Қазақстан Республнкасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 қыркүйектегі N 824 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы
"2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 желтоқсандағы Заңына, "Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне 2008 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен жол-пайдалану техникаларын сатып алуға 1184503000 (бір миллиард бір жүз сексен төрт миллион бес жүз үш мың) теңге сомасында қаражат бөлінсін. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
|