Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы N 1253 Қаулысы
"Алтын белгі" белгісі туралы ережені бекіту туралы
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабы 17) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған "Алтын белгі" белгісі туралы" ереже бекітілсін. 2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) "Алтын белгі" белгісі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 тамыздағы N 1219 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 41, 374-құжат); 2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 тамыздағы N 1219 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 сәуірдегі N 428 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 17, 219-құжат); 3) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 тамыздағы N 1219 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 ақпандағы N 107 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 6, 57-құжат). 3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
|