ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Постановления  »  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Постановления

  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 24 сәуiрдегi № 509 Қаулысы

"Механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргiзу қағидасын, механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық байқаудан өткiзудiң кезеңдiлiгiн, сондай-ақ техникалық байқаудың диагностикалық картасының нысанын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 17 мамырдағы № 523 қаулысына өзгерiстер енгiзу және оның нормаларының қолданылуын тоқтату туралы

Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргiзу қағидасын, механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық байқаудан өткiзудiң кезеңдiлiгiн, сондай-ақ техникалық байқаудың диагностикалық картасының нысанын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 17 мамырдағы № 523 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 39, 474-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргiзу қағидасында:
33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"33. Көлiк құралының тежеуiн басқаруды тексеру көлiк құралының санатына байланысты мынадай роликтiк тежеуiш стендiлерiмен жүргiзiледi:
1) N3 және 04 санаттары үшiн бiлiкке түсетiн барынша жүктемесi 16 тоннадан кем емес;
2) М2, М3, N2, О3 санаттары үшiн бiлiкке түсетiн барынша жүктемесi 10 тоннадан кем емес;
3) M1, N1, 02 санаттары үшiн бiлiкке түсетiн барынша жүктемесi 2 тоннадан кем емес;
4) L3, L4, L5 санаттары үшiн 1 доңғалаққа түсетiн барынша салмақ 0,6 тонна.
41-тармақта:
4) тармақшаның он үшiншi абзацы алынып тасталсын;
6) тармақшаның он алтыншы және он жетiншi абзацтары алынып тасталсын;
7) тармақшаның төртiншi, жетiншi және оныншы абзацтары алынып тасталсын.
2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық байқаудан өткiзудiң кезеңдiлiгiнде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Механикалық көлiк құралдарының және олардың тiркемелерiнiң бұдан кейiнгi мiндеттi техникалық байқаудан өту мерзiмi бастапқы мiндеттi техникалық байқаудан өту күнiнен бастап есептеледi.
Механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық байқаудан өткiзу кезеңдiлiгiнiң 1-тармағының 1) тармақшасының қолданысы 2011 жылғы мамыр - қыркүйек аралығында мемлекеттiк немесе мiндеттi техникалық байқаудан өткен, шығарылған жылын қоса алғанда, 7 жылдан асатын, таксидi қоспағанда, жол қозғалысы қауiпсiздiгi бойынша орталық атқарушы органда тiркелген M1 санатты механикалық көлiк құралдарына қолданылмайды.
Механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық байқаудан өткiзу кезеңдiлiгiнiң 3-тармағының екiншi бөлiгiнде көрсетiлген механикалық көлiк құралдары:
1) мемлекеттiк техникалық байқаудан:
2011 жылғы мамырда өткендер 2012 жылғы қарашада мiндеттi техникалық байқаудан өтедi;
2011 жылғы маусымда өткендер 2012 жылғы желтоқсанда мiндеттi техникалық байқаудан өтедi;
2) мемлекеттiк немесе мiндеттi техникалық байқаудан:
2011 жылғы шiлдеде өткендер 2013 жылғы қаңтарда мiндеттi техникалық байқаудан өтедi;
2011 жылғы тамызда өткендер 2013 жылғы ақпанда мiндеттi техникалық байқаудан өтедi;
2011 жылғы қыркүйекте өткендер 2013 жылғы наурызда мiндеттi техникалық байқаудан өтедi.".
3) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген техникалық байқаудың диагностикалық картасының нысаны осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргiзу қағидасының 34-тармағы 6) тармақшасының және 44-тармағының қолданылуы 2014 жылғы 1 қаңтарға дейiн тоқтатыла тұрсын.
3. Осы қаулы 2012 жылғы 1 мамырдан бастап қолданысқа енгiзiлетiн және 2013 жылғы 1 сәуiрге дейiн қолданылатын осы қаулының 1-тармағының он үшiншi, он төртiншi, он бесiншi, он алтыншы, он жетiншi, он сегiзiншi, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бiрiншi, жиырма екiншi, жиырма үшiншi, жиырма төртiншi абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2012 жылғы 24 сәуiрдегi
№ 509 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2011 жылғы 17 мамырдағы
№ 523 қаулысымен
бекiтiлген

Нысаны

№____ техникалық байқаудың диагностикалық картасы

АКҚ тексеру орыны: Бастапқы тексеру
Қайталап тексеру

Мемлекеттiк тiркеу белгiсi:

