Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 18 сәуiрдегi № 479 Қаулысы
"Шет елдермен ынтымақтастық жөнiндегi бiрлескен үкiметаралық комиссиялардың (комитеттердiң, кеңестердiң) және олардың кiшi комиссияларының (кiшi комитеттердiң, жұмыс топтарының) қазақстандық бөлiгiн жүргiзуге жауапты Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 19 қазандағы № 972 қаулысына толықтыру енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. "Шет елдермен ынтымақтастық жөнiндегi бiрлескен үкiметаралық комиссиялардың (комитеттердiң, кеңестердiң) және олардың кiшi комиссияларының (кiшi комитеттердiң, жұмыс топтарының) қазақстандық бөлiгiн жүргiзуге жауапты Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 19 қазандағы № 972 қаулысына мынадай толықтыру енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекiтiлген шет елдермен ынтымақтастық жөнiндегi бiрлескен үкiметаралық комиссиялардың (комитеттердiң, кеңестердiң) және олардың кiшi комиссияларының (кiшi комитеттердiң, жұмыс топтарының) қазақстандық бөлiгiн жүргiзуге жауапты Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының тiзбесiнде: "Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлiгi" деген 16-бөлiм мынадай мазмұндағы 66-8-тармақпен толықтырылсын: "66-8. Қазақстан-қырғыз Үкiметаралық кеңесiнiң жанындағы шекара маңы ынтымақтастығы жөнiндегi кiшi комиссия.". 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi К.Мәсiмов
|