Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1705 Қаулысы
Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердiң аумағынан импортталатын тауарлар бойынша есепке жатқызу әдiсiмен қосылған құн салығын төлеудi қолдану қағидаларын бекiту туралы «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiн (Салық кодексi) қолданысқа енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Заңының 49-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердiң аумағынан импортталатын тауарлар бойынша есепке жатқызу әдiсiмен қосылған құн салығын төлеудi қолдану қағидалары бекiтiлсiн. 2. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиiс. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi К. Мәсiмов
|