Марка, модель:

Шығарылған жылы:

Модель, қозғалтқыш №:

шанақ №:

шасси (рама) №:

Сәйкестендiру нөмiрi VIN:



АКҚ меншiк иесi:

АКҚ меншiк иесiнiң өкiлi:


Тiркеу құжаты:

Серия:

Нөмiрi:




100

Тежеу жүйесi

Жұмыстық тежеу жүйесiнiң үлестiк тежегiш күшi

101

Тұрақтық тежеу жүйесiнiң үлестiк тежегiш күшi

102

Доңғалақтардың тежегiш күшiнiң салыстырмалы айырмашылығы

103

Пневматикалық тежеу жетегiнiң герметикалығы

104





Гидравликалық тежеу жетегiнiң герметикалығы

105

Манометр, сигнал беру жүйесi

106

Сығымдалған ауа қысымы

107

Жұмыстық тежеу жүйесiнiң iске қосылу уақыты

108

Тежеу кезiндегi желiлiк ауытқу

109






Қосалқы тежеу жүйесi

110

Тежеу жүйелерi элементтерiнiң жай-күйi

111




200

Рульмен басқару

Жиынтық люфт

201

Бөлшектердiң ығысуы, бұрандалық қосылыстардың бекiтiлуi

202

Рульмен басқаруды күшейткiш

203

Рульмен басқару элементтерiнiң жай-күйi

204





300

Сыртқы жарық аспаптары

Алыc және жақын жарық фаралары, қосымша фаралар

301

Тұманға қарсы фаралар

302

Тежеу сигналдары

303

Габариттiк жарық, артқы, тұманға қарсы жарық

304






Бұрылысты нұсқағыштар, авариялық сигнал беру

305

Тiркеу белгiсiн жарықтандыру шамы

306

Артқы жүрiс жарығы

307

Жарық тойтарғыштар

308

Автопоезд белгiсi

309






400

Желқағар әйнектердiң әйнек тазалағыштар, әйнек жуғыштары

Әйнек тазалағыштар

401

Әйнек жуғыштар

402


500

Доңғалақтар мен шиналар

Протектордың тозуы

501

Шиналардың зақымдалуы

502

Шиналарды орнату

503

Доңғалақтардың дискiлерi мен құрсауларының бекiтiлуi, жай-күйi

504





600

Қозғалтқыш және оның жүйелерi

СО және СН құрамы

601

Дизельдi қозғалтқыштың түтiндегiштiгi

602

Қоректену жүйесi

603

Шығару жүйесi

604





700

Конструкцияның басқа элементтерi

Тiркеу белгiлерi

701

Көлiк құралының таңбалануы

702

Артқы көрiнiс айналары

703

Дыбыстық сигнал

704





Әйнектер (шолу ауқымы, ашықтығы)

705

Спидометр

706

Аспаның, кардан берiлiсiнiң элементтерi

707

Жүргiзушiнiң отырғышын реттеу тетiктерi

708

Есiктердiң құлыптары, борттардың, шанның iлмектерi

709






Есiктердi басқару жетегi

710

Авариялық шығаберiстер

711

Айдап кетуге қарсы құрылғылар

712

Әйнектердi жылыту және желпiту құрылғылары

713

Лайдан қорғағыш алжапқыштар; шашыратқыштар

714






Iлiнiстiк құрылғы

715

Медициналық қобдиша, өрт сөндiргiштер, авариялық тоқтау белгiсi

716

Жылжуға қарсы тiректер

717

Қауiпсiздiк белдiктерi

718

Көлiк құралының конструкциясына енгiзiлген өзгертулер

719






Жол қозғалысы қауiпсiздiгiнiң талаптарына сәйкес келедi

Жол қозғалысы қауiпсiздiгiнiң талаптарына сәйкес келмейдi:

Тексеру жүргiзiлмеген:

Тексеру барысында анықталған ақаулықтар туралы ескертулер және қосымша ақпарат:


АКҚ техникалық жай-күйiне тексеру жүргiзген:
Күнi: ________________ _______________________________________
(Тексерудi жүргiзген маманның
аты-жөнi,қолы)

Техникалық байқау орталығының (ТБО) қорытындысы:

АКҚ ___________________________________________________________
(ақаусыз/ақаулы) (ТТО маманының лауазымы) (күнi, қолы)

Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina