Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 тамыздағы N 814 Қаулысы
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов жоба Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., N 23-24 (қосымша); 1995 ж., N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 2, 187-құжат; N 14, 274-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 5, 55-құжат; N 12, 183, 184-құжаттар; N 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., N 2-3, 23-құжат; N 5-6, 50-құжат; N 11-12, 178-құжат; N 17-18, 224, 225-құжаттар; N 23, 429-құжат; 1999 ж., N 20, 727, 731-құжаттар; N 23, 916-құжат; 2000 ж., N 18, 336-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат; N 8, 52-құжат; N 17-18, 240-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 2, 17-құжат; N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 11, 56, 57, 66-құжаттар; N 15, 139-құжат; N 19-20, 146-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 56-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 10, 31-құжат; N 14, 58-құжат; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 4-құжат; N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 13, 85-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 3, 20, 21-құжаттар; N 4, 28-құжат; N 16, 131-құжат; N 18, 143-құжат; N 20, 153-құжат; 2008 жылғы 12 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 шілдедегі Заңы; 2008 жылғы 26 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі Заңы): 1) 19-бапта: бірінші тармақ "қоспағанда" деген сөзден кейін ", он сегіз жастан бастап" деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын: "Он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар ата-анасының, асырап алушыларының немесе қорғаншыларының келісімімен кәсіпкерлік қызметпен айналысады."; 4-тармақтың екінші бөлігінің 2) тармақшасында "Қазақстан Республикасының" деген сөздердің алдынан "осы Кодекстің 4-1-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын: "4-1. Жалданбалы қызметкерлердің еңбегін тұрақты негізде пайдаланбайтын жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мынадай табыстарды алу кезінде жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеуге құқылы: 1) төлем көзінен салық салынатын табыс; 2) мүліктік табыс; 3) өзге де табыстар."; 2) 115-баптың 2-тармағындағы "құнды қағаздар," деген сөздер "қаржы құралдары" деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 3-тарау мынадай мазмұндағы 1-1-параграфпен толықтырылсын: "$ 1-1. Қаржы құралдары 128-1-бап. Қаржы құралдары 1. Қаржы құралдары - операция нәтижесінде бір ұйымның қаржылық активімен бір мезгілде басқа ұйымға қаржылық міндеттеме немесе үлестік құрал туындайтын ақша, өндірістік құнды қағаздарды қоса алғанда, құнды қағаздар, өндірістік қаржы құралдары мен басқа да қаржы құралдары. 2. Қаржылық актив - ақша қаражатын, басқа ұйымның үлестік құралын білдіретін кез-келген актив, басқа ұйымнан ақша қаражатын немесе өзге де қаржылық активті алуға немесе өзі үшін ықтимал тиімді жағдайларда басқа ұйыммен қаржылық активтермен немесе қаржылық міндеттемелермен алмасуға шарттық құқық немесе есеп айырысу ұйымның меншікті үлестік құралдарымен жүзеге асырылатын немесе жүзеге асырылуы мүмкін және бұл ретте, ұйымның меншікті үлестік құралдарының ауыспалы санын алатын немесе алуы міндетті болатын туынды құрал немесе ақша қаражатының немесе өзге де қаржылық активтің белгіленген сомасын алмастыру жолымен есеп айырысу ұйымның меншікті үлестік құралдарының белгіленген санына кез-келген өзге тәсілмен жүргізілетін немесе жүргізілуі мүмкін туынды құрал болып табылатын шарт. 3. Қаржылық міндеттеме - ақша қаражатын немесе өзге де қаржылық активті басқа ұйымға беру немесе өзі үшін ықтимал тиімсіз жағдайларда басқа ұйыммен қаржылық активтермен немесе қаржылық міндеттемелермен алмасудың шартты міндеттемелерін білдіретін кез-келген міндеттеме немесе есеп айырысу ұйымның меншікті үлестік құралдарымен жүзеге асырылатын немесе жүзеге асырылуы мүмкін және бұл ретте, ұйымның меншікті үлестік құралдарының ауыспалы санын беретін және беруге міндетті болатын туынды емес құрал немесе ақша қаражатының немесе өзге де қаржылық активтің белгіленген сомасын алмастыру жолымен есеп айырысу ұйымның меншікті үлестік құралдарының белгіленген санына кез-келген өзге тәсілмен жүргізілетін немесе жүргізілуі мүмкін туынды құрал болып табылатын шарт. 4. Үлес құралы - ұйымның барлық міндеттемелерін ұстап қалғаннан кейін қалатын оның активтеріндегі қалған үлесіне құқығын растайтын кез-келген шарт. 128-2-бап. Туынды қаржы құралдары 1. Туынды қаржы құралдары - есеп айырысуы келісім-шарттың немесе келісімнің базалық активінің мөлшеріне (мөлшердің ауытқуын қоса алғанда) байланысты болатын және болашақта жүргізілетін келісім-шарт немесе келісім. 2. Туынды қаржы құралдарына опциондар, фьючерстер, форвардтар, своптар және осы белгілерге жауап беретін басқа да қаржы құралдары жатады. 3. Базалық активтер тауарлар, тауарлардың стандартталған партиялары, құнды қағаздар, валюта, индекстер, нарықтық құны бар басқа да активтер, болашақтағы оқиғалар немесе жағдайлар, туынды қаржы құралдары болып табылады. 128-3-бап. Опцион 1. Опцион - оған сәйкес бір тарап (опцион сатушысы) екінші тарапқа (опционды сатып алушы) болашақта келісілген шарттарда келісілген баға бойынша базалық актив сатып алу немесе сату құқығын сататын өндірістік қаржылық құрал. Опционды сатушы өзіне міндеттемелер алады, ал сатып алушы құқыққа ие болады. 2. Опционды сатушы опционды сатып алушыға опционды сыйақы, сыйлыққа сатады. Опционның келісілген шарттары деп мынадай міндетті шарттарды келісу түсіндіріледі: базалық активтің түрі, базалық активтің жалпы құны (опцион жасалатын сома), базалық активтің бағасы (страйк - опционды орындау бағасы), опционның сыйлығы, опционның мерзімі (опционның қолданыс кезеңі), опционның түрі. 3. Егер сатып алушы өздері сатып алған құқықты іске асырса, онда опцион орындалды деп есептеледі. 128-4-бап. Своп Своп - оған сәйкес екі тараптың келісілген талаптармен базалық активтер немесе болашақтағы базалық активтер бойынша төлемдерді айырбастау жөнінде келісетін туынды қаржы құралы. 128-5-бап. Форвард 1. Форвард - сатып алушы (немесе сатушы) болашақта келісілген шарттарда базалық активті сатып алудың (немесе сатудың) белгіленген мерзімі өткеннен кейін міндеттемелерді өзіне алатын туынды қаржы құралы. 2. Форвард ұйымдастырылмаған нарықта жасалмайды. 128-6-бап. Фьючерс Фьючерс - сатып алушы (немесе сатушы) ұйымдастырылған нарықта белгіленген стандартты шарттарға сәйкес базалық активті сатып алудың (немесе сатудың) белгіленген мерзімі өткеннен кейін міндеттемелерді өзіне алатын тек ұйымдастырылған нарықта айналымға түсетін туынды қаржы құралы. 4) 129-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: "1-1. Құнды қағаздар борыштық және үлестік болуы мүмкін. Борыштық құнды қағаздар - эмитент/борышкердің осы құнды қағаздарды шығару шарттарында борыштың негізі сомасын төлеу бойынша міндеттемесін растайтын құнды қағаздар. Үлестік құнды қағаздар - Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда мүлік иесінің мүлікке белгіленген үлесіне иелік ету құқығын растайтын құнды қағаз. 2. 1997 жылғы 16 шілдедегі N 167 Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің жаршысы, 1997 ж., N 15-16, 211-құжат; N 15, 281-құжат; 1998 ж., N 16, 219-құжат; N 17-18, 225-құжат; 1999 ж., N 20, 721-құжат; N 21, 774-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53-құжат; 2002 ж., N 4, 219-құжат; N 32, 33; N 10, 106-құжат; N 17, 155-құжат; N 23-24, 192-құжат; 2003 ж., N 15, 137-құжат; N 18, 142-құжат; 2004 ж., N 5, 22-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139-құжат; 2005 ж., N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 21-22, 87-құжат; 2006 ж., N 2, 19-құжат; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 12, 72-құжат; N 15, 92-құжат; 2007 ж., N 1, 2-құжат; N 4, 33-құжат; N 5-6, 40-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 17, 140-құжат; 2008 жылғы 7 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу кодекстеріне және Қазақстан Республикасының Јкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне есірткінің заңсыз айналымы саласындағы жауапкершілікті күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 27 маусымдағы Заңы; 2008 жылғы 26 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі Заңы) мынадай мазмұндағы 222-1-баппен толықтырылсын: "222-1-бап. Салық төлеушінің салық берешегі шотына билік ету шектелген мүлікке қатысты заңсыз әрекеттері Иелік етуге салық органы шектеу қойған мүлікті ысырап етуі, иеліктен шығаруы, жасырып қалуы немесе заңсыз беруі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда сеніп берген адамның жасаған осындай мүлікті беруден бас тартуы, несие ұйымдары қызметкерінің салық органдары жұмсау операцияларын тоқтатып қойған ақша қаражатымен (салымдармен) банк операцияларын жүзеге асыруы - екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады немесе жүз сексен сағаттан екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш айдан төрт айға дейінгі мерзімге қамауға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.". 3. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің жаршысы, 1997 ж., N 23, 1998 ж., N 23, 416-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53-құжат; N 15-16, 239-құжат; N 17-18, 245-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 32, 33-құжаттар; N 17, 155-құжат; N 23-24, 192-құжат; 2003 ж., N 18, 142-құжат; 2004 ж., N 5, 22-құжат; N 23, 139-құжат; N 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., N 13, 53-құжат; N 21-22, 87-құжат; N 24, 123-құжат; 2006 ж., N 2, 19-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 12, 72-құжат; 2007 ж., N 1, 2-құжат; N 5-6, 40-құжат; N 10, 69-құжат; N 13, 99-құжат; 2008 жылғы 7 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу кодекстеріне және Қазақстан Республикасының Јкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне есірткінің заңсыз айналымы саласындағы жауапкершілікті күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 27 маусымдағы Заңы; 2008 жылғы 15 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі Заңы; 2008 жылғы 30 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қамауға алу, үйде қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі Заңы): 192-баптың үшінші бөлігіндегі "222-бабында (екінші бөлігінде)" деген сөзден кейін "222-1" деген санмен толықтырылсын. 4. 1997 жылғы 13 желтоқсанындағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі (Қазақстан Республикасы Парламентінің жаршысы, 1997 ж., N 24, 337-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат; N 8, 189-құжат; N 18, 339-құжат; 2001 ж., N 8, 53-құжат; N 17, 18, 245-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 23-24, 192-құжат; 2004 ж., N 5, 22-құжат; N 23, 139, 142-құжат; N 24, 154-құжат, 2005 ж., N 13, 53-құжат; 2006 ж., N 11, 55-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 5-6, 40-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 17, 140-құжат; N 20, 152-құжат): 178-2-баптың 1-тармағының 9)-тармақшасы мынадай мазмұнда жазылсын: "9) тұрғылықты жеріндегі салық органына салық заңнамасында белгіленген тәртіппен кірістері және салық салу объектісі болып табылатын және Қазақстан Республикасы аумағында да және одан тыс жерлерде орналасқан мүлкі туралы декларация беруге міндетті. Көрсетілген декларация жазаның қалған өтелмеген бөлігі өткенге дейін ұсынылады. Бұл ретте, ішкі істер органына олардың декларацияны алғаны туралы салық органының анықтамасы ұсынылады.". 5. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Јкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 2, 19, 20-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 72, 77-құжаттар; N 13, 85, 86-құжаттар; N 15, 92, 95-құжаттар; N 16, 98, 102-құжаттар; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 16, 18-құжаттар; N 3, 20, 23-құжаттар; N 4, 28, 33-құжаттар; N 5-6, 40-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 12, 88-құжат; N 13, 99-құжат; N 15, 106-құжат; N 16, 131-құжат; N 17, 136, 139, 140-құжаттар; N 18, 143, 144-құжаттар; N 19, 146, 147-құжаттар; N 20, 152-құжат; N 24, 180-құжат; 2008 ж., N 6-7, 27-құжат; 2008 жылғы 7 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу кодекстеріне және "Қазақстан Республикасының Јкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне есірткінің заңсыз айналымы саласындағы жауапкершілікті күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 27 маусымдағы Заңы; 2008 жылғы 12 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке және заңды тұлғалардың нысанды және арнаулы киімді киіп жүруі (пайдалануы) мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 шілдедегі Заңы; 2008 жылғы 22 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 шілдедегі Заңы; 2008 жылғы 24 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі Заңы; 2008 жылғы 26 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі Заңы; 2008 жылғы 15 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі Заңы): 1) 69-баптың екінші бөлігінде мәтін бойынша "сондай-ақ салық салу," деген сөздерден кейін "зейнетақымен қамсыздандыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамалар," деген сөздермен толықтырылсын; 2) 88-бапта: үшінші бөлікте: жетінші абзацтағы "орындамауы" деген сөзден кейінгі "," белгісі ";" белгісімен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген жағдайларда салық органдарының өкімі бойынша касса жөніндегі барлық шығыс операцияларын тоқтатпауы, -" сегізінші абзацта "орта кәсіпкерлік субъектілері" деген сөздерден кейін "немесе коммерциялық емес ұйымдар" деген сөздермен толықтырылсын; төртінші бөліктің екінші абзацында "орта кәсіпкерлік субъектілері" деген сөздерден кейін "немесе коммерциялық емес ұйымдар" деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын: "5. Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың: Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген жағдайларда салық органдарының өкімі бойынша агент-заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкерлердің, жеке нотариустардың және адвокаттардың банк шоттары бойынша барлық шығыс операцияларын тоқтатпауы; аудармауы (есептемеуі) уақтылы аудармауы (банк шоттарынан ақшаны шығарып тастау бойынша операциялар жасалған күннен кеш немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін іске асыратын банк немесе ұйымға қолма қол ақша енгізген күннен кейін) не міндетті зейнетақы жарналары мен өсімақы сомаларын Зейнетақы төлеу орталығына аудару кезінде банк операцияларының жекелеген түрлерін іске асыратын банк немесе ұйымның кінәсінен төлем құжатының деректемелерін толтыру кезінде қателер жіберу; Қазақстан Республикасының заңнамасына белгіленген тәртіппен салық органдарының міндетті зейнетақы жарналары мен өсімақының сомаларын алу жөніндегі инкассалық өкімдерін орындамауы түрінде жасаған Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген міндеттерді орындамауы, - лауазымды адамдарға - Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгіленген міндеттерді орындамау кезеңінде агенттердің банк шоттары бойынша жасалған шығыс операциялары сомасының отыз проценті, заңды тұлғаларға елу проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады."; 3) 88-1-бапта: екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: "2. Жеке кәсіпкердің, жекеше нотариустың, адвокаттың, заңды тұлғаның немесе оның лауазымды адамдарының: әлеуметтік аударымдар жүргізілетін міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімін салық органына ұсынбауы; әлеуметтік аударымдар мен өсімақыларды уақтылы және (немесе) толық төлемеу (аудармауы); Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасында көзделген жағдайларда салық органдарының өкімі бойынша касса бойынша барлық шығыс операцияларын тоқтатпауы түрінде жасаған Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасында көзделген міндеттерді орындамауы немесе тиісінше орындамауы, - лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға, адвокаттарға - отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлғаларға - аударылмаған (уақытында аударылмаған) әлеуметтік аударымдар сомасының отыз проценті мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады."; мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын: "3. Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың: Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасында көзделген жағдайларда салық органдарының өкімі бойынша төлеуші заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкерлердің, жеке нотариустардың және адвокаттардың банк шоттары бойынша барлық шығыс операцияларын тоқтатпауы; аудармауы (есептемеуі) уақтылы аудармауы (банк шоттарынан ақшаны шығарып тастау бойынша операциялар жасалған күннен кеш немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін іске асыратын банк немесе ұйымға қолма қол ақша енгізген күннен кейін) не міндетті зейнетақы жарналары мен өсімақы сомаларын Зейнетақы төлеу орталығына аудару кезінде банк операцияларының жекелеген түрлерін іске асыратын банк немесе ұйымның кінәсінен төлем құжатының деректемелерін толтыру кезінде қателер жіберу; Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әлеуметтік аударымдар мен өсімақылардың сомаларын алу жөніндегі салық органдарының инкассалық өкімдерін орындамауы түрінде жасаған Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасында көзделген міндеттерді орындамауы, - Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгіленген міндеттерді орындамау кезеңінде лауазымды адамдарға - отыз айлық есептік көрсеткіші мөлшерінде, төлеушілердің банк шоттары бойынша жасалған шығыс операциялары сомасының бес проценті мөлшерінде заңды тұлғаларға айыппұл салуға әкеп соғады."; 4) 205-бапта: тақырыбындағы "салық" деген сөз "тіркелген" деген сөзбен ауыстырылсын; бірінші бөлікте: бірінші абзацта: "өтініш" деген сөз "салық өтінішін" деген сөздермен ауыстырылсын; екінші абзацта: "жеке тұлғаларға - екі," деген сөздер алып тасталсын; "және дара кәсіпкерлерге" деген сөздер ", дара кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға, адвокаттарға" деген сөздермен ауыстырылсын; екінші бөлікте: екінші абзац: "өтініш" деген сөз "салық өтінішін" деген сөздермен ауыстырылсын; екінші абзацта: "жеке тұлғаларға - екі," деген сөздер алып тасталсын; "және дара кәсіпкерлерге" деген сөздер ", дара кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға, адвокаттарға" деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 2-1-бөлікпен толықтырылсын: "2-1. Дара кәсіпкердің дара кәсіпкерді, жеке нотариусты, адвокатты мемлекеттік тіркеу туралы куәлікте көрсетілген өзгерістерді енгізу үшін тұратын орнының өзгеруі туралы тіркеу деректерін өзгерту туралы салық өтінішін берудің Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген мерзімін бұзуы дара кәсіпкерлерге - бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады."; үшінші бөлікте: бірінші абзацта: "өтініш" деген сөз "салық өтінішін" деген сөздермен ауыстырылсын; "салығын төлеуші ретінде есепке" деген сөздер "салығы бойынша тіркеу есебіне" деген сөздермен ауыстырылсын; екінші абзацта: "отыз" деген сөз "он бес" деген сөзбен ауыстырылсын; "елу" деген сөз "отыз" деген сөзбен ауыстырылсын; "әр айы" деген сөздер "кезең" деген сөзбен ауыстырылсын; 5) мынадай мазмұндағы 205-2-баппен толықтырылсын: "205-2-бап. Адамдардың қызметті тоқтата тұру туралы өтінішінің қолданылуы кезеңінде қызметті жүзеге асыруы Қызметті тоқтата тұру туралы өтініштің қолданылуы кезеңінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес қызметін тоқтата тұруға құқығы бар адамдардың қызметті жүзеге асыруы, - жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады."; 6) 206-бапта: тақырыбы "қажетті" деген сөзден кейін "не шартты банк салымына байланысты" деген сөздермен толықтырылсын; бірінші бөлікте: "дара кәсіпкерлерге" деген сөздерден кейін ", жеке нотариустарға, адвокаттарға" деген сөздермен толықтырылсын; ", осы баптың екінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда," деген сөздер алып тасталсын; екінші бөлік алып тасталсын; үшінші бөлікте: бірінші абзацта: "электрондық мониторинг бойынша салық есептілігін" деген сөздер "мониторинг бойынша есептілікті" деген сөздермен ауыстырылсын; "салық төлеушінің" деген сөздің алдынан "ірі" деген сөзбен толықтырылсын; екінші абзацта "дара кәсіпкерлерге" деген сөздерден кейін ", жеке нотариустарға, адвокаттарға" деген сөздермен толықтырылсын; төртінші абзацта "дара кәсіпкерлерге" деген сөздерден кейін ", жеке нотариустарға, адвокаттарға" деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын: "5. Табыс салығын шартты банк салымы арқылы төлеген жағдайда, салық агентінің шартты банк салымы туралы шартты және (немесе) шартты банк салымына табыс салығының аударылғанын растайтын төлем құжатының көшірмесін табыс салығын шартты банк салымы арқылы төлеген жағдайда салық органына табыс етпеуі не уақтылы табыс етпеуі, - дара кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға, адвокаттарға - он, заңды тұлғаларға, оның ішінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме, филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын резидент еместерге - отыз, заңды тұлғаларға, оның ішінде ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме, филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын резидент еместерге елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 7) мынадай мазмұндағы 206-1-баппен толықтырылсын: "206-1-бап. Мәмілелердің мониторингі бойынша трансферттік баға белгілеу кезінде бақылау үшін берілетін есептілікті, сондай-ақ трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша тексеру жүргізу үшін қажетті құжаттарды табыс етпеу 1. Салық төлеушінің Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу мәселелерін реттейтін заңнамасында белгіленген мерзімде салық органына мәмілелердің мониторингі жөніндегі есептілікті табыс етпеуі, - лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - отыз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 2. Мәмілелердің мониторингі жөніндегі есептіліктің деректері мен тексеру барысында алынған деректер арасында тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 2 000 айлық есептік көрсеткіштен асатын мөлшерде сәйкессіздік анықталған жағдайда, - лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - елу, шағын немесе орта бизнес субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 3. Салық төлеушінің трансферттік баға белгілеу кезінде бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды (оның ішінде электрондық түрде), сондай-ақ мәмілелердің мониторингі жөніндегі есептілікті уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген мерзімде табыс етпеуі не табыс етуден бас тартуы, - лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - отыз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер (әрекетсіздік), - лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - елу, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жеті жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады."; 8) "208-бап. Есепке алу құжаттамаларының болмауы және салық есебін жүргізуді бұзу"; бірінші бөлікте: бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: "1. Салық төлеушіде есеп құжаттамасының және (немесе) салықтық есеп саясатының болмауы немесе оның Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпті бұза отырып жүргізілуі, -"; екінші абзацтағы "есепке алынбаған тауарлар (жұмыстар, көрсетілген қызметтер) құнының бес проценті мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға он проценті" деген сөздер "елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жетпіс бес айлық есептік көрсеткіш" деген сөздермен ауыстырылсын; екінші бөліктің екінші абзацында "есепке алынбаған тауарлар (жұмыстар, көрсетілген қызметтер) құнының он проценті мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырма проценті" деген сөздер "алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға тоқсан айлық есептік көрсеткіш" деген сөздермен ауыстырылсын; ескерту мынадай редакцияда жазылсын: "Ескерту. Салық төлеушіде есепке алу құжаттамасының болмауы деп бухгалтерлік құжаттаманың және (немесе) салық нысандарының, салықтық есепке алу саясаты құжаттарының, салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін, сондай-ақ салық міндеттемелерін есептеу үшін негіз болып табылатын өзге де құжаттардың болмауы түсіндіріледі. 9) 208-1-бапта: тақырыбындағы "(үстеп есептелген)" деген сөздер "(есептелген)" деген сөздермен ауыстырылсын; бірінші абзацтағы "(үстеп есептелген)" деген сөздер "(есептелген)" деген сөздермен ауыстырылсын; "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген берешекті төлеу мерзімінен тоқсан күннен асқан берешегі" деген сөздер "касса бойынша шығыс операцияларын тоқтату туралы салық органының өкімінің қолданыс кезеңіндегі салық берешегі" деген сөздермен ауыстырылсын; 10) 209-бапта: бірінші бөліктің екінші абзацында: ", дара кәсіпкерлерге - елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде," деген сөздер "- жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, дара кәсіпкерлерге жеке нотариустарға, адвокаттарға" деген сөздермен ауыстырылсын; "үстеп" деген сөз "есептелген" деген сөзбен ауыстырылсын; екінші бөлік алып тасталсын; үшінші бөліктегі "бюджетке төленетін ағымдағы төлемдер сомасын кемітіп" деген сөздер "ағымдағы төлемдер сомасын есепте кемітіп" деген сөздермен ауыстырылсын; төртінші бөліктегі "немесе жеке табыс салығы" деген сөздер алып тасталсын; ескерту мынадай редакцияда жазылсын: "Ескерту. 1. Осы баптың бірінші бөлігіндегі мақсаттар үшін салық кезеңінің ішінде салық заңнамасына сәйкес берілуге тиіс корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдердің есептерін бермеген жағдайда тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды. 2. Осы баптың төртінші бөлігіндегі мақсаттар үшін егер қосылған құн салығына есептелген сома салық кезеңінде бюджетке енгізуге жататын қосылған құн салығына әсер етпесе тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 11) Бұл ретте, аванстық төлемдердің есептелген сомасы нөлге теңестіріледі"; 210-бапта: бірінші бөліктің екінші абзацында: "лауазымды тұлғалар" деген сөздерден кейін "- 20 айлық есептік көрсеткіш" деген сөздермен толықтырылсын; "дара кәсіпкерлерге" деген сөздерден кейін ", жеке нотариустарға, адвокаттарға" деген сөздермен толықтырылсын; екінші бөліктің екінші абзацында: "лауазымды тұлғалар" деген сөздерден кейін "- 20 айлық есептік көрсеткіш" деген сөздермен толықтырылсын; "дара кәсіпкерлерге" деген сөздерден кейін ", жеке нотариустарға, адвокаттарға" деген сөздермен толықтырылсын; 12) 212-бап алынып тасталсын; 13) 215-баптың тақырыбындағы "Фискалдық жады бар" деген сөздер алынып тасталсын; бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: "1. Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен белгіленген кассалық-бақылау машиналарын қолдану тәртібін бұзу - дара кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға және лауазымды адамдарға он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады."; екінші бөлігі алынып тасталсын; үшінші бөліктегі: бірінші абзацтағы "бірінші немесе екінші бөліктерінде" деген сөздер "бірінші бөлігіндегі" деген сөздермен ауыстырылсын; екінші абзацта: "дара кәсіпкерлерге" деген сөздерден кейін ", жеке нотариустарға" деген сөздермен толықтырылсын; 14) 216-баптың бірінші бөлігінде: төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: "аудармауы (есептемеуі) уақтылы аудармауы (банк шоттарынан ақшаны шығарып тастау бойынша операциялар жасалған күннен кеш немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін іске асыратын банк немесе ұйымға қолма қол ақша енгізген күннен кейін) не міндетті зейнетақы жарналары мен өсімақы сомаларын Зейнетақы төлеу орталығына аудару кезінде банк операцияларының жекелеген түрлерін іске асыратын банк немесе ұйымның кінәсінен төлем құжатының деректемелерін толтыру кезінде қателер жіберу;"; төртінші абзацтағы "жүргізілген күні" деген сөздерден кейін "және банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кассаларына қабылданған қолма-қол ақшаны салықтарды және басқа да міндетті төлемдерді, өсімақыларды, айыппұлдарды төлеу шотына" деген сөздермен толықтырылсын; жетінші абзацтағы "заңды тұлғалардың" деген сөздерден кейін ", жеке кәсіпкерлердің, адвокаттардың және жеке нотариустердің" деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы оныншы, он бірінші, он екінші абзацтармен толықтырылсын: "өз клиентіне салық қызметі органдары инкассалық өкім немесе салық төлеушінің банк шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтату туралы өкім қойған осы банкте соңғы рет ашық шоты болған кезде жаңа банк шотын ашу; әрекетсіз салық төлеушілерге және жойылу сатысындағы салық төлеушілерге банк шотын ашу; банк қызметкерлерінің кінәсінен төлем құжаттарында жіберілген қателіктер, сондай-ақ банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кассаларына қабылданған қолма-қол ақшаны салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, өсімақылар, айыппұлдарды, міндетті зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды төлеу шотына аударуды (есептеуді) кідірткені үшін, - 15) 217-баптың бірінші бөлігінде: үшінші абзацта: "салық органдарына" деген сөзден кейінгі "үш жұмыс күні ішінде" деген сөз алынып тасталсын; "салық органдарына" деген сөздерден кейін "оны ашқан күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей хабарламаның кепілдендірілген жеткізуді қамтамасыз ететін байланыстың электронды арналары арқылы немесе хабарламаны қағаз тасығышта жіберген кезде - үш жұмыс күні ішінде" деген сөздермен толықтырылсын; бесінші абзацтағы "шешімі" деген сөз "өкімі" деген сөзбен ауыстырылсын; алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын: "аудармауы (есептемеуі) уақтылы аудармауы (банк шоттарынан ақшаны шығарып тастау бойынша операциялар жасалған күннен кеш немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін іске асыратын банк немесе ұйымға қолма қол ақша енгізген күннен кейін) не міндетті зейнетақы жарналары мен өсімақы сомаларын Зейнетақы төлеу орталығына аудару кезінде банк операцияларының жекелеген түрлерін іске асыратын банк немесе ұйымның кінәсінен төлем құжатының деректемелерін толтыру кезінде қателер жіберу;"; жетінші абзац алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы тоғызыншы, оныншы, он бірінші және он екінші абзацтармен толықтырылсын: "өз клиентіне салық қызметі органдары инкассалық өкім немесе салық төлеушінің банк шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтату туралы өкім қойылған осы банкте соңғы рет ашық шоты болған кезде жаңа банк шотын ашу; әрекетсіз салық төлеушілердің және жойылу сатысындағы салық төлеушілердің банк шотын ашу; банк сыйақыларының есептелген сомалары туралы салық органына салық заңнамасында белгіленген мерзім ішінде ақпарат бермеу; есепті тоқсан ішінде шартты банк салымында орналасқан ақшаның қозғалысы туралы есепті, осындай ақшаның қозғалысы бар болған кезде уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық органына салық заңнамасында белгіленген мерзім ішінде ұсынбау, -" деген сөздермен толықтырылсын; 16) 219-бап мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын: "Ескерту. Салық төлеуші кәсіпкерлік қызметке пайдаланатын аумаққа немесе үй-жайға салық тексеруін жүргізетін салық қызметі органының лауазымды тұлғасының кіруіне заңсыз кедергі келтіруі деп салық төлеушінің немесе оның қызметкерлерінің тексеріс жүргізуге мүмкіндік бермейтін немесе оны тиісінше жүргізуге кедергі келтіретін кез-келген әрекеттері (әрекетсіздіктері) түсіндіріледі."; 17) 359-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "Кәсіптік немесе қызметтік қажеттіліксіз салық құпиясын құрайтын мәліметтерді осындай мәліметтер туралы белгілі болған адамдардың жария етуі салық заңнамасында белгіленген тәртіппен, -"; 18) 570-баптың бірінші бөлігі "88 (үшінші, төртінші" деген сөзден кейінгі ", бесінші" деген сөзбен толықтырылсын; 19) 580-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын: "8) салық есептілігі нысанын электронды түрде жіберу кезінде туындайтын техникалық қателер болған жағдайда.".
6. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексі (Қазақстан Республикасы Парламентінің жаршысы, 2003 ж., N 13, 99-құжат; 2005 ж., N 9, 26-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 79, 83-құжаттар; N 16, 97-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 18-құжат; N 14, 105-құжат; N 15, 106, 109-құжаттар; N 16, 129-құжат; N 17, 139-құжат; N 18, 143-құжат; N 20, 152-құжат; N 24, 180-құжат; "Егемен Қазақстан" және 2008 жылғы 4 маусымда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақтан Республикасының 2008 жылғы 26 мамырдағы Заңы): 43-бапта: 1-тармақ мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын: "8) уақытша қайтарылатын жер пайдалану туралы шарт жасау."; 7-тармақ мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын: "Көрсетілген мерзімде бір мезгілде уақытша қайтарылатын жер пайдалану туралы (жалдау) шарт жасалады.". 7. 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексі (Қазақстан Республикасы Парламентінің жаршысы, 2003 ж., N 16, 140-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 16, 97-құжат 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 18-құжат): 1) 13-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 17) тармақшамен толықтырылсын: "17) орман пайдалануға төлемдер ставкаларын есептеуге (түбірімен босатылатын сүрекке, өзге орман пайдалануға) арналған әдістемелік нұсқауды бекітеді."; 2) 36-баптың үшінші тармағында "сүрек" деген сөзден кейін "(түбірінде және отын), кесілген ағаштардың қалдықтары (түбірден алынған ағаш)" деген сөздермен толықтырылсын; 3) 105-бапта: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: "105-бап. Мемлекеттік орман қорын ормандық пайдалануға төлемақысы"; 3-тармақтағы "мен қол жетімділігі, орман өнімдерінің нарықтық бағалары" деген сөздер ", ортақ пайдаланудағы жолдардан кеспе ағаштарды жою жер бедері және ағаш кесу түрлері" деген сөздермен ауыстырылсын; 4-тармақта: "Мемлекеттік орман қорын пайдалану" деген сөздер "Мемлекеттік орман қорының учаскелерінде ормандық пайдалану" деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын: "Бұл ретте, төлем ставкалары орманды пайдалану түрлеріне және олардың алаңы бойынша - га, көлемі бойынша - тығыз текше метрде (м3) немесе қабат текше метрде (скл. м3), саны бойынша - данада, салмағы бойынша - килограммда (кг), центнерде (ц), тоннада (т) жаңа (дымқыл өскен) жағдайларға өлшенетін ерекшелігіне байланысты белгіленеді."; 4) 112-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы "жанама орман пайдалану" деген сөздер "сондай-ақ жанама орман пайдалануды өңдеудің өнімдері" деген сөздермен ауыстырылсын. 8. 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексі (Қазақстан Республикасы Парламентінің жаршысы, 2003 ж., N 17, 141-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат; N 15, 95-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 18-құжат; N 19, 147-құжат; N 24, 180-құжат; 2008 ж., N 6-7, 27-құжат;): 37-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 5-1), 7-1) тармақшалармен толықтырылсын: "5-1) салық органына беруге дейін жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем бойынша салық есептілігін растайды;"; "7-1) Қазақстан Республикасы салық заңнамасымен белгіленген жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны бойынша төлемдер есебінің әдістемесін бекітеді;". 9. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі (Қазақстан Республикасы Парламентінің жаршысы, 2007 ж., N 1, 1-құжат; N 20, 152-құжат): 17-бап мынадай мазмұндағы 28-1) тармақшамен толықтырылсын: "28-1) салық органына ұсынғанға дейін қоршаған ортаға эмиссия үшін төлем бойынша салық есептілігін растайды;". 10. 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі (Қазақстан Республикасы Парламентінің жаршысы, 2007 ж., N 9, 65-құжат; N 19, 147-құжат; N 20, 152-құжат; N 24, 178-құжат): 156-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: "1-1. Тұрақты жұмысы жолда немесе сапарға шығу сипатындағы немесе қызмет көрсететін учаскелері шегінде қызметтік жол жүрулермен байланысты қызметкерлерге темір жол, өзен, теңіз, автомобиль көлігі, азаматтық авиация, автомобиль жолдары, байланыстың магистральді желілері және оларға құрылыс, радиорелі желісі және оларға құрылыс, электр берудің әуе желілері және оларға құрылыс, байланыс нысандарының қызметкерлері жатады.". 11. "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 35-құжат; 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің жаршысы, 1996 ж.,№1, 180-құжат; N 14, 274-құжат; 1997 ж., N 12, 183-құжат; 1998 ж., N 5-6, 50-құжат; N 17-18, 224-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 3-4, 63, 64-құжаттар; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 1-құжат; N 8, 52-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 18, 157-құжат; 2003 ж., N 4, 25-құжат; N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат; 2005 ж., N 13, 53-құжат; N 14, 55, 58-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 10, 52-құжат; N 15, 95-құжат; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 3, 20-құжат; 2008 жылғы 12 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 6-1-баптың үшінші бөлігі "тізілімінің заңдастырылған үзінді көшірмесін" деген сөздерден кейін "құрылтай құжаттары" деген сөздермен толықтырылсын; 2) 9-баптың бірінші бөлігі "ал өзге де заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және олардың филиалдары мен өкілдіктерін" деген сөздерден кейін ", оның ішінде шетелдік заңды тұлғаларының филиалдары мен өкілдіктерін" деген сөздермен толықтырылсын; 3) 14-бапта: алтыншы бөлігінде "қайта ұйымдастырылған" деген сөздер "қайта ұйымдастырылатын" деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы жетінші бөлікпен толықтырылсын: "Заңды тұлға қайта ұйымдастырылған жағдайда тіркеуші органға салық органының қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның салықтық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқтығы туралы анықтамасы табыс етіледі.". 12. "Мұнай туралы" 1995 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақ ССР Жоғарғы Советінің ведомстары, 1995 ж., N 11, 76-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің жаршысы, 1997 ж., N 11, 150-құжат; 1999 ж., N 21-құжат; N 21, 787-құжат; 2003 ж., N 6, 34-құжат; N 11, 56-құжат; 2004 ж., N 22, 131-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 16, 70-құжат; 2006 ж., N 16, 99-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 3, 22-құжат; N 8, 52-құжат; N 9, 67-құжат; N 19, 148-құжат): 25-баптың 1-тармағының бірінші бөлігінің 3) тармақшасы алып тасталсын. 13. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңына (Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің жаршысы, 1995 ж., N 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің жаршысы, 1996 ж., N 2, 184-құжат; N 15, 281-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 5, 58-құжат; N 13-14, 205-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 11-12, 176-құжат; N 17-18, 224-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 9, 86-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 5, 31-құжат; N 10, 51-құжат, N 11, 56, 67-құжаттар; N 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; N 15, 86-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 140-құжат; 2005 ж., N 7-8, 24-құжат; N 14, 55, 58-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 8, 45-құжат; N 11, 55-құжат; N 16, 99-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 4, 98, 170-құжаттар): 1) 30-баптың 12-тармағының бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары "туынды бағалы қағаздармен" деген сөздерден кейін "және туынды қаржы құралдармен" деген сөздермен толықтырылсын; 2) 51-баптың 1-тармағының екінші бөлігінде: "Заңды тұлғалардың" деген сөздерден кейін ", оның құрылымдық бөлімшелерінің, дара кәсіпкерлердің, қорғаушы және жеке нотариустардың" деген сөздермен толықтырылсын; "шешімдері" деген сөз "өкімдері" деген сөзбен ауыстырылсын; ", прокурордың санкция беруімен" деген сөздер алып тасталсын. 14. "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңына (Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің жаршысы, 1995 ж., N 24, 156-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің жаршысы, 1997 ж., N 12, 184-құжат; 1998 ж., N 15, 208-құжат; 1999 ж., N 8, 247-құжат; N 21, 774-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 6, 142-құжат; 2001 ж., N 20, 257-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2007 ж., N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 20, 152-құжат; 2008 жылғы 30 шілдеде "Егемен Қазақстан" және 2008 жылғы 31 шілдеде "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қамауға алу, үйде қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы): 21-баптың 1-тармағының 5-3) тармақшасындағы "мен жеке және заңды тұлғалардың банк (корреспонденттіктен басқа) шоттарындағы шығыс операцияларын тоқтата тұруға" деген сөздер алып тасталсын. 15. "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 1996 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің жаршысы, 1996 ж., N 2, 182-құжат; 1999 ж., N 11, 357-құжат; N 21, 787-құжат; 2003 ж., N 11, 56-құжат; 2004 ж., N 22, 131-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 16, 70-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 16, 99-құжат; N 24, 148-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 3, 22-құжат; N 22, 70-құжат;): 42-баптың 1-тармағының бірінші бөлігінің 1) тармақшасы алып тасталсын. 16. "Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шілдедегі Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің жаршысы, 1996 ж., N 14, 273-құжат; 2001 ж., N 24, 338-құжат; 2003 ж., N 10, 54-құжат; N 12, 82-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 24, 148-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; 2008 жылғы 22 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы): 18-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын: "Механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік тіркеу үшін көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген тәртіппен көлік құралдарын мемлекеттік тіркегені үшін алым алынады. Жүргізуші куәлігін, механикалық көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін бергені үшін жүргізуші куәлігін, механикалық көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін бергені үшін Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік баж алынады.". 17. "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің жаршысы, 1997 ж., N 1-2, 7-құжат; N 13-14, 205-құжат; 1998 ж., N 14, 198-құжат; N 17-18, 225-құжат; 2000 ж., N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 17-18, 240-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 4, 26-құжат; N 11, 67-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 14, 57-құжат; 2006 ж., N 1, 4-құжат; N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 13, 86-құжат; N 15, 95-құжат; 2007 ж., N 1, 2-құжат; N 14, 18-құжат; N 9, 67-құжат; 2008 жылғы 26 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 41-1-баптың бірінші тармағының екінші бөлігінің 1) тармақшасы "сырттай байқау" деген сөздердің алдынан "салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша кредитор немесе" деген сөздермен толықтырылсын; 2) 70-бап мынадай мазмұндағы 9-2) тармақшамен толықтырылсын: "9-2) қорытынды есепті жасағанға дейін банкрот деп танылған кәсіпорынның банк шоттарын жабуға, салық органына салық төлеуші куәлігінің және қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәліктің (олар бар болса) бланкілерін тапсыруға міндетті;"; 3) 87-бапта: тақырыбы "басқарушының" деген сөзден кейін "қорытынды" деген сөзбен толықтырылсын; 1-тармақта: бірінші бөлікте "есепті" деген сөздің алдынан "қорытынды" деген сөзбен толықтырылсын; екінші бөлік "Есепті" деген сөз "Қорытынды есепті" деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақта: бірінші бөлік "басқарушының" деген сөзден кейін "қорытынды" деген сөзбен толықтырылсын; екінші бөлік "бекітілген" деген сөзден кейін "қорытынды" деген сөзбен толықтырылсын; 4) 88-бапта: 3-тармақта "заңды тұлғалардың мемлекеттік тізіліміне" деген сөздерден кейін "заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің мемлекеттік тізіліміне" деген сөздермен толықтырылсын; 4-тармақ "уәкілетті органға" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ борышкердің тұрған жері бойынша салық органына" деген сөздермен толықтырылсын; 5) 95-бапта: бірінші бөлік "есепті сотқа" деген сөздердің алдынан "қорытынды" деген сөзбен толықтырылсын; екінші бөлік "басқарушының" деген сөзден кейін "қорытынды" деген сөзбен толықтырылсын; 3-тармақта: "басқарушының" деген сөзден кейін "қорытынды" деген сөзбен толықтырылсын; "заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тіркеліміне" деген сөздер "Заңды және дара кәсіпкерлердің мемлекеттік тізіліміне" деген сөздермен ауыстырылсын; "заңды тұлға" деген сөздер "борышкер" деген сөздермен ауыстырылсын. 18. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы N 136 Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің жаршысы, 1997 ж., N 12, 186-құжат; 1998 ж., N 24, 437-құжат; 1999 ж., N 8, 237-құжат; N 23, 925-құжат; 2001 ж., N 17-18, 245-құжат; N 20, 257-құжат; 2002 ж., N 1, 1-құжат; N 23-24, 198-құжат; 2003 ж., N 1-2, 9-құжат; N 11, 56-құжат; N 15, 139-құжат; N 21-22, 160-құжат; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; N 23, 140, 142-құжат; 2005 ж., N 7-8, 19-құжат; N 11, 39-құжат; N 14, 55, 58-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 8, 45-құжат; N 12, 69-құжат; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 3, 20-құжат; N 4, 28, 30-құжаттар; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 24, 178-құжат): 1) 22-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын: "4-1. Ўсталынған міндетті зейнетақы жарналарын: 1) заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер (шағын бизнес субъектілері мен шаруа немесе фермерлік қожалықтары үшін арнайы салық режимін қолданатындардан басқа), сондай-ақ қорғаушылар мен жеке нотариустар жалдамалы қызметкерлерге төленетін табыстардан ұсталынған - табысты төлеу айынан кейінге айдың 25-нен кешіктірілмейтін мерзімде; 2) дара кәсіпкерлер (патент немесе оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін және шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнайы салық режимін қолданатындардан басқа), қорғаушылар мен жеке нотариустар өз пайдасына - есепті айдан кейінгі айдың 25-нен кешіктірілмейтін мерзімде; 3) арнайы салық режимін қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары - Қазақстан Республикасының салық заңнамаларында көзделген тәртіпте және мерзімде; 4) оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолданатын шағын бизнес субъектілері - Қазақстан Республикасының салық заңнамаларында көзделген мерзімде; 5) патент негізінде арнайы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлер - патент құнын төлеу үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамаларында көзделген мерзімде; 6) біржолғы талон негізінде арнайы салық режимін қолданатын жеке тұлғалар - біржолғы талон сатып алынған отыз күннен кейінгі он бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде; 7) Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орган - әлеуметтік төлемдерді жүзеге асырған айдан кейінгі айдың он бесінен кешіктірілмейтін мерзімде аударады."; 2) 22-4-бапта: 3-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын; 4-тармақта: "шешімі" деген сөз тиісінше "өкімі" деген сөзбен ауыстырылсын; бірінші бөлікте: "банк шотындағы (шоттарындағы)" деген сөздер "банк шоттарындағы" деген сөздермен ауыстырылсын; "міндетті зейнетақы жарналары" деген сөздерден кейін ", әлеуметтік аударымдары" деген сөздермен толықтырылсын; екінші бөліктегі "банк шоты (шоттары)" деген сөздер "банк шоттары" деген сөздермен ауыстырылсын; 5-тармақта: "банк (банктер) шотында (шоттарында)" деген сөздер "банк шоттары" деген сөздермен ауыстырылсын; "агенттің қолма-қол ақшасынан өндіріп алады" деген сөздер "касса бойынша шығыс операцияларын тоқтатады" деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 24-баптың 1-тармағында: "тоқсаннан кейінгі" деген сөздерден кейін "екінші" деген сөздермен толықтырылсын; "және аударылған" деген сөздер алып тасталсын; "мемлекет алдындағы салық міндеттемелерінің орындалуын салықтық бақылауды қамтамасыз ететін уәкілетті орган" деген сөздер "салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган" деген сөздермен ауыстырылсын. 19. "Халықтың көші-қоны туралы" 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің жаршысы, 1997 ж., N 24, 341-құжат; 2001 ж., N 8, 50-құжат; N 21-22, 285-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 6, 76-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2007 ж., N 3, 23-құжат; N 15, 106-құжат; N 20, 152-құжат;): 32-баптың 7) тармақшасы мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасының азаматына салықтық берешегі болған кезде одан тыс жерлерге басқа елге тұрақты тұру үшін шығуға рұқсат етілмеуі тиіс". 20. "Ақша төлемі мен аударымы туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 29 маусымдағы N 237 Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің жаршысы, 1998 ж., N 11-12, 177-құжат; N 24, 445-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; 2003 ж., N 4, 25-құжат; N 10, 49, 51-құжаттар; N 15, 138-құжат; 2004 ж., N 23, 140-құжат; 2005 ж., N 14, 55-құжат; 2006 ж., N 11, 55-құжат;): 6-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: "1-1. Банкке: 1) өз клиентіне салық қызметі органдары инкассалық өкім немесе салық төлеушінің банк шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтату туралы өкім қойылған осы банкте соңғы рет ашық шоты болған кезде жаңа банк шотын ашуға; 2) әрекетсіз салық төлеушілерге және салық жойылу сатысында тұрған салық төлеушіге банк шотын ашуға тыйым салынады.". 21. "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 маусымдағы N 253 Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің жаршысы, 1998 ж., N 13, 195-құжат; N 24, 436-құжат; 1999 ж., N 23, 922-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 6, 142-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 10, 49-құжат; N 11, 67-құжат; 2004 ж., N 24, 153-құжат; 2006 ж., N 11, 55-құжат; 2007 ж., N 4, 28-құжат; N 5-6, 40-құжат; N 10, 69-құжат; N 20, 152-құжат): 5-баптың 1-тармағының 7) тармақшасындағы "заңдарында" деген сөз "заңнамалық актілерінде" деген сөздермен ауыстырылсын. 22. Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің жаршысы, 1998 ж., N 15, 209-құжат; 1999 ж., N 21, 744-құжат; 2000 ж., N 5, 116-құжат; 2001 ж., N 13-14, 172-құжат; N 17-18, 241-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 18, 142-құжат; 2004 ж., N 10, 56-құжат; 2007 ж., N 17, 140-құжат; N 19, 147-құжат): 9-бапта: 1-тармақта: екінші абзац алып тасталсын; үшінші абзацта "туралы" деген сөз "табыстар туралы және" деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "2. Мемлекеттік лауазым атқаратын адамдар өз өкілеттігін орындау кезеңінде жыл сайын салық заңдарында белгіленген тәртіппен тұрғылықты жері бойынша салық органына салық салу объектісі болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағындағы да, одан тыс жерлердегі де табыстары мен мүлкі туралы мәлімдемелер беріп отырады."; мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын: "2-1. Жағымсыз себептер бойынша мемлекеттік қызметтен босатылған адамдар босатылғаннан кейінгі үш жыл бойы салық заңдарында белгіленген тәртіппен тұрғылықты жері бойынша салық органына салық салу объектісі болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағындағы да, одан тыс жерлердегі де табыстары мен мүлкі туралы мәлімдемелер беріп отырады."; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "3. Осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде аталған адамдардың жұбайы (зайыбы) тұрғылықты жері бойынша салық органына: салық салу объектісі болып табылатын оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлердегі де табыстары мен мүлкі туралы, көрсетілген мүліктің бағалау құны мен орналасқан жерін көрсете отырып, мәлімдемелер береді; мыналар: банк мекемесін көрсете отырып, банк мекемелеріндегі, соның ішінде Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлердегі салымдары мен бағалы қағаздары туралы, сондай-ақ осы адамдар дербес немесе басқа адамдармен бірлесіп билік етуге хақылы ақша қаражаты туралы; заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы қатысу үлесі мен аталған ұйымдардың толық банк және өзге де реквизиттерін көрсете отырып, акционері немесе құрылтайшысы (қатысушысы) ретінде өзінің тікелей немесе жанама қатысуы туралы; егер адам немесе оның жұбайы (зайыбы) трастардың бенефициары болса, тиісті банк шоттарының нөмірлерін көрсете отырып, сол трастар және олар тіркелген мемлекеттер туралы; адамға немесе жұбайына (зайыбына) тиесілі айлық есептік көрсеткіштің мың еселенген мөлшерінен асатын мөлшердегі материалдық заттар мен ақша қаражатын ұстау немесе уақытша сақтау жөнінде онымен шарттық қатынастары, келісімдері және міндеттемелері (оның ішінде ауызша да) бар басқа ұйымдардың атаулары мен реквизиттері туралы мәліметтерді табыс етеді."; мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын: "3-1. Осы баптың 2 және 2-1 тармақтарында аталған адамдардың жұбайы (зайыбы) тұрғылықты жері бойынша салық органына салық салу объектісі болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағындағы да, одан тыс жерлердегі де табыстары мен мүлкі туралы мәлімдемелер беріп отырады."; төртінші тармақтағы "3" деген сан "3-1" деген сандармен ауыстырылсын. 23. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің жаршысы, 2001 ж., N 3, 17-құжат; N 9, 86-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 10, 103-құжат; 2004 ж., N 10, 56-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 142-құжат; N 24, 144-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 13, 86, 87-құжаттар; N 15, 92, 95-құжаттар; N 16, 99-құжат; N 18, 113-құжат; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 14-құжат; N 10, 69-құжат; N 12, 88-құжат; N 17, 139-құжат; N 20, 152-құжат;): 6-баптың 5-тармағы "қоршаған ортаға" деген сөздерден кейін "жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін, орманды пайдаланғаны үшін, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін" деген сөздермен толықтырылсын. 24. "Инвестициялар туралы" 2003 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің жаршысы, 2003 ж., N 1-2, 4-құжат; 2005 ж., N 9, 26-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; 2007 ж., N 4, 28-құжат; 2008 жылғы 16 шілдеде "Егемен Қазақстан" және 2008 жылғы 17 шілдеде "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне концессия мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 5 шілдеде Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 13-баптың 1) тармақшасы алып тасталсын; 2) 14-бапта: 2-тармақтағы "және инвестициялық салықтық преференциялардың қолданылу мерзімдерін бекітеді, бұл ретте инвестициялық преференцияларды уәкілетті орган береді" деген сөздер алып тасталсын; 3-тармақ алып тасталсын; 3) 15-баптың 2) тармақшасы алып тасталсын; 4) 16-бап алып тасталсын; 5) 23-бап мынадай мазмұнда жазылсын: "23-бап. Келісім-шарттардың тұрақтылығы 1. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін инвестициялар бойынша уәкілетті мемлекеттік органмен жасалған келісім-шарттар негізінде берілген жеңілдіктер осы келісім-шарттарда белгіленген мерзім біткенге дейін өзінің қолданылуын сақтап қалады. 2. Осы заңның салықтар сомасын төлеу бөлігінде 21-2-баптың үшінші абзацының 2-тармағының 1) тармақшасының, 2-тармақтың 2) тармақшасының, 22-бабының 3, 4 және 5-баптарының нормалары уәкілетті органдармен бекітілген келісім-шарттар бойынша 2009 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданысын сақтайды.". 25. "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі N 405 Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің жаршысы, 2003 ж., N 9, 41-құжат; 2004 ж., N 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 3, 20-құжат; N 20, 152-құжат; N 24, 178-құжат;): 1) 14-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын: "Бұл ретте, өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар үшін әлеуметтік аударымдардың ең үлкен мөлшері есептік кезең үшін әлеуметтік салықтың есептелген сомасынан асып кетпеуі тиіс"; 2) 16-бапта: 1-тармақта: "15" деген сандар "25" деген сандармен ауыстырылсын; "Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде" деген сөздер "осы бапта" деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын: "2-1. Арнаулы салық режимін қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары, оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын шағын бизнес субъектілері, патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер әлеуметтік аударымдар сомасын Қазақстан Республикасының Салық заңнамасында көзделген мерзімде төлейді."; 3) 17-бапта: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: "17-бап. Міндетті әлеуметтік аударымдарды уақтылы аудармауына төлеушінің жауапкершілігі"; 2-тармақта: төртінші бөліктегі "банк шотында (шоттарында)" деген сөздер "банк шоттары" деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын: "Төлеушінің банк шоттарында ұлттық теңгеде ақшасы болмаған жағдайларда міндетті әлеуметтік аударымдар бойынша берешектерді төлету салық органдары ұлттық валютада қойған инкассалық өкімдердің негізінде төлеушінің банк шоттарындағы шетел валютасымен жүргізіледі."; мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын: "2-1. Салық органдарының өкімдері бойынша егер төлеуші әлеуметтік аударымдар жүргізілетін міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мерзімде ұсынбаса банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктер мен ұйымдар төлеушінің банк шоттарындағы барлық шығыс операцияларын тоқтатуға және Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте міндетті әлеуметтік аударымдар, зейнетақы жарналары мен салық берешектерін аударуға қатысты нұсқауларды орындауға міндетті. Салық органының банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтату туралы өкімін шығыс операцияларын тоқтату туралы өкім шығарған салық органы банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтатудың себептерін жойған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей күшін жояды."; 4-тармақта "қолма-қол ақшасынан өндіріп алады" деген сөздер "касса бойынша шығыс операцияларын тоқтатады" деген сөздермен ауыстырылсын; 4) 18-бапта: бірінші бөлікте: "есепті тоқсаннан кейінгі" деген сөзден кейін "екінші" деген сөзбен толықтырылсын; "өзі тіркелген" деген сөздер "орналасқан жері бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын; "және аударылған" деген сөз алып тасталсын; екінші бөліктегі "мемлекет алдындағы салық міндеттемелерінің орындалуын салықтық бақылауды қамтамасыз ететін уәкілетті орган" деген сөздер "салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган" деген сөздермен ауыстырылсын. 26. Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің жаршысы, 2003 ж., N 14, 119-құжат; 2004 ж., N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 7-8, 24-құжат; N 14, 58-құжат; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 2, 18-құжат; N 4, 28-құжат; N 9, 67-құжат; N 17, 141-құжат; 2008 жылғы 16 шілдеде "Егемен Қазақстан" және 2008 жылғы 17 шілдеде "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне концессия мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 5 шілдеде Қазақстан Республикасының Заңы): 1-бапта: 3-1) тармақша мынадай мазмұнда жазылсын: "3-1) базалық актив - тауарлар, стандартталған тауарлар партиясы, бағалы қағаздар, валюта, индекстер (сандық жинақталған көрсеткіш немесе қандай да бір шама көрсеткішінің өзгеруі немесе шаманың жиынтығы), проценттік ставкалар және әділ (нарықтық) құны бар немесе ұйымдастырылған нарығында айналысқа түсетін басқа да активтері, келешектегі оқиғалар немесе жағдайлар, туынды қаржы құралдары;"; 52), 71), 81), 84) тармақшалары алып тасталсын; 85) тармақша мынадай мазмұнда жазылсын: "85) хеджирлеу - бағаның қолайсыз өзгеруі нәтижесінде немесе хеджирлеу объектісінің өзге көрсеткіштерінен туындайтын болуы мүмкін зияндарды өтеу мақсатында жасалатын туынды қаржы құралдары бар операциялар. Бұл ретте хеджирлеу объектісінде активтер және (немесе) міндеттемелер, сондай-ақ аталған активтермен және (немесе) міндеттемелермен немесе күтілетін мәмілемен байланысты ақша қаражатының ағымдары танылады;". 27. "Инвестициялық қорлар туралы" 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің жаршысы, 2004 ж., N 16, 90-құжат; 2006 ж., N 16, 103-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 4, 170-құжат): 1) 39-баптың 1-тармағының 6) тармақшасында "туынды бағалы қағаздармен" деген сөздерден кейін "және туынды қаржы құралдармен" деген сөздермен толықтырылсын; 2) 41-баптың 1-тармағының бірінші бөлігінің 12) тармақшасы "туынды бағалы қағаздармен" деген сөздерден кейін "және туынды қаржы құралдармен" деген сөздермен толықтырылсын. 28. "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің жаршысы, 2005 ж., N 11, 38-құжат; 2007 ж., N 3, 20-құжат): 1) 1-баптың 1) және 13) тармақшалары алып тасталсын; 2) 12-баптың 6-тармағында "құқық қорғау органдарымен" деген сөздерден кейін "оның ішінде ақпаратпен өзара алмасу жолымен" деген сөздермен толықтырылсын. 