Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 19 сәуiрдегi № 491 Қаулысы
"Азаматтық қызметшiлерге, мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлерiне, қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. «Азаматтық қызметшiлерге, мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлерiне, қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 51, 648-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулының 24-қосымшасында: «Республикалық мемлекеттiк мекемелер» деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 15, 16-жолдармен толықтырылсын: «15. «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Ақпаратты техникалық қорғау орталығы» мемлекеттiк мекемесi. 16. «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Ақпараттық қауiпсiздiк саласында мамандар даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру орталығы» мемлекеттiк мекемесi.»; «Республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындар» деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 21-жолмен толықтырылсын: «21. «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Кеңсесiнiң «Алмас» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны.». 2. Осы қаулы 2012 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi К. Мәсiмов
|