Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 тамыздағы N 811 Қаулысы
"Қазақстан Республикасының Ўлттық қорынан 2007-2009 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: "Қазақстан Республикасының Ўлттық қорынан 2007-2009 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов Жоба Қазақстан Республикасының Заңы "Қазақстан Республикасының Ўлттық қорынан 2007-2009 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс енгізу туралы 1-бап. "Қазақстан Республикасының Ўлттық қорынан 2007-2009 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 25 қарашадағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., N 19-20, 120-құжат; 2008 ж., N 8-9, 29-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: 1-баптың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "2009 жыл - 843 100 000 мың теңге.". 2-бап. Осы Заң 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті
|