29. "Жеке кәсіпкерлік туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы N 124 Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің жаршысы, 2006 ж., N 3, 21-құжат; N 16, 99-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 3, 18-құжат; N 3, 20-құжат; N 17, 136-құжат; N 23, 141-құжат; 2008 жылғы 23 шілдеде "Егемен Қазақстан" және 2008 жылғы 24 шілдеде "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2008 жылғы 26 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2008 жылғы 15 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы;): 1) 1-бап мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын: "16) дара кәсіпкердің тұрған жері - қызметті басымды жүзеге асыру орны немесе пошталық мекенжайы толық жазылған дара кәсіпкердің мемлекеттік тіркелуі туралы куәлікте көрсетілген дара кәсіпкердің тұрақты тұрғылықты жері."; 2) 27-бапта: 1-тармақтың екінші бөлігіндегі "оның тұрғылықты" деген сөздер "дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелу кезінде көрсеткен орналасқан" деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақтың бірінші бөлігінде: 2) тармақша "дара кәсіпкерлер" деген сөздерден кейін "оның ішінде, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлға болып табылатындар" деген сөздермен толықтырылсын; 2) тармақшада "Қазақстан Республикасының" деген сөздердің алдынан "Осы баптың 2-1-тармағында көрсетілген тұлғаларды, сондай-ақ" деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын: "2-1. Жалдамалы қызметкерлердің еңбегін тұрақты негізде пайдаланбайтын резидент те, резидент емес те жеке тұлғалар" Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген төмендегі табыстарды алу кезінде дара кәсіпкер ретінде тіркелмеуге құқылы: 1) төлем көзінен алынатын; 2) мүлік табыстарын; 3) өзге де табыстар."; 3-тармақтың бірінші бөлігіндегі "Егер өтініште өзгеше мерзім көзделмесе, дара" деген сөздер "Дара" деген сөзбен ауыстырылсын; 4-тармақта: бірінші бөлік мынадай мазмұндағы 3), 4) және 5) тармақшалармен толықтырылсын: "3) түпнұсқасы ұсыныла отырып жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін; 4) мөлшері 3,5 х 4,5 см сурет. Сурет құжатты рәсімдеу кезіндегі өтініш берушінің жасына сәйкес келуі, қатаң түрде ашық түсті бетте орындалуы қажет. Компьютерлік сканерлеу, моделдеу немесе көбейту әдісімен дайындалған бейнелерді пайдалануға жол берілмейді. 5) дара кәсіпкердің тұрғылықты жерін растайтын құжат. Азаматтарды тіркеу кітабы немесе жылжымайтын мүлікке жекеменшік немесе оны пайдалану құқығын растайтын құжат дара кәсіпкердің тұрғылықты жерін растайтын құжат болып табылады. Егер өтініш беруші кәмелет жасына толмаса жоғарыда аталған құжаттарға ата-анасының, асырап алушыларының немесе қамқоршыларының келісімі қоса беріледі, ал мұндай келісу болмаса кәмелет жасына толмағанды жариялау туралы сот шешімі толығымен әрекетке қабілетті. Егер дара кәсіпкер резидент емес болып табылса, онда жоғарыда аталған құжаттарға мынадай құжаттарды қоса беруге міндетті: резидент еместегі салық тіркелімінің немесе оған ұқсас тіркелімінің нөмірі болса салық тіркелімінің нөмірін көрсете отырып, азаматтығы бар елдегі салықтық тіркелімін растайтын құжат; резидент емес жеке тұлғаның болған жерін растайтын құжат."; үшінші бөліктегі "құжаттарды ұсынған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен" деген сөздер "егер осы бапта өзгеше көзделмесе, құжаттарды ұсынған күннен кейінгі үш жұмыс күнінен" деген сөздермен ауыстырылсын; 6-тармақта "тіркеу органына" деген сөздерден кейін "он жұмыс күнінің ішінде" деген сөздермен толықтырылсын; 9-тармақ алып тасталсын; 3) 28-бапта: 3-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын: "Қызметті ерікті түрде тарату үшін дара кәсіпкер тіркейтін органға кәсіпкерлік қызметті тоқтату туралы өтініш береді."; 4-тармақ мынадай мазмұндағы 4) және 5) тармақшалармен толықтырылсын: "4) оны қайтыс болды деп тану; 5) оны хабарсыз жоғалған деп тану."; 6-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын: "6. Дара кәсіпкердің қызметі оның өтініші немесе соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде тіркеуші органда дара кәсіпкер ретінде тіркелген есептен алып тастаған кезден бастап тоқтатылды деп есептеледі. Дара кәсіпкер ретінде тіркелген есептен алып тастау дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік тіркеуші органға тапсырғаннан және кәсіпкерлік қызметпен байланысты салық міндеттемелерін орындағаннан кейін жүргізіледі."; 4) 38-баптың 18-тармақта: тармақшада "салық" деген сөз алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 5-1) және 5-2) тармақшалармен толықтырылсын: "5-1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасын сақтау бойынша: салық төлеушінің қосылған құн салығы бойынша декларациясында көрсетілген талаптардың негізінде, қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығы мәселелері бойынша өткізілген тақырыптық тексерулер; қарсы тексерулер; заңды тұлғаны таратуға және дара кәсіпкердің, жекеменшік нотариустың, адвокаттың қызметін тоқтатуға байланысты, сондай-ақ салық төлеушінің өтініші негізінде қосылған құн салығы бойынша тіркелген есептен шығарған жағдайда жүзеге асырылатын құжаттамалық тексерулер жүргізу кезінде; 5-2) лицензиар лицензияның қолданысын тоқтатуы бойынша бұзушылықтарды жою мәселелері бойынша тақырыптық тексеру;". 30. "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі N 175 Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің жаршысы, 2006 ж., N 16, 96-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат): 1) 7-баптың 4-тармақшасы мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын: "республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлем ставкалары;"; 2) 10-бапта: 1-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын: "1-1) облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқару органдарының ұсынуы бойынша жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлем ставкалары белгіленеді;"; 2-тармақ мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын: "14) облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті өкілдік органдары жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлем ставкаларын бекітуге ұсынады."; 3) 22-баптың 6-тармағында "Заңда белгіленген тәртіппен" деген сөздерден кейін "мемлекеттік табиғи қаумалдары мен мемлекеттік қорық аймақтарын қоспағанда" деген сөздермен толықтырылсын"; 4) 38-баптың 1-тармағының 2) тармақшасының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "жанама орман пайдалануды өңдеу өнімдері". 31. "Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің жаршысы, 2007 ж., N 3, 19-құжат): 9-бапта: 3-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "3) жеке басын куәландыратын Қазақстан Республикасының құжаттары болмаған жағдайда, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін тіркеу куәлігі.". 4-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "4) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексінің) 197-бабы 4-тармағына сәйкес салық агенттері болып табылатын резидент емес заңды тұлғалар үшін - тіркеу куәлігі; Қазақстан Республикасында салық салу объектісін иеленген; Қазақстан Республикасында аккредиттелген шетел мемлекетінің дипломатиялық және оған теңестірілген өкілі болып табылатын; "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексінің) 191-бабы 8-тармағына сәйкес оның тұрақты мекемесі ретінде қаралатын қызметті тәуелді агент арқылы жүзеге асыратын;"; 6-тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "3) азаматтығы жоқ адамдар үшін азаматтығы жоқ адамның куәлігін немесе көші-қон полициясы органдарында тіркеу кезінде берілетін тіркеу куәлігін беру кезінде."; 8-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "4) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексінің) 197-бабы 4-тармағына сәйкес салық агенттері болып табылатын салық органдарында резидент емес заңды тұлғалар үшін энергетиканы және минералдық ресурстарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органнан мәліметтер алған кезде; Қазақстан Республикасында аккредиттелген шетел мемлекетінің дипломатиялық және оған теңестірілген өкілі болып табылатын, салық органдарында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінен куәлік алған кезде; "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексінің) 191-бабы 8-тармағына сәйкес оның тұрақты мекемесі ретінде қаралатын қызметті тәуелді агент арқылы жүзеге асыратын салық органында тәуелсіз агенттен мәлімет алған кезде."; 10-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "5) резидент-эмитенттің немесе мүлкі резидент емес заңды тұлға акцияларының, қатысу үлестерінің немесе активтерінің сатылған құнының 50 проценттен астамын құрайтын резидент заңды тұлғаның тіркелген орны бойынша "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексінің) 196-бабының 4-тармағына сәйкес салық агенті болып табылатын резидент еместер үшін;". 2-бап. Осы Заң 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті
|