiзiлген стенограмманың негiзiнде хаттамамен ресiмделедi. Комиссия мүшелерiнiң дауыстары тең болған кезде төрағалық етушi берген дауыс шешушi болып табылады.
18. Мемлекеттiк комиссияның мүшелерi хаттаманың жобасын, оны алған күнiнен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрiлмейтiн мерзiмiнде келiседi және бұрыштама қояды.
19. Мемлекеттiк комиссияның алдына қойылған мiндеттердi iске асыру мақсатында оның шешiмдерiмен Мемлекеттiк комиссияның жанынан жұмыс топтары құрылады, оның құрамы мен мiндеттерi Мемлекеттiк комиссияның хаттамасымен белгiленедi.
20. Мемлекеттiк комиссияның отырыстарына оның мүшелерi болып табылмайтын лауазымды адамдар, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi шақырылуы мүмкiн.
21. Мемлекеттiк комиссияның жұмыс нәтижелерi туралы Қазақстан Республикасының Президентiне жылына кемiнде екi рет баяндап тұрады.
22. Мемлекеттiк комиссияның қызметi Қазақстан Республикасының Президентi шешiмiнiң негiзiнде тоқтатылады.

Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina