Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 19 сәуiрдегi № 489 Қаулысы
"Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзi болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерiнен ауыз су беру жөнiндегi қызметтердiң құнын субсидиялау ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 5 сәуiрдегi № 248 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. «Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзi болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерiнен ауыз су беру жөнiндегi қызметтердiң құнын субсидиялау ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 5 сәуiрдегi № 248 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 12, 113-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бектiлген Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзi болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерiнен ауыз су беру жөнiндегi қызметтердiң құнын субсидиялау ережесiнде: 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Әрбiр облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) үшiн субсидиялардың сомасы заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi агенттiгi (бұдан әрi - Агенттiк) ұсынған, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының ұсыныстарына сәйкес қалыптастырылған сомалар негiзiнде бекiтiледi.»; 6-тармақтың бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «6. Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзi болып табылатын сумен жабдықтаудың топтық су құбырлары мен оқшау жүйелерi бөлiнiсiнде су берушiлер үшiн берiлген ауыз судың 1 (бiр) текше метрiне бөлiнетiн, Республикалық бюджет комиссиясы мақұлдаған, тиiстi қаржы жылдарына арналған субсидиялар мөлшерiн Агенттiк табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетiн нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiткен ауыз су беру жөнiнде көрсетiлетiн қызметтерге арналған тарифтiң айырмасы ретiнде:»; 6-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «6-1. Агенттiк бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi ретiнде тиiстi жылға арналған төлемдер бойынша бағдарламаны қаржыландыру жоспарларына және облыстар мен Астана, Алматы қалаларының әкiмдерi және Агенттiк төрағасы арасындағы ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келiсiмге сәйкес облыстар мен Астана, Алматы қалалары бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен бекiтiлген субсидиялау көлемдерiне сәйкес облыстық бюджеттерге және Астана, Алматы қалаларының бюджеттерiне ағымдағы нысаналы трансферттердi аударады.»; 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «7. Ауыз су беру жөнiндегi қызметтерге субсидиялар алу үшiн су берушi: 1) облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасына су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органымен және аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) тұрғын үй-коммуналдық бөлiмдерiмен келiсiлген субсидиялар ескерiле отырып берiлетiн ауыз су көлемiн, ұсынылған қызметтерге ақыны және ауыз су беру жөнiндегi қызметтерге табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi орган бекiткен тарифтi көрсете отырып, тариф бойынша ауыз су беруге арналған шарт жасал атын су пайдаланушылардың тiзбесiн (бұдан әрi - су пайдаланушылардың тiзбесi) ұсынады; 2) осы Ережеге қосымшаға сәйкес аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) тұрғын үй-коммуналдық бөлiмдерiмен келiсiлген және үш данада (су берушi, су пайдаланушы, облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы үшiн) жасалған субсидиялар ескерiле отырып, тарифтер бойынша ауыз су беру жөнiнде қызметтер көрсету актiлерiмен қоса, су пайдаланушылар бөлiнiсiнде облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасына ай сайын субсидиялауды ескере отырып, тарифтер бойынша ауыз су беру жөнiнде нақты көрсетiлген қызметтердiң жиынтық тiзiлiмiн бередi; 3) Агенттiк субсидиялар мөлшерiн бекiткеннен кейiн табиғи монополиялар саласындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi органға көрсетiлетiн қызметтерге арналған тарифтi бекiтуге өтiнiм жасайды.»; 8-тармақта: бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын: «8. Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы.»; алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын: «облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармалары ай сайын, есептi кезеңнен кейiнгi айдың 25-күнiне, бiрақ тиiстi жылдың 1 желтоқсанынан кешiктiрмей, Агенттiк бекiткен нысан бойынша Агенттiкке төленген субсидиялар көлемi туралы есеп пен субсидиялардың нысаналы пайдаланылғанын көрсететiн басқа да есептер бередi.»; 9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «9. Агенттiк нәтижелер туралы жасалған келiсiмдер негiзiнде төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарына сәйкес төмен тұрған бюджеттерге нысаналы трансферттердiң аударылмағаны үшiн жауапты болады.»; 11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «11. Қандай да бiр облыс және Астана, Алматы қалалары бөлiнген қаражатты толық игермеген жағдайда Агенттiк заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне тиiстi жылға арналған республикалық бюджетке көзделген қаражат шегiнде субсидияларды облыстар бойынша қайта бөлу туралы ұсыныс енгiзедi.»; Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзi болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерiнен ауыз су беру жөнiндегi қызметтердiң құнын субсидиялау ережесiне қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиiс. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi К. Мәсiмов Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 19 сәуiрдегi № 489 қаулысына қосымша Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзi болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерiнен ауыз су беру жөнiндегi қызметтердiң құнын субсидиялау ережесiне қосымша «БЕКIТЕМIН» Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы ________________________ 20 ___ жылғы «___» _____ Су пайдаланушылар бөлiнiсiнде ауыз су беру жөнiндегi нақты көрсетiлген қызметтердiң жиынтық тiзiлiмi ________________________ 20 жылғы _____ (су берушiнiң атауы) (ай) Р/с № | Су пайдаланушылардың атауы | Су беру лимитi мың текше метр | Берiлген су, мың текше метр | Бекiтiлген тариф 1000 текше метр үшiн теңге | Жыл басынан берi | Оның iшiнде есептi айда | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | кестенiң жалғасы Көрсетiлген қызметтердiң құны, теңге | Субсидиялар мөлшерi (тарифтiк сметаларда ескерiлген шығындардың %-ы) теңге | Жыл басынан берi субсидиялар төлендi, теңге | Төленуге тиiс, теңге | Жыл басынан берi | Оның iшiнде есептi айда | Жыл басынан берi | Оның iшiнде есептi айда | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
|
|
|
|
|
| Су берушi ________________________________________________ Ескертпе: 2-бағанда су пайдаланушылар облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы бекiткен су пайдаланушылар тiзбесiндегiдей ретпен келтiрiледi.
|